Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

1 Такырып. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері

  1. Рим құқығының Ежелгі Рим мемлекетінің тарихи құрамына байланыстығы.

  2. Ius civile, ius gentium, ius praetorium, ius privatum.

  3. Рим құқығының рецепциясы және оның маңызы

1. Рим құқығының Ежелгі Рим мемлекетінің тарихи құрамына байланыстығы. Рим құқығының ұғымы және негізгі белгілері.

Ежелгі Рим мемлекеті алғашқыда бір ғана қаланың шеңберінде орналасқан мемлекет болып құралыпты. Ал империя кезеңінде Рим мемлекеті өте көлемді болып, Еуропа, Таяу Азия, Солтүстік Африка елдерін қосып алған. Алайда Рим заңгер ғалымдары сол мемлекеттің құқықтық тарихын жазып қалтырмапты. Тиісті мәліметтерді зерттеушілер әдебиет бастауларынан алған.

Солардың бірінші тобы – ежелгі жазушылардың шығармалары: Тит Ливий, Галикарнастық Дионисий, Плутарх, Полибий, Тацит, Цицерон, Гораций және т.б. Екінші топты әртүрлі жазбалары қалған тақтайшалар, колонналар, папирустар және т.б. құраған.

Рим құқығының тарихын нағыз ғылыми зерттеу тек XIX ғасырдан басталыпты. Бұл зерттеуде алғашқы жол салған неміс ғалымы Б.Г. Нибур болыпты. 1811-1812 жылы оның «Рим тарихы» атты бірінші кітабі шығыпты. Ал 1816 жылы Нибур Италияның Верона қаласындағы шіркеудің кітапханасында әйгілі Гайдың "Inslitutionеs" (Институциялар) толық шығармасын тауып алғанда, рим құқығы тарихы сан алуан жағынан сипаттама алды. Нибурдан кейін Рим құқығын зертеуге А. Швенглер, Т. Момзен, Э. Пайс, Эд. Мейер және басқа ғалымдар зор үлес қосты. Ресей ғалымдарынан өз үлестерін қосқан Покровский И.А., Новицкий И.Б., Черниловский З.М.

Рим құқығының қалыптасуы мен әрі қарай дамуын тұтастай алып қарағанда 3 дәуірге бөлуге болады:

1 дәуір – рим құқығының құрылуы мен дамуы. Ежелгі Рим мемлекетінің қалыптасуымен байланысты (антикалық мәдениетімен қоса) (б.э.д. VIIІ – б.э. V ғғ.)

ІІ дәуір – тарихи дәстүрге байланысты рим құқығының басқа елдермен тығыз байланыста дамуы: саяси жағынан, заң тәжірибесінен, ағарту ісі мен заң ғылымы жағынан (б.э.д. 509-27 жылдары);

Ш дәуір – империялық дәуір, ол өз кезегінен екі тарихи кезеңге бөліңеді: принципат (б.э.д. 27 ж. – б.э. 193 ж.) және доминат (б.э. 193-476 жылдары). Дәлірек айтқанда, бұл дәуір Рим империясының ақырына дейін созылды. Ол дәуірді Юстиниан императорының кезеңімен аяқталды деп санауға болады.

Мұндағы рим құқығының пайда болуы мен дамуын зерттеушілер екінші кезеңге байланыстырады. Бұл кезеңді кейде классикалық рим құқығы кезеңі деп те атайды.

“Рим құқығы” термині құл иеленушілік қауымда құрылған Ол Рим мемлекетінің, яғни антикалық Римнің құқығын білдіреді. Рим құқығының жүйесі сондай-ақ бұл мемлекеттің тарихи дамуы тұтастай алғанда көбінесе шет мемлекеттер құқығының тарихы курсында оқытылады.

Рим азаматтық құқығының оқыту пәні – мүліктік құқықтың маңызды институттары болып табылады (оған отбасылық қатынастар да жатады).

