- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Информатика курсының оқу бағдарламасы
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •I Оқу бағдарламасы курсын құрастырған және енгізген:
- •Курс мазмұны
- •Практикалық сабақтардың болжамдық тақырыптары
- •Зертханалық сабақтардың болжамдық тақырыптары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Inf 1102 Информатика
- •Келісім парағы
- •V алғашқы тексеру мерзімі 2016 жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •Дәрістер
- •Бақылаушы-өлшемдік материалдар мысалы
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •2.3. Келесі жиындардың бірігуін, қиылысуын және айырымын есептеңіз.
- •Е) жаңа бетке көшу.
- •Е) жаңабеткекөшу.
- •11. Вирусқа қарсы программаларды көрсетіңіз:
- •12. Компьютерге вирус жұғуы мүмкін:
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Дәрістік кешен дәріс №1 информатиканың негізгі түсініктері
- •1 Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі.
- •2 Қазіргі информатика құрылымы
- •3 Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны
- •4 Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.
- •Ақпарат көлемін анықтау
- •5 Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері
- •6 Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар
- •Дәріс №2. Дискретті математиканың негізі
- •1 Функция, қатынас және жиын
- •2 Логика негіздері, айтылымдар логикасы, логикалық байланыстар, ақиқаттық кестелері.
- •Логика заңы және базалық логикалық элементтер
- •3 Графтар және ағаштар
- •Дәріс №3. Эем архитектурасының негізгі түсініктері
- •Компьютер архитектурасың тарихы және оған шолу
- •Компьютердің логикалық элементтері
- •3.1 Сурет. Және логикалық элемент схемасы
- •3.3 Сурет. Емес логикалық элемент схемасы
- •3.4 Сурет. Біртаңбалы қосындылауыштың схемасы
- •3.5 Сурет. Триггерлік сызбалардың классификациясы
- •Дәріс №4. Машинаны ұйымдастыру
- •1 Фон Нейман принципі
- •4.1 Сурет. Фон Нейман принциптері негізінде құрылған эем архитектурсының схемасы
- •Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялары
- •3 Компьютер жадысының ұйымдастырылуы
- •4 Енгізу-шығару құрылғылары
- •Дәріс №5 операциялық жүйелер мен желілердің негіздері
- •1 Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері
- •2 Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу
- •Дәріс №6. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары
- •1 Операциялық жүйелердің даму тарихы
- •2 Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары
- •6. Көппроцессорлы операциялық жүйе
- •8. Дербес компьютердің операциялық жүйелері
- •Дәріс №7 процестерді басқару
- •1 Процесстерді басқару. Жоспарлау жəне диспетчеризациялау
- •2 Файлдық жүйелер
- •3 Утилиттер. Драйверлер
- •4 Желілер мен телекоммуникациялар
- •Дәріс №8 есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау
- •1 Алгоритмдер концепциялары мен қасиеттері
- •2 Есепті шешудің стратегиялары
- •3 Алгоритмдерді өңдеу стратегиясы
- •4 Блок-схема алгоритмнің графикалық өңделуі
- •1 Cурет. Сызықты, тармақталған, қайталау құрылымдау блок-схемалары
- •Цикл денесі
- •Цикл денесі
- •2 Сурет. Циклдік құрылымды алгортимдердің блок-схемалары
- •Дәріс №9. Негізгі есептеуіш алгоритмдер
- •Ақырлы автоматтар
- •Тъюринг машинасы
- •Дәріс №10. Бағдарламалау тілдерімен танысу
- •1 Бағдарламалау тілдеріне шолу
- •2 Бағдаламалаудың негізгі құрылғылары
- •Дәріс №11. Бағдарламалаудың парадигмдері
- •Бағдарламалаудың парадигмдері
- •2 Модульдік және құрылымдық бағдарламалау концепциялары.
- •3 Объектіге бағытталған тілдер
- •Дәріс №12 графика
- •1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы
- •2 Қарапайым түстік моделдер: rgb, hsb, cmyk
- •3 Бейнеақпаратты шығару құрылғысы
- •Дәріс №13 интернет
- •1 Интернеттің шығуы мен тарихы
- •3 Интернет қызметтері
- •Дәріс №14. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрушылар
- •1 Ақпараттық қауіпсіздік және оларды құрушылар
- •2 Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіргіштер және олардың классификациясы
- •Дәріс №15. Архиваторлар. Антивирустік бағдарламалар
- •1 Архиваторлар
- •2 Антивирустік бағдарламалар
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •Inf 1102 Информатика
- •Пәнін оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •5В0119005в011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •№1 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7 Мысал.
