Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Консенсуалды келісім шарттар

1 Сұрақ. Сатып алу - сату шарты

Консенсуалды контрактылар дегеніміз – ол тараптарың келісімге жеткеннен бастап күшіне енетін шарттар, яғни тараптардың құқықтары мен міндеттері келісімге тиісті нысанда жеткеннен бастап пайда болады. Ежелгі Римде консенсуалды шарттарға сатып алу сату шарты, жалдау шарты, серіктестік шарты, тапсырма шарты және кепіл болушылық шартары жататын.

Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) екінші тарап (сатып алушының) меншігіне белгілі бір мүлікті (тауарды) беруге міндеттенеді, ал сатып алушы оны қабылдап алып, оның ақысын (белгілі бір ақшалай соманы) төлеуге міндеттенеді. Шарт тараптары – сатушы мен сатып алушы болады. Олардың орнында әрекет қабілеттілігіне қарай, кез келген тұлға болуы мүмкін. Шарттың объектісі ретінде азаматтық өрістіктен (айналымнан) алынбаған кез келген мүлік (тауар) және мүліктік құқық болады. Шарт консенсуалды, екі тарапты міндеттейтін және ақылы болады. Шарттың елеулі жағдайларына Рим мемлекетінде заты және тауардың бағасы жатқызылатын, ал қазіргі кезде елеулі жағдайларға тауардың атауы және саны жатады.

Шарт консенсуалды болғандықтан, тараптардың құқықтары мен міндеттері де олар қажетті нысанда келісімге келген уақытта пайда болады. Сатушының міндеттері: затты оның барлық саймандарымен тиісті сапасы мен санында, және үшінші тараптың талап етуінен босатылған түрде беру болып табылады. Шарт қазіргі уақытта бар тауарды беру жөнінде де және болашақта жасалғаннан немесе сатып алғаннан кейін болатын тауарды беру жөнінде де жасалуы мүмкін болатын (қазір мұндай шарттар фьючерстік контракт деп аталады). Сатушы таурдың кемшіліктері тұралы мәлімет беруге міндетті.

Сатып алушының міндеттері: тауарды қабылдап алу және ақысын төлеу болады. Бір тараптың құқықтары қарсы тараптын міндеттеріне сәйкес келеді. Мысалы, сатушының тауарды беру міндеті, сатып алушының тауарды тиісті сапа мен санында, барлық саймандарымен беруді талап ету құқығына сәйкес келеді, және т. б. Сатып алушының тауар ақысын төлеу міндеті сатушының тауардың ақысын толық және тиісті уақытта төлеуді талап ету құқығына сәйкес болады.

Сатушы мен сатып алушының жауапкершілігі, жалпы ереже бойынша, әр тарап өз міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда туындайды. Олардың жауапкершілігінің негізгі түрі: шығындарды өтеу және айып төлеу

Эвикция – ол ереже бойынша сатушы сатқан затын басқа тұлға сот арқылы заңды иеленуге сатып алушыдан тартып алса, онда сатушы сатып алушының мүддесін толық қорғауға тиісті.

2 Сұрақ. Жалдау шарты.

Ежелгі Римде жалдау шарты өз кезегінен үш түрге бөлінетін: заттарды (мүлікті) жалдау, жұмыстар жалдау (мердігерлік) және қызметтер жалдау. Қазіргі уақытта мердігерлік шарты және қызметтер көрсету шарттары дербес шарттар ретінде қарастырылады.

Мүлікті жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы үшін уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. Жалға алған мүлікті жалға алушы бекітілген жағдайда және тәртіппен пайдалануға міндетті болады. Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік жалға берушіге (меншік иесіне) сол қалпында қайтарылуы тиіс. Шарт ақылы, консенсуалды, мерзімді. Мүлікті жалдау шартының тараптары жалға беруші (арендаға беруші) және жалға алушы (арендаға алушы) деп аталады. Олар әрекет қабілеттілігінің көлеміне қарай, кез келген тұлғалар болуы мүмкін.

Мүлікті жалдау шартының объектісі - азаматтық өрістіктен (айналымнан) алынбаған жеке белгілерімен анықталған және тұтынылмайтын кез келген мүлік болуы мүмкін. Шарттың заты жөніндегі жағдайлар оның елеулі жағдайларының біріне жатады. Жалға алушының негізгі міндеттеріне: арендаға алынған мүлікті мақсатына қарай пайдалану (егер шартта өзгеше көзделмесе), оны ағымды жөндеуден өткізу, жалдау ақысын шартта көзделген нысан, мөлшерде және уақытында төлеп отыру және де жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін мүлікті сол қалпында қайтарып беру жатады. Мүлікті жалға берушінің міндеттері: жалға алушыға мүлікті барлық саймандарымен уақытша иеленуге және пайдалануға беру, оны мақсатымен пайдалануды қамтамасыз ету және күрделі жөндеу болады.