Рим құқығының негізгі институттарына мына төмендегілер кіреді: меншік құқығы; шарттар мен міндеттемелер; отбасылық құқықтық қатынастар; мұрагерлік мәселесі, сондай-ақ жеке құқықтарды талап арқылы қорғау мәселелері және тағы басқа маңызды мәселелер.

Рим құқығының пәні ретінде Ежелгі құлиеленушілік Рим мемлекетінде қалыптасқан құқықтық жүйе, оның қайнар-көздері, салалары, институттары сияқты элементтері қарастырылған. Яғни, Рим құқығы тайпалардың одағынан қала мемлекет болып құрылып империяның құлауына дейінгі кезеңдегі уақытта қандай қайнар көздерден бастау алады, қандай сала, институттардан тұрады және негізгі ережелерінің сипаты Рим құқығының зерттеу пәні болып табылады.

  1. Ius civile, ius gentium, ius praetorium, ius privatum.

Рим құқығы да басқа құқықтық жүйелер сияқты ішкі және сыртқы құрылымынан тұратын өзіндік жүйесіне ие. Рим құқығының жүйесі бір уақытта қалыптаспаған. Ежелгі Рим мемлекетінің әрбір даму кезеңі бұл процеске өз үлесін қосып отырған. Рим құқығының жүйесі ұзақ уақытқа созылған заңи тәжірибенің нәтижесі болғандықтан қазіргі құқықтық жүйелерде бар міндетті белгі – салалық оған тән емес. Басқа сөзбен айтқанда, Рим құқығы салаларға бөлінбейді. Ол келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

Жариялы құқық (jus publicium) - биліктік қатынастарды реттейтін, тараптар үшін міндетті нормалардан тұратын және жағдайлары жеке тұлғалардың келісімімен өзгертіле алмайтын Рим құқығының бөлігі.

Жеке құқық (jus privatum) – мүліктік қатынастарды реттейтін, тараптардың теңдігіне негізделетін және жағдайлары міндеттемелерге қатысушылардың келісімімен өзгертіле алатын Рим құқығының бөлігі.

Рим құқығында бұл екі бөліктің шекарасы нақты анықталмаған. Сол кездегі анықтамаға сай жариялы құқық Рим мемлекетінің жағдайын қарастырады, ал жеке құқық жеке тұлғалардың мүдделерін реттейді.

Ерте рим жеке құқығы квирит тайпаларының атымен квириттік деп аталды. Бұл жүйе кейіннен цивильдік құқық деп аталды және ол қатаң ұлттық сипатқа ие болды. Тар мағынадағы цивильдік құқық деп, заңдармен бекітілген жеке құқықтың тар ұлттық жүйесі танылды. Цивильдік құқықпен қатар преторлық құқық жүйесі қалыптасты. Құлиеленушілер таптардың- жер иеленушілер мен өңдеушілердің өсуі таптық қайшылықтардың өсуіне әкеліп соқты. Рим емес азаматтардың арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігі туды. Бұл арнайы лауазым иесі - претордың арнайы актіні қабылдауы арқылы жүзеге асырылды. Осы актілердің жиынтығы преторлық құқықты құрады.

Цивильдік құқық тек рим азаматтарына қолданылды. Кейіннен шаруашылық қатынастардың өркендеуіне байланысты басқа рим емес азаматтармен пайда болған қатынастарды құқықтық реттеу халық құқығы арқылы жүзеге асырылды және аталған құқық рим емес басқа барлық азаматтардың құқықтарын қорғады.

Бұл құқық жүйесі әртүрлі ұлттың өкілдері қатысқан халықаралық тауар айналымының қағидаларынан және жалпы нормалардан қалыптасты. Халық құқығының мазмұны әмбебап құқықтық жүйесінің - рим классикалық құқығының пайда болуына негіз болды. Бұл жүйенің тауар өндірісінің және тауар айналымының дамуына қосқан үлесі зор.

