
- •20 .Теріні күту және ойылған жеріне ем жасау
- •21-Сурак Гипергидратация және оның физиологиялық мәні, жою шаралары
- •22-Тері түрлері
- •24-Ауыз қуысының күтімі
- •25-Сурак Киім, аяқ киім гигиенасы
- •29-Сурак Экология және денсаулық
- •91. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі
- •91. Теория аэробики Купера/Значение величины нагрузки
- •89.Имандылық
- •90. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •92. Иванов Қарғаш
- •93. «Кодекс здоровья» л.З. Тель
- •95. Массаждың адам ағзасына тигізер оң әсері мол
- •96. Алдын алу
- •42.Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау әдістері
- •45. Сүйек-бұлшықет жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау әдістері
- •41.Жүрек-қантамыр жүйесі жағдайын бағалау әдістері
- •66.Ас қорыту жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
- •78. Жыныстық мәдениет, жыныстық мінез-құлық
- •1. Денсаулық, қалыптылық, ауру, (ауру алды) үшіншілік жағдайы түсініктерінің анықтамасы
- •5 Жеке адам денсаулығының анықтамасы
- •7. Денсаулықтың жастық және жыныстық ерекшеліктері және оның диагностикасы
- •30.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі
- •31. Биоырғақтар түсінігінің анықтамасы. Биоырғақ түрлері, олардың физиологиялық мәні. Хронобиология
- •32. Жұмысқа қабілеттілік түрлері
- •33. Десинхроноз туралы түсінік
- •34. Демалысты ұйымдастырудың физиологиялық негіздері мен студенттер еңбегін ғылыми ұйымдастыру
- •87. Психикалық денсаулық. Психикалық денсаулықтың өзара байланысы
- •80. Жыныстық жолмен берілетін аурулар
- •1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).
- •2.Физикалық факторлар
- •3.Химиялық факторлар – органикалық және неорганикалық қосындылар
- •5.Әлеуметтік факторлар
- •• Өмipсүру сапасын жақсарту үшiн. Отбасын құрудың құқықтық тәртібі
- •74. Репродуктивті жүйенің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері
- •76. Зәр шығару жүйесі ауруларының тәуекел факторлары
- •39. Донозологиялық диагностика. Донозологиялық диагностика әдістері
- •41. Жүрек-қантамыр жүйесі жағдайын бағалау әдістері методы функциональной диагностики сердечно-сосудистой системы
- •42.Тыныс алу жүйесі н жағдайын бағалау әдістері Функциональная оценка органов дыхания
- •44. Жүйке-эндрокриндік жүйесінің функционалдық жағдайын бағалау әдістері
- •38. Биологиялық жас
- •53. Массаждың түрлері
- •47.Жылу реттеу процестері: жылу өндіру, жылу беру, машықтық жылу реттеу, гипо- гипертермия жағдайындағы жылу реттеу
- •50. Ауамен, сумен, күнмен, жалаң аяқ жүрумен, моншаға түсумен шынығу түрлері .
- •54. Фитонцидтар туралы түсінік
- •55. Фитоем тәсілдері. Ән және өнер арқылы емдеу
- •Оздоровительное значение физических упражнений
- •Образовательная роль физических упражнений
- •Влияние физических упражнений на личность
- •Техника физических упражнений
- •Пространственные характеристики физических упражнений
- •Временные характеристики физических упражнений
- •Динамические характеристики физических упражнений
- •Критерии оценки эффективности техники
- •61.Дене шынықтыру жаттығуларының ағзаға әсері
- •62. Жедел жүргізілген, жалпылама, кумулятивті жаттығулардың тиімділігі туралы түсінік Ближайший (следовой) и кумулятивный эффекты упражнений
- •63.Өтпелі бейімделуді дамытудағы дене шынықтыру белсенділігінің рөлі.
- •1.3.2. Обеспечение устойчивости к физической и умственной нагрузке
- •1.4. Совершенствование обмена веществ под воздействием
- •1.5. Воздействие физической тренировки на кровь, кровеносную
- •1.6. Воздействие физической тренировки на сердце
- •1.7. Значение и функциональные возможности дыхания
- •1.8. Двигательная активность в повышении функций
- •65.Дәрігерлік бақылау және өзін-өзі бақылау
- •5. Самоконтроль
- •66. Ас қорыту жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
- •67. Асқорыту жүйесі ауруларының тәуекел факторлары
- •68. Ас қорыту жүйесінің қорғаныш-бейімделушілік және компенсаторлық механизмдері. Механизм формирования компенсаций
- •69.Сауықтыру құралдары.
- •Ionoson-Expert
- •Ionoson-if-Expert
- •70. Принципы раздельного питания (Шелдон теориясы)
- •71.Дұрыс тамақтану стратегиясы.Ұтымды тамақтану қағидаттары.
- •72.Сауықтыру мақсатындағы ашығу негіздері.
- •67. Асқорыту жүйесі ауруларының тәуекел факторлары
- •2015 Жылға дейін денсаулық сақтау саласында негізгі басымдық медицинаның профилактикалық және әлеуметтік бағдарды күшейту болады.
