Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Дәріс №12 графика

Мақсаты: Графика түрлері туралы, қарапайым түс модельдер туралы мағлұмат беру.

Негізгі ұғымдар: графика, түстер, векторлық, расторлық, түстік модель, графикалық редактор.

Жоспар:

1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы

  1. Қарапайым түстік моделдер: RGB, HSB, CMYK

  2. Бейнеақпаратты шығару құрылғысы

1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы

Графикалық редактордың түрелері: растрлік, векторлық, фрактальдық және гибриттік графика. Олар кескіндерді экранда бейнелеуді құрастыру немесе баспаға басу принциптерімен ажыратылады.

  • Растрлік графика – кескін боялған нүктелер жиынтығы түрінде ұсынылады. Растрлік графиканы электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық баспаларды жасауда қолданады. Ол үшін көбінесе суретшілермен, фотографтармен дайындалған иллюстрациялардың сканирлері қолданылады. Соңғы кездері растрлік кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фото – және видеокамералар кең қолданыс тапты.

Растрлік графикалық редакторлар. Adobe Photoshop, Paint редакторы.

Векторлық графика – бұл кескінді доғалар, кесінділер және т.б. түрінде бейнелейтін әдіс. Вектор – бұл белгілі бір обьектіні сипаттайтын деректер жиыны.

Векторлық графикамен жұмыс істейтін бағдарламалық құралдар алдымен иллюстрацияларды құруға және оларды өңдеуге арналған. Мұндай құралдар жарнамалық агенттікте, дизайндық бюрода, редакцияда және баспаларда кең қолданылады. Шрифтерді және қарапайым геометриялық элементтерді қолдануға негізделген безендіру жұмыстарын векторлық графика құралдарымен жасау анағұрлым қарапайым.

Векторлық графикалық редакторлар Adobe Illustrator, Corel Draw, Macromedia Free Hand.

Фрактальды графикамен жұмыс істеуге қажет бағдарламалық құралдар кескіндерді математикалық есептеулер арқылы автоматты түрде генерациялауға арналған. Фрактальды көркем композицияларды құру сурет салу немесе безендіруден емес, бағдарламалаудан тұрады. Фрактальды графика, векторлы сияқты – есептеуші, бірақ одан айырмашылығы, ешқандай обьектілер компьютер жадында сақталмайды. Кескіндер теңдеу бойынша (немесе теңдеулер жүйесі) бойынша жасалады, сондықтан формуладан басқа ештеңені сақтау қажет емес.

Теңдеудегі коэффициенттерді өзгерту арқылы мүлде басқа суретті алуға болады. Фрактальды графиканың тірі табиғат образдарын есептеу жолымен моделдеу мүмкіндігі ерекше суреттерді автоматты генерациялау үшін жиі қолданылады.

Гибридтік графикалық редакторлар. Көбіне белгілі: AutoCAD үшін – RasterDesk, Microsoft Windows ОЖ үшін – Spotlight.

RasterDesk – AutoCAD LT және AutoCAD-та сканерленген, құжаттармен жұмыс жасауға арналған кәсіби растрлық редактор және векторизатор.

Бейнелердің маңызды қасиеттері:

  • пиксельдер саны – көлденеңі және биіктігі бойынша пиксельдер саны жеке көрсетілуі мүмкін (1024*768, 640*480,...);

  • қолданылатын түстер саны немесе түстер тереңдігі (бұл мінеземелер, мына: N = 2I функциялық тәуелділікпен сипатталады, мұндағы N – түстердің саны, I – түстің тереңдігі.);

  • түстік аймақ (түстік моделі) RGB, CMYK, XYZ, YCbCr және басқа.