- •8 Мысал.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Жиындарға қолданылатын амалдар.
- •1 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •№3 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Бос құжатты даярлау
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Тақырыбы: ms excel кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Диаграмма тұрғызу.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •1 Тапсырма. Access мқбж-інде жаңа мәліметтер қорын құру.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •3. Кестеде іздеу жасау.
- •7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:
- •8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:
- •9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Мысал 3. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Тапсырма_4.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны
- •№3 Лабораториялық жұмыс
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны
- •Промежуточные.Итоги математикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді. Промежуточные.Итоги(Номер функции; Ссылка1)
- •2 Тапсырма. Автофильтр құру.
- •3 Тапсырма. Мәліметтер қорынан таңдау.
- •2. Электронды кестенің парақтарын көшіруді тышқан арқылы және қандай перненің көмегімен орындауға болады?
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыс жасау реті және мазмұны
- •1 Тапсырма.
- •Бақылау сұрақтары
- •№5 Лабораториялық жұмыс Тақырыбы: «Бір өлшемді массивтер. Массивтерді өңдеу»
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
- •Сызықтық массивпен орындалатын есептеулердің барлығын дерлік екі өлшемді массивпен де орындауға болады.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
- •1. «Студенттер»
- •2. «Қызметкерлер»
- •3. «Кітапхана»
- •4. «Теннисисттер»
- •5. «Фильмотека»
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Өлшеуіш - бақылау материалдары
- •92. Электронды кестедегі ұяшық адресі– бұл:
- •Мамандандырылған аудиториялар (кабинеттер) лабораториялардың тізімі
- •Мазмұны
- •Келісім парағы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Факультет физика-математика
Кафедра Информатика және ЕТ
5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
мамандықтарының
1 Курс студенттеріне арналған
«Информатика» пәні бойынша лабораториялық сабақтарға
Әдістемелік нұсқаулық
Орындаушы(лар)
т.ғ.к., аға оқытушы_____ _______________ ____Аман К.П.____
(қызметі, бөлімі) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 2015 ж.
аға оқытушы_____ _______________ ____Утесова Г.И.___
(қызметі, бөлімі) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 2015 ж.
_______оқытушы_______ ______________ ____Ильясова Т.Ж.__
(қызметі, бөлімі) (қолы) (аты-жөні)
« ___ » _______________ 2015 ж.
КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Хаттама № __ “__” _______________ 20 _ ж.
Кафедра меңгерушісі
___ ф.-м.ғ.к., доцент ____ __________ ____ Сарсимбаева С.М.__
(дәрежесі, атағы/лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
АЛҒЫ СӨЗ
Информатика оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде информатика өте үлкен қарқынмен динамикалық даму үстінде . Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жие өзгерістерге ұшырайтын ғылыми пән болып саналады.
Информатика жалпы білімдік пән және міндетті компонент болып табылады. Студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқытуға; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игертуге; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және аппараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игертуге бағытталған.
Негізгі мақсаттары мен міндеттері: информатиканың дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерімен таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсініктер беру; студенттерге алгоритмдер мен блок-схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.
Әдістемелік нұсқау келесі мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік береді:
дайындық бағыттарына сәйкес мамандар дайындаудың тиімділігі мен сапасын арттыру;
ғылым, техника және өндірістің жетістіктерін есепке алып, оқу пәнін оқып-үйренуді ұйымдастыру және мазмұнын жүйелеу;
білім беру процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуін жақсарту;
студенттердің білімін бақылау мен оқу жұмысын өзбетінше тиімді жоспарлау және ұйымдастыру;
оқу материалын меңгертуде студенттерге әдістемелік көмек көрсету;
педагогикалық шеберлігін жетілдіруде оқытушыларға көмек көрсету.
№1 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Стильдер және графикамен жұмыс. Құжатты рәсімдеуде кадрлар және иллюстрацияларды қолдану. Форматтау және редакторлау.
