Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Деликттілік міндеттемелер.

1 Сұрақ. Деликттілік міндеттемелердің түсінігі.

Келісім шарттан емес, өзге негіздерден туындайтын міндеттемелер шарттан тыс міндеттемелер деп аталады. Мысалы, зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер немесе негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер. Бұл міндеттемелер тұлганың зиян келтірілген мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге бағытталады. Міндеттемелердің бұл тобының пайда болуына құқық бұзушылық негіз болады. Құқық бұзушылық латынша деликт деп аталады, сондықтан ол міндеттемелер деликттік міндеттемелер деп те аталады. Олар бұзылған қалыптағы құқықтық қатынастарды реттейді, сондықтан деликттік міндеттемелер жөніндегі нормалар императивтік түрде белгіленеді.

Ежелгі Римде жеке құқық бұзушылық - delictum privata, және қоғамдық құқық бұзушылық - crimen publicum - айырылатын. Жеке құқық бұзу негізінде зиян келтіруші айып төлеуге немесе тигізген залалдарын өтеуге тиісті болатын. Қазіргі кездегі қоғамдық тәртіп бұзушылықтар да (ұрлық, тонау) ежелгі уақытта жеке деликтілерге жататын.

Деликттілік міндетемелер ежелгі міндеттемелердің ең алғашқысы болып келеді. Бұрынғы заманнан адамдар біреу келтірген зиянды кек алу әдісімен орнын толтыратын. Мемлекет құрылғаннан кейін адамдарға өздері жазалауға жол берілмейтін болды.

Келтірген зиян үшін жаупты болу үшін келесі үш белгі қажет болды:

бір тұлғаның екінші тұлғаға құқық бұзушылық әрекеттің негізінде келтірген зияны, нұқсан

тұлғаның кінәлілігі

жасалған әрекеттің заң бойынша деликт деп табылатыны

Отағасының балалары және құлдары тигізген зиян үшін отағасы жауапты болатын – ноксальдық жауапкершілік.

2 Сұрақ. Жеке деликттердің түрлері

Цивильдік құқық бойынша деликттер. Жеке деликттердің түрлері: инюрия – жеке басына зиян келтіру, фуртум - ұрлау, біреудің мүлкін заңсыз бүліндіру немесе жою

Аквиллий заңы: Дamnum corpore corpori datum – денемен денеге тигізген зиян ғана өтеуге жататын. Одан кейін – тек денемен ғана емес.

Преторлыұ құқық бойынша деликттер. Квириттердің заңдарында көзделмеген, бірақта қоғамда орын алған келесі құқықбұзушылық әрекеттер претор арқылы қорғалатын. Rapina – тонау; Metus – қорқыту; Dolus – алдау.

Қажеттi қорғану жағдайында келтiрiлген зиян, егер бұл ретте оның шегiнен асып кетпесе, өтеуге жатпайды. 

Аса қажеттi жағдайда, яғни зиян келтiрушiнiң өзiне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауіпті жою үшiн келтiрiлген зиян, егер бұл қауiптi осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса, оны зиян келтiрген тұлға өтеуге тиiс. Мұндай зиян келтiрiлген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу мiндетiн зиян келтiрушi мүддесiне iс-әрекет жасаған үшiншi бiр тұлғаға немесе үлестiк тәртiппен осы үшiншi тұлға мен зиян келтiрушiге жүктеуi, сондай-ақ осы үшiншi тұлғаны да, зиян келтiрушiнi де зиянды өтеуден толық немесе iшiнара босатуы мүмкiн. 

Бiрлесiп зиян келтiрген тұлғалар жәбiрленушiнiң алдында ортақтасып жауап бередi. Сот жәбiрленушiнiң арызы бойынша және оның мүдделерi үшiн бiрлесiп зиян келтiрген тұлғаларға үлестiк жауаптылық жүктеуге құқылы. 

Зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот iстiң мән-жайына сәйкес зиян үшiн жауапты адамды келтiрген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтеуге (тегi мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлiнген затты жөндеуге және т.б.) мiндеттейдi.