Рим жеке құқығы өзінің дамуында классикалыққа дейінгі кезеңнен, классикалық кезеңге және кейіннен абсолюттік монархия кезеңінен өтті. Бірінші кезеңде рим құқығы патриархальдық қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет етті. Классикалық кезеңде рим жеке құқығы тауар – ақша қатынастарын реттеуге қызмет етті. Абсолюттік монархия кезеңінде жеке құқық нормаларын кодификациялау және жүйелеу жүргізілді.

Юстиниан кодификациясы. Кодификация (сұрыптау) – қоғамдық қатынастардың айтарлықтай ауқымды саласын реттеуші және әдеттегі құқықтың белгілі бір саласын, қосалқы саласын құрайтын қолданыстағы күллі қалыпты материалды терең де жан-жақты талдау және қайта қарау негізінде жүзеге асырылатын белгіні айтады.

Нормативті материалдардың көбеюі және оның сан алуандығы Рим құқығын кодификациялауды қажет етті. Алғашқы ресми кодификация 5 ғ. бірінші жартысында император Феодосийдің тұсында жасалды. Нәтижесінде 16 кітаптан тұратын Феодосий кодексі пайда болды.

6 ғ. бірінші жартысында император Юстинианның тұсында жаңа кодификация жүргізілді. Негізгі мақсаты рим құқығын жаңа мемлекетке өтуіне сай жетілдіру болып табылған. Рим құқы ескірген нормалардан көптеген институттар пайда болып, өзгертіліп, толықтырылған.

Юстиниан жинағының негізгі бөлігін бірнеше комиссиядан құрылған беделді заңгерлер құрастырған (529-534 жж.). Осының нәтижесінде жарық көрген Юстиниан жинағы 4 ауқымды бөліктен тұрды, бірақ алғашқыда Юстиниан жарлығы 3 бөліктен тұрды:

Императордың конституцияларынан тұратын кодексі;

2. Римнің 39 заңгерінің шығармалар жинағы – дигестілер немесе грекше Пандекттер;

Рим құқығы бойынша оқулықтар – институциялар.

Кейін 4-ші бөлік болып Новеллалар қосылды. Новеллалар – Императордың конституцияларынан тұратын, 534-556 жылдары шыққан жаңа заңдар жинағы.

3. Рим құқығының рецепциясы және оның маңызы

Рим құқығына тек мемлекет әсері ғана емес, мәдениеттің де дамуы себебін тигізді. Мәдениет саласының қалыптасуы арқасында сауда саттықта қарқын алды, сол кездің өзінде-ақ құқықтық міндеттемелер сатып алушы мен сатушы, борышқор, шарт, міндеттемелер сияқты құқықтық элементтер көріне бастады.

Рим империясының құлауымен рим құқығы да өз әрекетін тоқтатты, алайда “қайта өрлеу” кезеңінде Европаның феодалды елдері Рим құқығының үлгілі өнегесін зер салып, оны құқық жүйелерінің негізіне айналдырды. Қазіргі кездегі романо-германдық құқықтық жүйесін ұстанатын елдердің құқықтық жүйелері Рим құқықғынан нәр алады. Бұл құбылысты құқықтанушы ғалымдар Рим құқығының рецепциясы деп атайды.

Осыдан екі мың жыл бұрын негізі қаланып дамыған ол әлі күнге дейін өзектігін жоғалтпай қазіргі құқықтық жүйелердегі институттар ретінде өмірін жалғастыруда. Ғалымдардың арасында мынандай қанатты сөз кең тараған: «Рим әлемді үш рет бағындырған. Бірінші рет – Римді әлемнің орталығына айналдырған мыңдаған легиондары арқылы, екінші рет – Римде іргесін көтеріп, кең дамыған христиан діні арқасында және сол уақыт үшін озық, әрі дамыған құқығымен әлемді үшінші рет бағындырды».

Өзінің мәні мен маңызына байланысты Рим құқығы қазіргі заңгерге өте керекті нәрсе болып тұр. Оны оқып түсіну заң тәжірибесінде де, дәл айтқанда заң шығару жұмысымен айналысушыларға да маңызды.