Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

Мамандық 5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі)

Пән Inf 1102 Информатика

код және пән атауы

Білім деңгейі жоғары білім (бакалавриат)

оқу жоспарына сәйкес

Оқу формасы жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

Оқу жылы 2015-2016 ж.ж.

Оқу ісі жөніндегі проректор

б.ғ.д., профессор С.А.Айпеисова

“___”____________2015 ж.

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі

Проректор, п.ғ.д.,профессор _________ Т.Ә. Ботагариев

«___»____________ 2015 ж.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Шетел тілдері

«Информатика және есептеуіш техника» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Информатика оқу пәні ( 3 кредит )

5В0119005В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5В020700-Аударма ісі, 5В021000- Шетел филологиясы

1 курс

Оқытушы:Утесова Г.И.

Ильясова Т.Ж.

Шаукенбаева А.К.

2015 -2016 оқу жылы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән Информатика ( 3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны

ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны

Оқытушының аты-жөні

Байланыс, тел,

email

мамандықтары үшін

Дүйсенбі 10.30-12.40

Сәрсенбі 1030-1230

жұма 8.30-12.40

Утесова Г.И.

Аман К.П.

Ильясова Т.Ж.

Шаукенбаева А.К.

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Бұл пән – 5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5В020700 Аударма ісі, 5В021000- Шетел филологиясы мамандықтары үшін жалпы білімдік пән міндетті компонент болып табылады. Курс студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игертуге; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарыны мен жағдайларын игертуге бағытталған.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтері; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсініктер беру; студенттерге алгоритмдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс: ақпаратты өңдеудің, жинаудың және сақтаудың компьютерлік әдістерін білу;

  • ЭЕМ архитектурасы білу;

  • жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктері және оның даму перспективасын білу;

  • алгоритмдеу және программалау негізін білу;

Біліктілігі болуы:

  • Windows операциялық жүйесінің стандартты программаларымен;

  • қолданбалы программалармен жұмыс жасай білуі;

  • программалау тілінде есептер шығара білуі;

  • компьютерлік желілер және ақпаратты қорғау мүмкіндіктерін білу.

Дағдысының болуы:

  • компьютерде Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасау;

  • MS Office ортасында жұмыс жасау;

  • жадыға текстерді құруды, форматтауды, сақтауды ұйымдастыру және Microsoft Word текстік редакторының көмегімен оларды баспаға шығару;

  • Microsoft Access МҚБЖ-де және Microsoft Excel электронды кестесінде негізгі амалдарды орындау;

  • қолданушының алдына қойылған кез-келген нақты есептерді орындау кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;

  • алгоритмді және оның негізінде есептің программасын құру.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: пәндерді оқыту орта мектептегі «Информатика», «Математика» және «Физика» негіздері бойынша алынған білімге негізделеді.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: «Информатика» курсынан алған білімдері криминалистика, пәнін үйренуде, курстық және дипломдық жұмыс жазу барысында қолданылады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау:осы курстың барысында бағалау стратегиясыретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үйтапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері,алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмаларжәне т.с.с.),ауызша сұрау,тесттік тапсырмалар,зерттеу жұмыстары (жоба,курстық, презентациялар), мәнжазба,эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№

р/с

Модульдың атауы

Лекция

(сағ)

Практикалық сабақ (сағ)

Лабора. саб.(сағ)

СӨЖ

МӨЖ(сағ)

1

Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.

7

18

4

46

2

Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.

8

7

1

44

Барлығы:

15

25

5

90

Апта

Дәріс тақырыптары

сағаты

Модуль 1. Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.

1

Кіріспе. Информатиканың негізгі түсініктері. Информатика ғылым және техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері. Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар.

1

2

Дискретті математиканың негізі. Функция, қатынас және жиын. Логика негізі, логикалық ойларды айту, логикалық байланыстар, ақиқаттылық кестелері. Графтар және ағаштар: ағаштар, бағытталмаған графтар, бағытталған графтар.

1

3

ЭВМ-нің архитектурасының негізгі түсініктері. Компьютер архитектурасың тарихы және оған шолу. Компьютердің логикалық элементтері; логикалық вентилдер, триггерлер, санауыштар, регистрлер. Мәліметтің компьютер жадында бейнеленуі: биттер, байттар, сөздер; сандық мәліметтің бейнеленуі, сандық жүйелер; таңбалы бейнелеу және қосымша кодпен бейнелеу; биттермен негізгі операциялар; сандық емес мәліметтердің бейнеленуі.

1

4

Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, команда жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару және тоқтату. Компьютер жадысының ұйымдастырылуы. Жады иерархиясы. Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялары. Виртуалды жады. Енгізу-шығару құрылғылары. Қазіргі аппараттарды қамтамасыз етуге шолу.

1

5

Операциялық жүйелер және желілердің негіздері. Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу.

1

6

Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Операциялық жүйелердің даму тарихы. Типтік операциялық жүйелердің жұмыс істеуі. Операциялық жүйелердің декомпозициялау әдістері: монолитті, көп деңгейлі, модулді, микроядролық моделдер.