Мүлікті жалдау ақысы тараптардың келісімі бойынша төленуі мүмкін.

Шартты тоқтатуда мүліктің бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулары жөніндегі мәселелер әрқашан да ең даулы мәселелер болып танылады. Жалға алушының шартты жаңа мерзiмге жасасуға     артықшылықты құқығы бекітілген. Өз мiндетiн лайықты түрде атқарған жалға алушының шарт мерзiмi бiткеннен кейiн басқа тұлғалардың алдында мүлiк жалдау шартын жаңа мерзiмге жасау үшiн артықшылықты құқығы болады.

Егер мүлiк жалдау шартында өзгеше көзделмесе, мүлiк жалдау шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған қосымша жалдау шартын (қосалқы жалдау) тоқтатуға әкеп соғады.  Егер мүлiк жалдау шарты осы Кодексте көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп табылса, оған сәйкес жасалған қосымша жалдау шарты да жарамсыз болып табылады.   Егер жалға берушi тарапынан қарсылық болмаған жағдайда жалға алушы шарттың мерзiмi бiткен соң да мүлiктi пайдалана беретiн болса, шарт нақ сондай талаптармен белгiсiз мерзiмге қайта жаңартылған деп есептеледi.

Жұмыстарды жалдау міндеттемесі – ол мердігерлік шартынан туындайды.

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырысы бойнша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

Мердігерлік шартының нысанасы (пәні, заты) - ол жаңа бір объект (зат) жасау немесе бұрынғы объектіні неғұрлым өзгерту, жақсарту болып танылады. Шарттың тараптары мердігер мен тапсырысшы (тапсырушы) деп аталады. Мердігер өз саласының маманы болуы қажет. Мердігерлік тәуекел деген ұғымды да білу қажет. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердiгердiң тәуекелiмен орындалады. Яғни, мердігерге мүліктің абайсызда жойылуы немесе бүлінуі қауіпті, жумыс нәтижесіне жетпеу қауіпті, жұмыс сапасы үшін жауапкершілік ауыртпалықтары және т.б. жүктеледі. Шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы болады.

Тапсырысшының міндеті - мердігерге белгілі жұмыс жасау тұралы тапсырма беру, ол жұмыстың ақысын төлеу, ал мердігердің міндеті – тапсырманы тапсырушының нұсқаулары бойынша орындау, жұмыстың нәтижесін тапсыру.

Жалпы ереже бойынша жұмыстар мердігердің қарамағында орындалу керек, яғни, өзінің материалдарымен, күшімен және қаражатымен. Мердiгерлiк шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкi мерзiмi көрсетiледi. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерiнiң аяқталу мерзiмдерi (аралық мерзiмдерi) де көзделуi мүмкiн. 

Мердігерлік шарт бойынша орындалуға жататын жұмыстың бағасын тараптар келісіммен белгiлейдi.  Және де жұмыстың бағасы шамамен алынған немесе тұрақты болуы мүмкін.

Мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттарды немесе өзге де мүлiктi өңдеу үшiн тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. 

Тапсырысшы мердiгердiң қызметiне араласпай, кез келген уақытта жұмыстың барысы мен сапасын тексеруге құқылы.  Егер мердiгер шартты орындауға уақытылы кiрiспесе немесе жұмысты соншалықты баяу орындап, оны мерзiмiнде аяқтау көрiнеу мүмкiн болмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және шеккен залалдарын өтеудi талап етуге құқылы.  Егер жұмыстың орындалу барысында оның тиiстi дәрежеде орындалмайтыны анық болса, тапсырысшы мердiгерге кемшiлiктердi жою үшiн қисынды мерзiм белгiлеуге және мердiгер белгiленген мерзiмде ол талапты орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не жұмысты түзетудi мердiгердiң есебiнен үшiншi тұлғаға тапсыруға, сондай-ақ залалдарын өтеудi талап етуге құқылы. 

Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi. 

Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердің қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.

Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, оларды жоюды талап етуге құқылы.     Көрiнеу кемшiлiктер, жасырын кемшiлiктер.

Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне сай болуы тиiс. 

Қызмет жалдау шарты бойынша бір тарап – жалданушы, қызмет көрсетуші – екінші тарапқа – жалдаушыға – белгілі келісілген қызмет жасап беруге міндеттенетін, ал жалдаушы оның қызметін қабылдап, төлем ақысын төлеуге міндеттенетін. Қызмет көрсетуші қызмет әрекеттерін жеке өзі орындауға міндетті болатын. Бұл шарт белгілі мерзімге, немесе мерзімі белгіленбей жасалатын. Сыйақының мөлшері тараптардың келісімімен белгіленетін. Егер қызмет жалдаушының кінәсінен аяқталмаса, онда сыйақы төленуге қажет болатын. Жалдаушы қайтыс болған жағдайда сыйақыны оның мұрагерлері төлеуге міндеттенетін. Ал егер қызмет жалданушының (қызмет көрсетушінің) денсаулығына байланысты немесе өзге кінәлі себеппен жасалмаса, сыйақы төленбейтін.

Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан жғне соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген өкілмен жасалған мәмілелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер сенім білдірушіде пайда болады. Шарт нысаны ауызша және жазбаша да болуы мүмкін. Сенім білдірушінің міндеттері: сенім білдірілген өкілге тапсырма беру; тапсырманы орындауға қажетті құралдармен қамтамасыз ету; орындалғанды қабылдап алу; сенім білдірілген өкілдің шығындарын және шартта көзделген ақысын төлеу. Бұл шарт Ежелгі Римде ақысыз болып қалыптасқан. Бірақта ол ақылы да болуы мүмкін болатын.

Сенім білдірілген өкілдің міндеттері:

сенім білдірушінің нұскаулары бойынша тапсырманы орындау;

сенім білдірушінің талабы бойынша тапсырманың орындалуы жөнінде есеп беру;

сенім білдірушіге мәміле бойынша барлық алғандарын қайтарып беру;

орындағаны жөнінде есеп беру.

      Егер iстiң мән-жайы бойынша ол сенiм бiлдiрушiнiң мүдделерi үшiн қажет болса және сенiм бiлдiрiлген өкіл сенiм бiлдiрушiден алдын ала сұрай алмаса не өзiнiң сауалына дер кезiнде жауап алмаса, сенiм бiлдiрiлген өкiл сенiм бiлдiрушiнiң нұсқауларынан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген өкiл, хабарлау мүмкiн болысымен жол берiлген ауытқулар туралы сенiм бiлдiрушiнi хабардар етуге мiндеттi.

Сенiм бiлдiрушiнiң мiндеттері

Өкілге тапсырма және нұсқаулар беру. Сенiм бiлдiрушiнiң нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиiс

сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге; 

сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.

Сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.  

Кейбір жағдайларда сенім білдірілген өкілге өзіне берілген тапсырманы басқа тұлғаға орындауғы, немесе сенімді басқаға аыустыруға рұксат етіледі. Делькредере.

Егер біреудің мүддесі үшін жасалған әрекеттер оның тапсырысынсыз, яғни шартқа отырмастан (сенім білдірусіз) жасалған болса және кейінде оның осы әрекеттерін сол адамның өзі қолдаған болса, сонда ғана бұл әрекеттерге тапсырма шарты жөніндегі ережелер қолданылады да, онда сенім білдірілмеген өкіл шығындарын өтетіп алуға және сыйақы алуға құқылы болады.

Серіктестік шарты. Бұл шарттық қатынастардың ерекшелігі, онда «несие берүші - борышкер» сияқты қарама қайшылық жоқ. Шарт тараптары серіктестер деп аталады, олар бір түрлі және тең құқықтар мен міндеттерге ие болады. Яғни бірлескен қызмет міндеттемелері көп тарапты болады және белгіленген шаруашылық немесе өзге де мақсатқа жету үшін, бірлесіп қызмет ету мақсатында пайда болады.

Серіктестік шарты бойынша тараптар табыс табу мақсатында немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға міндеттенеді.

Шарттың тараптары әрекетке қабілетті азаматтар болуы мүмкін. Оған қатысушылар нақтылы шаруашылық мақсаттарға жету үшін өздерінің күштерін, мүліктерін біріктіріп, жұмыстар, қызметтер жасайды. Көздеген мақсатына жеткеннен кейін немесе серіктестердің шешімімен серіктестік өз қызметін тоқтатады.

Кепiл болушылық – бұл негізгі міндеттеменнің орындалуын қамтамасыз ететін келісім, яғни қосымша (акцессорлық) келісім.

Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.  Кепiл болушылық шартының негiзiнде кепiл болушылық пайда болады.

Кепiл болушылық тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Бұл міндеттеме стипуляция арқылы бекітілетін. Кепiл болушылық өзi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге тоқтатылады. Кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде де тоқтатылады.

Регресстік талап. Бұл кепіл болушы тұлғаны борышқор үшін оның міндетін орындап, содан кейін өзінің шығындарын өтеуді өзі кредитор ретінде борышқордан талап етуі.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Жалдау шартының түрлерін сипаттаңыз

Сатып алу-сату шартында тараптардың міндеттері мен құқықтарын атаңыз

Тапсырма шартындағы делькредере нені білдіреді?

Кепіл болушылықтың ерекшелігі неде?