Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рим пр каз.doc
Скачиваний:
812
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
10.55 Mб
Скачать

Вербалдық (ауызша) контрактылар

Вербалдық контрактылар римдіктердің ежелгі шарттарының бірі болып келеді. Ол ауызша келісім болғанымен, арнаулы сөздермен бекітілген жағдайда құқықтық күшіне енетін. Ежелгі уақытта барлық адамдар жазу білмеген, сондықтан ауызша келісімдер кең тараған. Ежелгі заманнан ауызша контрактылар тұлғалардың еріктерін айқын нысанда белгілеу қажет болатын. Сондықтан манципация әжісімен жасалатын нексум деп аталатын ауызша келісім шарт елдің алдында форумда жасалып, алғашқы вербалды шарттардың бірі болып танылады. Бірақ нексум шарты жасау күрделі әдет-ғұрып сақтау жолымен жасауды талап ететін, ол көпке дейін сақтала алмайтын болды, себебі адамзаттың мәдени деңгейі жоғары көтерілүіне (дамуына) сай мәмілелерді жасау тәртібін жеңілдету қажет болды

Келесі ауызша мәмілелердің бірі стипуляция деп аталды. Вербалдық контрактылардың негізгі түрі болып стипуляция аталады. Ол сұрақ қою нысанымен және сол сұраққа тұра сол сөздерді пайдаланып жауап беруден тұратын келісім болыпты. Мысалы: «200 төлеуге уәде бересің бе?» Жауап: «200 төлеуге уәде беремін». Егерде екінші тараптың жауабы: «100 беремін», не болмаса: «білмеймін» деген болса, онда шарт (стипуляция) жасалмады деп саналатын. Стипуляция реалды және абстрактілі мәмілелерге жатады.

Стипуляция тек біржақты міндеттемені туындатты, яғни бір тараптың тек құқығы, ал екінші тараптың міндеті болды. Стипуляция кезінде несие беруші борышқордан тек қарыз сомасын талап ете алатын және пайыз не шығынды талап ете алмайтын. Рим жеке құқығының қайнар көздерінде стипуляция кей жағдайда stips - монета, от stipulum - аяқ, stipulus – мықты деген сөздерді білдіретін. Стипуляция – абстрактілі шарт, яғни негізі анық емес. Стипуляция негізге байланысты емес, керісінше бекітілген форманы сақтағанына байланысты.

Кейін стипуляцияның нысаны мұндай формалды түрде сақталмады, келісімге өзге сөздерді де қолданып жасауға болды, және тек қана латын тілінде емес, өзге тілдерде де айтылатын болды.

Республиканың аяққы шеңінде стипуляция ауызшадан жазбаша келісімге айналды. Ол тұралы ежелгі Рим заңгері Павелдің жазбаша сілтемелері қалыпты. Стипуляция бойынша бір тарапта міндет туындайтын, ал екінші тарапта – ол міндетке сәйкес құқық пайда болатын. Сот борышкердің міндеттемесіне еш өзгерістер енгізе алмайтын. Стипуляция нысанында қандай да болса қарыз, төлемдерді бекіту мүмкіншілік берілетін, яғни, нақты түрде не үшін төлем төленетінін ешкім анықтамайтын. Бұл абстрактілік мәміле деп аталады.

Стипуляцияны бұрынғы міндеттемені басқа міндеттемеге ауыстыру үшін де (новация) қолданатын. Стипуляциялық шарт борышқордың өз міндетін мүлтіксіз орындауды талап ететін.

Стипуляциядан басқа вербалдық шарттарға еркіндікке жіберілген құлдың өз иесіне келешекте қызмет ету тұралы берген үәдесі, және некеге қиюға дайындалудағы әйелдерге (қалыңдыққа) мүлік беру тұралы әкесінің не болмаса өзге төркіндерінің уәде берулері жататын. Аталған әрекеттер көпшілік алдында ант беру ретінде де жасалатын.

Литералдық контрактілер. Хирографалар және синографалар.

Бұл келісім шарттар тек қана жазбаша нысанда жасалуды талап ететін (литера - әріп). Республика кезеңінің аяғында алғашқы жазбаша мәліметтер саудагерлердің кіріс-шығыс кітаптарында көрсетіліпті. Олар қарызды дәлелдеу ретінде басталып, одан кейін қарыздың сомасын екі тарап та өз кітаптарына енгізетін болыпты. Мұндай жазбаша нысан Ш ғасырға дейін сақталыпты. Ш ғасырдан бастап шарттың жазбаша нысаны ретінде синографа және хирографа қолданған. («Хиро» - қол, «графо - жазу».) Синографа куәлардың қатысуымен жазылып, борышкердің қолы қойлатын. Бұл шарттың мазмұны үшінші тараптың атынан жазылатын: «Тиций Октавианға 100 сестерция қарыз» деп. Ал хирографаның (қолхат) мазмұны борышкердің өз атынан жазылатын: «Мен, Тиций, Октавианға 100 сестерция қарызбын» деп. Куәлар қажет болмады. Қазіргі заманда да осы екі жазбаша нысандар қолданады. Мысалы, қолхаттар және екі тарап қосыла келісіп жазылған келісім шарттар. Ежелгі Рим мемлекетінде жазбаша мәмілелерді нотариустар да растайтын. «Нотариус» деген сөз сол ежелгі латын тілінен келген сөз. «Notto, notae» деген сөздер «жазбаша белгі, әріп» деген ұғымдарды танытады. Алғашқыда нотариустар деп тек жай қағазға жазбаша құжаттар жасай алатын адамдарды атапты, ал кейін нотариустар деп тек арнайы құқықтық маңызы бар құжаттарды жасай алатын адамдар аталған.

Тақырып бойынша сұрақтар:

Жалдау, қызмет көрсету, мердігерлік шарттарының ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Вербальды контрактілердің кемшіліктерін көрсетіңіз?

Литтералды контрактілерді бекіту міндетті кімге жүктелді және қай жерде?

Атаусыз контрактілерді атаңыз және сипаттаңыз. Олар неге мұндай атауға ие болды?

Стипуляция қалай жасалады?

25-ке толмаған тұлғалардың жасаған мәмілелерінің ерекшеліктері неде?