Сабақтың мақсаты: Windows ОЖ-де MS Word редакторының көмегімен кестелер жасауды және оларды қалай форматтау керектігін үйрету. Векторлық және растрлық графика ұғымдарымен танысу, кескінді құжатқа қою және редакторлеуді үйрену. Формулар редакторын қолдану.
Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, MS Word программасы бар орта, Word тексттік редакторында кадрлар және иллюстрацияларды қолдану туралы мағлұматтар.
Жұмыс орындау тәртібі және мазмұны
Тапсырма 1. Құжатқа әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер қою.
Word редакторында текстік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуболады.
Программалардың бір-бірімен мәлімет алмасуы үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолдану. Яғни, Office программаларының бірінде жасалған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізу.
Байланысқан объектіні — сол объект тұрған файлда сақтау. Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объектінің автоматты түрде өзгеруі.
Өз бумаңызда жаңа құжат құрыңыз.Құжаттың аты «Сурет».
Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру(Вставка) қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет(Рисунок) батырмасын басыңыз, Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.
Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Клип батырмасын таңдаңыз, терезенің оң жақ шетінде клип терезесі пайда болады.
Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.
а) Клип терезесінің Іздеу(Искать) ұяшығына Знание кілттік сөзін жазып Баста(Начать) батырмасын басыңыз.
б) Ұнаған суретті таңдаңыз. Құжатта орналасқан суретке тышқан меңзерін апарып оң жақ батырманы басу арқылы ашылған контекстік менюден Изменение рисунка командасын таңдау арқылы бейнелерді бөліп алуға болады.
Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе, Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).
Құжаттқа суреттерді кірістіру үшін курсорды құжаттың қажет жеріне орналастырыңыз, суретке бір рет шертіңіз немесе сіз кескінге нұсқағышты алып келіп, оның оң жақ бөлігіндегі бағыттауышқа шертіп және Кірістіру командасын таңдаңыз.
Файлға кескінді кірістірмес бұрын, оны үлкейтілген өлшемде көріп және параметрлерін оқып білуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
а. таңдаған суретке тышқанның нұсқағышын алып барыңыз;
б. кескінің оң жағындағы бағыттауышқа шертіңіз, Көру және қасиет(Просмотр и свойства) пунктін таңдаңыз.
Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім (Работа с рисунком – Формат) деген жаңа қосымша пайда болады. Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.
Суреттің түсін Өзгерту тобындағы Басқа түске бояу батырмасының көмегімен баптауға болады.
Суреттердің Стилі тобы кескіндерді безендіруге кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады. Суретті жылдам безендіру үшін Қосымша параметрлер батырмасын шерту арқылы Жылдам→стилдер менюін ашыңыз. Бұл менюде ерекше көп таралған әсерлердің (эффект) аздаған жиыны ұсынылады, мысалы, виньеткалар қосу, әр түрлі пішіндегі жақтауларды қосу, көлемді 3D- суреттің әсері, кескін және т.б.
Сурет шекарасы(Граница рисунка) батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады. Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз. Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады
Векторлық кескіндер құру үшін бағдарламада күрделі фигуралар кітапханасы орналасқан. Қатынау үшін Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрация тобының Фигуралар батырмасына басу керек
Тапсырма 2. Фигураларды қолданып сурет салу.
1. Көрсетілген үлгіде сурет салыңыз.
2. Тақырыбын жазыңыз.
3.Вставка→Фигуры командасынан суретті салыңыз. Салынған суретке ерекшелеу, көшіру, айналдыру, бөлу амалдарын орындауға болады.
5. Суреттің әр бір элементтін Сtrl пернесін басып отырып тышқан курсорымен ерекшелеп, тышқанның оң жақ батырмасын таңдау арқылы ашылған менюден Групперовка→Группировать командасын таңдаңыз.
6. Топталған суретті көшіріп орналастырыңыз.
7. Суретті үлгідегідей айналдырып қойыңыз.
8. Барлық салынған сурет элементтерін топтаңыз.
Тапсырма 3. WordArt көмегімен хабарландыру жарнамасын құру.
Бос абзацты ортаға қарай туралау.
Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Мәтін тобындағы WordArt батырмасын шертіңіз. WordArt менюінде объетінің түрін таңдаңыз.
WordArt мәтінін өзгерту диалогтық терезесінде жазу мәтінін енгізіңіз, сонымен қатар қаріптің пішінін, кегльін және гарнитурасын таңдаңыз.
WordArt объектілерімен жұмыс- Пішім қосымшасын пайдаланып бұл жазуды редактілей аласыз. Хабарлама мәтінін теру.
Текст рамкасын орнату (сызықсыз және бояусыз)
Маркер кнопкасын қос
Текстің әр жолы жаңа абзацтан басталсын.
Қалауыңызша маркер формасын өзгертіңіз.
Телефон номерін теріңіз (көлденең бағытталған)
Телефон аппаратын бейнелейтін символды орнатыңыз (Кірістіру(Вставка)→Символ→Басқа символдар(другие символы...→Қаріп түрін (wingdinds) таңдап→телефон символын белгілеп→ Кірістіру(Вставка).
Берілген символдың өлшемін үлкейтіңіз
Телефон номерлері жазылған “бахроманы” құрыңыз.
Бір жолдан және қажет ұяшықтар санынан тұратын кесте құрыңыз.
Ұяшықтың біріне курсорды қойып, телефон номерін теріңіз, шрифт өлшемін және төменнен жоғарыға бағытталған стильді беріңіз.
Ұяшық ішіне курсорды қойып тышқанның оң жағын таңдап ашылған сұқпат терезеден Мәтінді бағыттау(Направление текста...) командасын таңдаңыз.
Телефон номерін көшіріп алып, қалған ұяшықтарға қойыңыз.
Қажет болса, эмблема орналастырыңыз.
А, В, С категориялары Оқыту ВАЗ-07, 09, 099, 10 автомобилдерінде жүргізіледі Студенттерге 10% жеңілдік 12-34-56 |
||||||||
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары
|
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
12-34-56 Жүргізушілер курстары |
Блиц-тест
1. Фигуралық текстті жазу үшін мынаны қолданады:
Word панелін;
Надпись панелін;
Карандаш сайманын;
WordArt панелін;
Заливка сайманын.
2. Алдын ала қарау батырмасы не үшін қажет?
құжат құрылымын қарау үшін, яғни осы құжаттың тараулар, параграфтар және т.с.с. тақырыптарын қарау үшін;
баспадан шығарғанда қандай түрде болатынын көру үшін;
құжаттың парақтар санын қару үшін;
құжатты баспадан шығару үшін;
құжатты автоформаттау үшін.
3. Экранға сурет салу панелін шығару үшін мына командаларды орындау керек:
Вставка/Параметры страницы;
Вид/Панели инструментов/Рисование;
Вставка/Иллюстрации;
Файл/Панели инструментов/Рисование;
Вид/Панели инструментов/Границы и заливка.
Бақылау сұрақтары
Құжатқа әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер қою.
Сурет элементтері қалай топтастырылады.
WordArt мүмкіндігі.
Глоссарий
Графикалық редактор – графикалық ақпаратты енгізу және редакциялау программасы.
Графиксызғыш немесе плоттер – сызуларды қағазға басатын құрылғы.
Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық.
Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған.
Векторлық графика қисықтар геометриясына негізделген кескінді кодпен жазу түрін ұсынады. Векторлық графиканың негізгі түсінігі қисық болып табылады.
Home және End – тексттің басына және соңына апаруға мүмкіндік береді.
WordArt - фигуралық мәтін кірістіру.
Пиксель - экрандағы графикалық бейнелеудің ең кіші элементі (нүктесі).
Лабораториялық жұмыстың орындалу есебінің формасы
Есепте мына тапсырмалар болуы керек.
1. Жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды ДК-де орындап, сақтау.
2. Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалардың орындалу реттерін түсіндіре білу және электрондық түрін көрсету.
Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]
№2 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Power Point программасының көмегімен презентация даярлау.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді Power Point программасының атқаратын қызметімен, мүмкіншілігімен және жұмыс жасау режимімен таныстыру, студенттерге өзбетінше жұмысты орындату.
Материалдар және құралдар: ДК, Power Point программасы, практикалық жұмысқа әдістемелік нұсқау.
