Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

3 Тапсырма. Мәліметтер қорынан таңдау.

Әр менеджермен жасалған сату көлемі туралы мәлімет, оларды өзара салыстыру үшін қажет болсын. Оны жаңа парақта жасаймыз.

  • Лист2 парағында А1 ұяшығына Продажи менеджеров за ноябрь тақырыбын енгіземіз. А3-ке Менеджер, А4,А5,А6 ұяшықтарына менеджер фамилияларын ензізіңіз: Иванов, Асанов, Сериков.

  • В бағанына әр менеджердің сату көлемін есептеу үшін формула енгіземіз: Курсорды В4 ұяшығына қойып, Функция шеберінен Работа с базой данных категориясыннан БДСУММ функциясын таңдаймыз.

  • Ашылған терезедегі База данных алаңына Ноябрь парағындағы $C$3:$D$16384 диапазонын енгіземіз.

  • Поле алаңына «Сумма» бағанының атын енгіземіз.

  • Критерий алаңына А3:А4 ұяшық диапазонын енгізіп, Оk пернесін басыңыз. Нәтижесінде менеджер – Ивановпен жасалған сату көлемі есептелінеді, ал формула жолында келесі формула шығып тұрады: БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А4). Сонымен БДСУММ функциясы көрсетілген мәліметтер қорындағы Сумма бағанындағы Менеджер=Иванов критериіне сәйкес келетін барлық мәндерді қарап, қосындысын есептейді.

  • В5 ұяшығында Асановтың сату көлемін анықтау үшін: :

БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А5)-В4;

  • В6 ұяшығында Сериковтың сату көлемін анықтау үшін: :

БДСУММ(Ноябрь! $C$3:$D$16384;"Сумма";А3:А6)-В5-В4;

  • Мәліметтер қорына жаңа ақпараттар енгізіп, қалай өзгеретіндіктерін байқаңыздар.

Блиц-тест

1. Сұрыптауды жүзеге асырудың дұрыс нұсқасын көрсетіңіз:

А) Вид-Сортировка; В) Сервис-Сортировка; С) Правка-Сортировка;

Д) Формат-Сортировка; Е) Данные-Сортировка.

2. Электронды кестенің парақтарын көшіруді тышқан арқылы және қандай перненің көмегімен орындауға болады?

А) Shift ; В) CapsLock; С) Ctrl; Д) Insert; Е) Alt.

3.СУММ (Excel –де) функциясының типін табыңыз:

А) қаржылық; В) математикалық; С) статистикалық;

Д) логикалық ; Е) текстік.

4. $C$5 өрнегінде $ белгісі нені білдіреді?

А) абсолютті адресті; В) салыстырмалы адресті; С) аралас адресті;

Д) элементтерді біріктіруді; Е) ақша белгісі.

5. Егер C$3 түріндегі сілтеме берілсе, онда келесідей әрекет орындалады:

А) баған бекітіледі; В) жол бекітіледі; С) жол да, баған да бекітіледі; Д) жол да, баған да бекітілмейді; Е) бекітуді жою.

6. Excel –де сілтеме типін келесі перне көмегімен өзгертуге болады:

А) F1; В) F2; С) F3; Д) F4; Е) F5

7.Excel –де Ctrl+C пернелері комбинациясының тағайындалуы:

А) орнын ауыстыру; В) қиып алу; С) орынға қою;

Д) табу; Е) көшіру.

8.Excel –де ұяшықтарды редакциялау үшін қандай батырма пайдаланылады:

А) F2; В) F7; С) Ctrl; Д) F3; Е) F1

9.Excel –де ұяшыққа формула енгізу мына белгіден басталады…

А) “””- таңбасын енгізуден; В) “=” таңбасын енгізуден;

С) “ ”” таңбасын енгізуден; Д) “-” таңбасын енгізуден;

Е) “$” таңбасын енгізуден.