- •3.Үшіншілік проф-әлеуметтік,еңбектік,психологиялық,медициналық
- •3 Бөлім. Жұмыс беруші сәйкес темекі тартуға арнайы жер бөлуі тиіс
- •159 Бап: “Темекі өнімдерін сату жасы 18-ге толмағандарға сатылмайды” деген ескертпе жазу мен өкілетті орган бекіткен темекі тартудың зияны туралы ескерту ілініп тұруы қажеттігін міндеттейді.
74. Репродуктивті жүйенің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері
РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ (reproductive health) – репродуктивті жүйе, оның қызметі және онда болып жатқан үрдістерге қатысты толық физикалық және әлеуметтік саулық. Олар: әйелдің және еркектің
Әйелдердің Репродуктивті денсаулығы негізінен экстрогенетальды аурулардың бар жоқтығымен анықталатын жалпы денсаулық жағдайына тәуелді болады. Оларға жүрек, қан тамыр жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер т.б аурулар жатады. Соматикалық денсаулық жағдайы жүктілік барысына және оның нәтижесіне әсер етеді. Ал жүктілік өз кезегінде экстрогенетальды ауруларды асқындырады.
Әйел адамдар денсаулығы ана құрсағындағы кезеңнен бастап , нәресте, жасөспірім кезеңіндегі денсаулық жағдайына тәуелді болады. Статистика бойынша дүниеге келген сәбилердің 6 пайызы ғана дені сау болып туылады. Репродуктивті жасқа келгенше қыз балаларда бірнеше аурулар болуы мүмкін. Болашақ ұрпақ денсаулығын жобалау үшін жүкті әйел денсаулығының жағдайын, жүктілік барысын талдау қажет.
Жүктілікке дейінгі денсаулық жағдайымен жүктілік кезіндегі асқынулар босану кезеңіндегі асқынулардың пайда болуына әсер етіп, оперативті шаралар қолданылуына мәжбүр етеді.
Статистика бойынша қалыпты босану тек 31 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету жағдайлары жиілеп кетті. Сонымен қатар әйел денсаулығына көрсетілетін мед. көмек сапасы , мед.мекемелердің дәрі дәрмекпен, қан препараттарымен, құрал жабдықтармен қамтылуы едәуір әсер етеді. Сонғы кезде жыныстық жолмен берілетін аурулармен босануға дейінгі кезеңде санитарлы -гигиеналық нормаларды сақтамаудың нәтижесінде босанғаннан кейінгі септикалық асқынулар жиілеп кетті.
Еркектердің репродуктивті денсаулығы 2 функцияға тәуелді. Ол спермогенез (сперматозойдтардың түзілуі) және жыныстық потенция (эрекцияның болуы). Бұл екі функция жеке бұзылуы мүмкін немесе бірдей бұзылуы мүмкін.
Еркектердің репродуктивті потенциялының төмендеуіне ЖЖБА болуы, несеп жыныс жүйесінде жұқпалы аурулардың болуы әсер етеді. Сонымен қатар физикалық белсенділіктің төмендеуі, пассивті демалу, стресстік жағдайлар, созылмалы шаршау, эякулят сапасына кері әсер етеді. Жыныс мүшелеріне жылудың ұзақ әсер етуінен варикацелия пайда болады. Ата бездің физикалық, механикалық, моральдық зақымдануы спермогенездің бұзылуына, бедеулікке алып келуі мүмкін.
Сперма сапасы ішімдікпен темекі тарту салдарынан да төмендейді. Аз мөлшердегі ішімдік қан айналымын жақсартып, пайдалы болуы мүмкін, ал көп мөлшерде ағзаны уландырып, болашақ ұрпақ денсаулығына кері әсер етеді.
Шаршағыштық, стресстер, ұйқының бұзылуы сперма түзілуін азайтып, ұрықтану мүмкіндігін төмендедіп, уақытша бедеулікке әкелуі мүмкін.
Жоғарғы лөрсетілген факторлпрдың барлығ еркектердің репродуктивті денсаулығына қауіпті, сперманың ұрықтануға қабілетін төмендетіп, бедеулік қауіпін жоғарылатады. Кей кездерде бұл өзгерістер қатымсыз болуы мүмкін.
73. Тағамдық қоспалар, азық-түлік. Олардың денсаулық сақтаудағы рөлі.
Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы (инсульт және толып кету) (семіру) дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден неше түрлі ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.
1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарылқ қасиетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.
2. Теңестірілген тағамдардың ролі.
3. Тағам мөлшерінде (рационында, қалаулы өнімдерде қант,
ас түзы және «майлар өте аз болуы керек. 4 мектепте болсын, жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы оқуға дем
беретін тағамдар ішу керек.
4. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне, профессияға, істейтін жү-мыстың категорияларына қарай сөйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.
Салауатты тамақтану - халық денсаулығын , балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін , физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын , жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын , алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды , ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.