1

7

Процесстерді басқару. Жоспарлау және диспетчиризациялау. Файлдық жүйелер. Утилиттер. Драйверлер. Желілер мен телекоммуникациялар. Желілік қауіпсіздік. Web – клиент-сервер архитектурасының мысалы

1

Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.

1

Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Есепті шешудің стратегиялары. Шешімді іздеу және оның алгоритмдері.Алгоритм концепциялары мен қасиеттері. Алгоритмдерді өңдеу стратегиялары. Мәліметтер құрылымы: қарапайым типтер, массивтер, жолдар. Блок-схема алгоритмнің графикалық өңделуі. Блок-схемалардың әртүрлі түрлері. Алгоритмдерді жүзеге асыру.

1

2

Негізгі есептеуіш алгоритмдер: ақырлы автоматтар, Тьюринг машиналары; оңай және қиын шешілетін есептер. Алгоритмнің талдануы: күрделіліктің стандартты класстары, уақыт және жады көлемі бойынша шығындар.

1

3

Бағдарламалау тілдерімен танысу. Бағдарламалау тілдеріне шолу: бағдарламалау тілдерінің тарихы. Бағдарламалаудың негізгі құрылғылары: жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінің семантикасы мен синтаксисінің негіздері; айнымалылар, өрнектер және меншіктеу; қарапайым енгізу-шығару; тармақталу және интерактивті операторлар.

1

4

Бағдарламалаудың парадигмдері. Процедуралық бағдарламалау. Модульдік және құрылымдық бағдарламалау концепциялары. Объектіге-бағытталған бағдарламалау.

1

5

Графика және интернет. Графикалық программамен қамтамасыз етудің иерархиясы. Қарапайым түсті моделдер: RGB, HSB, CMYK. Графикалық жүйелер. Растрлік және векторлық графика жүйелері. Бейне ақпараттарды шығару құрылғысы. Графикалық редакторлар, графикалық коммуникациялар.

1

6

Интернеттің шығуы мен тарихы. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері.

1

7

Ақпараттық қауіпсіздіктер және оларды құрушылар. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіргіштер және олардың классификациясы.

1

8

Архиваторлар. Антивирустық бағдарламалар.

1

Практика сабақтары

№

р/с

Практикалық сабақтардың тақырыптары

Сағат саны

1-2

Санау жүйелері. Бір санау жүйесінен екіншісіне ауыстыру. Екілік арифметика.

2

3-4

Дискретті математика негіздері. Бульдік алгебра. Логикалық амалдар. Формулалар және олардың түрленуі.

2

5-6

Операциялық жүйелер негіздеріMS DOS операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесі. Windows ОЖ стандарт программаларымен жұмыс

2

7-8

MS WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау. Түзету және сұрыптау. Форматтау режимдері. Беттерді белгілеу.

2

9-10

Кестелер және шекаралар. Текстке енгізілген графикалық объектілерді өңдеу. Формула редакторы.

2

11-12

MS EXCEL кестелік процессорымен жұмыс. Кестелер құру, диаграмма тұрғызу.

2

13-14

EXCEL программасында функциялармен жұмыс.

2

15-16

Microsoft Access МҚБЖ-мен жұмыс. Базалық кестелер құру және проектілеу.

2

17-18

Кестелер арасында байланыстар құру. Access МҚБЖ-де формалар құру.

2

Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.

19-20

Алгоритмдер. Блок-схеманы құру. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдер.

2

21-22

Turbo Pascal бағдарламалау тілі. Сызықтық, тармақталу алгоритмдерін құру, программалау.

2

23-24

Интернет. Интернет технологиясымен танысу.

2

25

Ақпараттық қауіпсіздігі. Антивирустік қорғаныс. Архивтеуші программалар.

1

Лаборатория сабақтары

№

р/с

Тақырып тың атауы

Сабақ жоспары, негізгі дидактикалық бірліктер

Ағымдық бақылау түрі

Модуль 1. Информатиканың негізгі түсініктері. ЭВМ архитектурасы.

1

MS WORD текстілік редакторы. POWER POINT программасы.

MS WORD текстілік редактор-ының қосымша мүмкіндіктері. Тезаурус командаларын пайдалану. Стилдерді қолдану. POWER POINT программа-сының көмегімен презентация даярлау.

Тапсырманы тексеру.

2

MS Power Point: электрондық презентация құру.

MS Power Point: электрондық презентация құру.

Тапсырманы тексеру.

3

MS EXCEL кестелік процессоры.

MS EXCEL кестелік процессорын мәліметтер қоры ретінде пайдалану.

Тапсырманы тексеру.

4

Microsoft Access МҚБЖ

МҚБЖ Microsoft Access: Сұраныс құру. Есеп құру.

Тапсырманы тексеру.

Модуль 2. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.

5

Паскаль тілінде программалау

Паскаль бағдарламалау тілі: бір өлшемді массивтер.

Тапсырманы тексеру.