Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

2 Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу

Электронды есептеуіш машинада, әртүрлі саладағы есептерді шығаруға арналған программалар жиыны – программалық жасақтама (software) деп аталады.

Программа (program) – өңдеуге тиісті реттелген командалар тізбегі; адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп процессормен орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.

Программалық жасақтама жиынын, арналуына байланысты үш күрделі топқа: жүйелік, қолданбалық және аспаптық деп бөлінеді.

Группа 534

Прямая соединительная линия 517 Прямая соединительная линия 530

Прямая соединительная линия 520

Программалық жасақтаманың жіктеу схемасы

Жүйелік программалық жасақтама – компьютердің қүрылғыларының (процессор, жедел жады, енгізу-шығару арналары, желілік жабдықтар) арасын әрекеттестіретін және тиімді басқаратын, пайдаланушы мен қолданбалы программалардың жұмысын үлестіретін программалық жиын.

Қолданбалы программалық жасақтама – ақпараттың белгілі бір түрлерінің өңделу үрдісін түгел қамтитын әмбебап программалар тобы. Бұл программалар пайдаланушымен тікелей әрекеттеседі.

Аспапты программалық жасақтама –ол программаларды жобалау, жасау үшін және оларды сүйемелдеуге арналған программалар тобы.

Әр программалық жасақтамалар құрамын 3.1-суреттегі жіктелу схемасынан айқын көруге болады.

Жүйелік программалар қамсыздандырудың ең маңызды және басты бөлігін– операциялық жүйе құрайды.

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютердің ресурстарын басқаруды жүзеге асыратын, қолданбалы программаларды қосып, олардың жұмысын сыртқы құрылғылармен, басқа программалармен үйлестіретін, деректерді қорғайтын, пайдаланушы және программаның сұранысы бойынша сервистік қызметтерді орындайтын программалар жиыны.

Басты қызметтері (қарапайым ОЖ):

• жедел жадыға қосымшаларды жүктеу және оларды орындау;

• сыртқы құрылғыларға (енгізу-шығару құрылғылары) стандартты кіру;

• жедел жадыны басқару (үрдістер арасын бөлу, виртуалды жады);

• электр энергиясынан тәуелсіз тасымалдауыштардағы (қатты диск, компакт-диск, т.с.с) файлдық жүйеде ұйымдастылған деректерге кіруді басқару;

• пайдаланушылық интерфейсі;

• желілік амалдар, протоколдар стектерін қолдау.

Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеуші программа (загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеуші және компьютерді тестілеу программалары, компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды.

Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынан кішкентай жүктеуші программаны іздейді де, ол программаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.

Жүйелік программалар жиынына қабықша программалар жатады. MS-DOS операциалық жүйесі үшін ең белгілі қабықша программалар Norton Commander, XTree Pro Gold және т.б.

Norton Commander (авторы Питер Нортон1) – қолданушының операциялық жүйемен жұмысын жеңілдетуге арналған операциялық қабықша программасы.

Қазіргі кезде Norton жүйесі екінші қатарға «шегерілгенімен», әлі де қолданыста. Программаны шығарған Peter Norton Computing компаниясы (басшысы — Питер Нортон (1943) – американдык кәсіпкер, программист)

Сервистік программалар — әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Утилит (utility немесе tool) – арнайы, өзіндік қызметті орындайтын, аппараттық жабдықтаманың және операциялық жүйенің стандартты мүмкіндіктерін кеңейтетін компьютерлік программа.

Утилиттер көптеген мүмкіндіктерге (параметрлерге, баптауларға, қоюға) жол ашады, немесе кейбір параметрлерді өзгерту үрдісін автоматтандырады.

Утилиттер көбінесе операциялық жүйелердің құрамына кіреді немесе мамандандырылған аппаратты жасақтама топтамасымен келеді.