Біздің ағзамызға тағаммен бірге көп мөлшерде мынадай заттектер түсіп отыру қажет: белок, май, көмірсу, дәрумендер, микроэлементтер, минералды заттектер. Ол өз кезегінде ағзамыздағы тіндер мен жасушалардың үнемі жаңарып, дамуын қамтамасыз етеді және де энергия көзі болып табылады. Адамның тұтынатын тамағы, яғни ішетін асы оның жұмсайтын энергиясымен сәйкесу керек.
Дұрыс тамақтанудың негізгі ұсыныстары
1. Бір ғана азық-түлік ағзаның қажеттілігін өтей алмайды, сондықтан да тағамның әртүрлілігі өте маңызды. Тамақ әр түрлі болуы үшін азық-түліктің түрін көбейтіп қана қоймай, сондай- ақ олардан түрліше тағамдар дайындау қажет;
2. Бір рет қабылдаған ас мөлшері 300-500 гр жеткілікті, ал бір күндік тағамның калориясы 1600-1800 ккал-ны құрауы керек ( ал ауыр жұмыс істейтіндер үшін 2400-2800 ккал);
3. Міндетті түрде тағам рационынан тез дайындалатын тағамдарды (фаст-фуд) , қойытылған сүт (сгущенка), қант, шұжық, және т.б әртүрлі қытырлақтарды алып тастау керек;
4. Көкөністер мен жемістерді тәулігіне бірнеше рет тұтыну керек (400 гр-нан көп) . Көкөністер мен жемістер –антиоксиданттардың , фолий қышқылының , темір, дәрумен және минералды заттектердің көзі және де жоғарғы қан қысымының, атеросклероз және т.б жүрек- қан тамыр ауруларының даму қауіпін төмендетеді;
5. Орта есеппен күнделікті 1,5-2 литр таза, фильтрленген , газдалмаған су ішу ұсынылады. Судың жеткіліксіздігінен қан тамырларында өзгерістер болады, олар тарылады да артериялық қысымның жоғарылауына әкеледі. Ал егер су жеткілікті мөлшерде түссе, онда қан тамырлары кеңейіп, қысым орнына келеді және де ағзаны жасартады. Сырттай бұл әжімдердің тегістелуімен және тері серпімділігінің жақсаруымен көрінеді. Бірақ бұдан да маңыздысы, суды қабылдау арқылы , ми қызметінің , ақыл-ой мен есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етеді. Сондықтан, судың тапшылығы бас миының белсенділігін төмендетеді.
6. Майлылығы аз сүт өнімдерін күнделікті қолдану керек (кефир, ірімшік, сүзбе, йогурт және т.б). Сүт өнімдері сүйектер мен тістерді нығайту үшін кальцийдің негізгі көзі болып табылады;
7. Майлы еттерді майсыз еттерге алмастыру . Балықты аптасына 2 рет қолдану керек. Балық құрамында жүрек-қан трамыр жүйесіне пайдалы қанықпаған май қышқылдары және дәрумендер бар. Сондай-ақ белоктың көзі ретінде ас бұршақтарын қолдану;
8. Нан, консервіленген және басқа да азық-түліктер құрамындағы тұзды қоса есептегенде тәулігіне тұздың мөлшері 6 гр-дан аспауы керек. Консервілер, тұзды, тұзға кептірілген азық-түліктерді күн сайын қолдануға болмайды. Тағамдарды аз тұздау керек және йодталған тұзды қолдану қажет;
9. Жеңіл сіңетін көмірсулардың(қант, бал, тосап, конфенттер және басқа да тәттілер) мөлшері күнделікті қолданатын калорияның 10 % аспауы керек.
Тағам құрамындағы заттектердің жеткіліксіздігі және дұрыс тамақтанбау алиментарлық аурулардың өсуіне (жүрек-қан тамыр аурулары (атеросклероз, миокард инфаркті, инсульт), қант диабеті, рак , семіздік , остеопороз , теміртапшылықты анемия және йод тапшылығы және де т.б аурулар ) және де балалардың физикалық және ойлау қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Артық тамақтану, не аз ас ішу, жалпы дұрыс тамақтанбау - қоғамдағы аурулардың 60 пайызының негізгі себебі болып табылады.
Тамақтану режимін сақтау өте маңызды.
Тамақтану режимі мыналарды қамтиды: тамақты қабылдау мезгілдігі, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс. Күнделікті төрт реттік тамақтану керек, оның екеуі міндетті түрде ыстық ас болуы қажет. Тамақты күн сайын белгілі бір сағаттарда ішу маңызды. Бұл жағдайда ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады, тамақты жақсы қорытуға жағдай жасалады. Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспауы керек . Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тәуліктік рационды бөлу күн тәртібіне және әдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тәртіппен бөлу анағұрлым тиімді: таңертеңгі асқа 25%, түскі ас 35%,сәскелік ас 15%, кешкі ас 25%. Ақырғы тамақ қабылдау уақыты ұйқыға дейін 3 сағат бұрын болуы тиіс.
Осы табиғаттың игілігін күн сайын пайдаланатын болайық және өзімізді керемет көңіл-күймен , сымбатты дене бітімімен және де келешекте ауыр сырқаттардан сақтауды қамтамасыз етейік. Дұрыс тамақтаныңдар және салауатты өмір сүріңіздер!