Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары

  1. Excel-дегі мәліметтер қоймасы қандай түсінік береді?

  2. Excel-дегі мәліметтер қоймасымен қандай операциялар орындалуы мүмкін?

  3. Автофильтр және кеңейтілген фильтр дегеніміз не?

  4. Бағанадағы тақырыптарда қайда орналастыру қажет?

  5. Мәліметтер қоймасында бағана мен жолға қандай мәліметтер енгізіледі?

№4 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Сұраныс және есеп(отчет) құру.

Жұмыстың мақсаты: Microsoft Access программасында жаңа мәліметтер қорын құру дағдыларын, конструктор режимі арқылы кесте құру, кестеге жазулар енгізу және редакторлеу, сұраныс және есеп құру біліктерін қалыптастыру.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, жұмыс жасауға арналған орта, Access МҚБЖ-де мәліметтер қорын құрудың ақпараттық технологиясы туралы жалпы мағлұматтар.

Жұмыс жасау реті және мазмұны

Сұраныс құру База данных терезесінің Запросы астарлы бетінен Создать командасын орындаудан басталады. Ашылған новый запрос терезесінен сұранысты құру әдісін таңдап, ОК командасын орындайды.

Конструтор режимімен сұраныс құру:

Новый запрос терезесінен конструтор әдісін таңдап, ОК батырмасын басамыз. Ашылған добавление таблицы сұхбат терезесі таблицы, запросы, таблицы и запросы астарлы беттерінен тұрады. Осы астарлы беттердің бірінен сұраныс жасалынатын кестені немесе сұранысты белгілеп, добавить батырмасын шертеді. Қажет кестелер мен сұранысты таңдап болған соң, закрыть батырмасын шертеді. Егер тағы кесте немесе сұраныс қосу керек болса Запрос →добавление таблицы командасын орындайды.

Сұранысты құру төмендегідей этаптардан тұрады: сұранысқа алаңдарды қосу; Жазуларды таңдап алу критерилерін орнату; жазуларды реттеу.

Сұранысты алу үшін Запрос → запуск командасын немесе саймандар тақтасындағы ! (леп белгісі) бар батырманы басады.

Таңдап алу критерилерінің кейбір жазылу түрлері:

>234 → 234-тен үлкен сандарды таңдайды;

Between #02.02.13# And #01.12.13# → 02.02.13-тен бастап 01.12.13-ке дейінгі даталар диапазоны;

<234 → 234-тен кіші сандарды таңдайды;

>="Исаев" → Исаевтан бастап алфавит соңына дейінгі барлық фамилиялар;

Not Ф* → “Ф” әріпінен басталмайтын барлық сөздерді таңдайды;

Like «С*» → С әріпінен басталатын атауларды таңдайды;

<Date()-30 → соңғы 30 күн бұрынғы барлық даталар тізімін таңдайды;

Year([алаң аты])=2009 → 2009 жылы жасалынған операциялар тізімін таңдайды.

Like «[А-Д]*» → А-дан бастап Д-ға дейінгі сөздер тізімін шығарады;

Is Null → бос орындарды анықтайды;

Есеп – мәліметтер қорындағы мәліметтерді баспаға шығарғанда қолданылатын икемді және тиімді құрал. Есептің көмегімен қажетті ақпараттарды (күні бойынша, қорытынды мәнін есептегенде, диаграмма түрінде бейнелегенде, суретті қосқанда, эмблема шығарғанда және т.б.) қолданушы есепті өз бетімен немесе Мастер көмегімен жасай алады. Мастер барлық күрделі жұмыстарды тез орындап, есепті тез бітіреді. Мастерді шақырғаннан кейін қажетті деректер жазылатын диалогтік терезе шақырылады және есеп қолданушының жауабы негізінде құрылады. Мастер тәжірибелі қолданушыға да тиімді, себебі ол жылдам макет жасап бере алады, ол макет құрылған есепке негіз болады. Осыдан кейін құрастыру режиміне өтіп стандартты макетке өзгертулер енгізуге болады.