Техникалық қызмет ету программалары:

- рeзepвтеу программалары – компьютердің қатты дискісінде тұрған керек ақпаратты, дискеталарға, алмалы-салмалы дискілерге, стример кассетасына тез көшірмелеуге мүмкіндік береді;

- aнтивиpycтық пpoгpaммалар — компьютерлік вирусты жұқтырудан сақтап қалу үшін және оның зардабын жоюға арналған;

- қаттау программалары (упаковщики) – (apxивaтopлар) –ақпаратты «қаттаудың» арнайы әдістерін қолдану арқылы, дискіде ақпаратты қысуға, яғни файл көшірмелерінің кішкентай көлемін жасау, сонымен қатар бірнеше файлдардың көшірмелерін бір архивтік файлға біріктіруге мүмкіндік береді;

- рyсcификaтop npoгpaммалары – орыс әріптерімен (мәтіндермен, пайдаланушылармен және т.б.) жұмыс жасау үшін басқа программаларды (әдетте ОЖ) икемдейді;

- кoмnьютepге дuaгнocmuка жасайтын npoгpaммалар – компьютердің конфигурациясын және оның құрылғыларының жұмысқа дайындығын тексеруге мүмкіндік береді;

- кэштеу программалары– дискіде көбінесе жиі қолданылатын учәскесінен тұратын, жедел жадыда кэш-буферін ұйымдастыру арқылы, дискідегі ақпараттарға кіруді (қатынасуды) жылдамдатады;

- тиімдестіру (оптимизациялау) программалары– дискіде деректердің орналастыруын тиімдестіру арқылы, дискідегі ақпараттарға жылдамдау кіруді (қатынасуды) қамтамасыз етеді;

- дискілерді динамикалық сығу программалары – файлдар түрінде компьютердің дағдылы (кәдуескі) дискілеріне, ақпарат сығылған түрінде сақталып, жалған (орысша псевдодиски) дискілер құрылады, бұл дискілерде көбірек деректерді сақтауға мүмкіндік береді.

- кіруді (қатынасуды) шектеу программалары – компьютерде сақталған деректерді, біліксіз немесе керексіз пайдаланушылардан қорғау мүмкіндігін жасайды.

Қолданбалы пpoгpaммалар

Мәтіндік редактор– мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік программа.

Мәтіндік процессорлар – бұл, оған графиктерді және формулаларды, кестелерді және объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.

Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) – бұл кестелік есептеулерді жүргізуге арналған қолданбалы программалар.

Электрондық кестелердің (ЭК) есептеу саймандары, күрделі статистикалық, қаржылық және басқа есептеулерді жүргізуге болатын, қуатты математикалық функциялардан тұрады.

ЭК негізгі қасиеті — формулаға кіретін операндтардың мәндері өзгерген кезде, формулалардың лезде қайта есептелуі.

Осы қасиетінің арқасында, кесте сандық тәжрибені (экспериментті) ұйымдастырудың ыңғайлы сайманы болып табылады, олар:

- параметрлерді іріктеп алу;

- модельдену жүйесінің жүру болжамы;

- тәуелділіктерді сараптау;

- жоспарлау.

Графикалық редактор – компьютердің көмегімен екі өлшемді бейнелерді жасауға және түзетуге мүмкіндік беретін программа (немесе программалар дестесі).

Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) – деректер қорын енгізуге және ұйымдастыруға арналған мамандандырылған (специализированная) программасы.

Кішірек ақпараттық жүйелерді жасау қажеттілігі туындаған жағдайда, Microsoft Access, FoxPгo, Clarion және т.б. жиі қолданылады.

Үлкен көп пайдалаланушыларға арналған ақпараттық жүйелерді жасауға клиeнт-cepвep типті ДҚБЖ қолданған ыңғайлы. Ондай үлкен ақпараттық жүйелерді жасау үшін, Oracle, Microsoft SQL Serveг, Sybase SQL Serveг, Informix және т.б. кеңінен қолданылады.

Арнайы бағытталған программалар: математикалық, инжнерлік, бухгалтерлік, қаржылық, банктік, құқықтық, анықтамалық және т.б. көптеген программалар.

Аспаптық программалар: Pascal, Turbo Pascal, Delphi, QBasic, Visual Basic, Cи ++, Borland C++ және басқа.

Бақылау сұрақтары:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

  2. Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіз?

  3. ОЖ негізгі функциялары?

  4. Бағдарламалық қамтамасыздану түсінігіне не кіреді?

  5. Бағдарламалық қамтамасызданудың негізгі категорияларын атаңыз және сипаттаңыз.

Қолданылған әдебиеттер:

[2], [3], [4], [8], [17], [20], [21]