Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

3 Алгоритмдерді өңдеу стратегиясы

Ауызша табиғи тілмен сипаттау тәсілі – алгоритмде оындалатын әрекеттер табиғи тілмен сипатталады.

Алгоритмдік тілде келесі қызметші сөздер қолданылады.

1. алг – қызметші сөзі. Алгоритмнің басында, оның атауының алдында жазылады.

2. басы және соңы – қызметші сөздері (begin, end). Алгоритмнің басы мен соңында жазылады және алгоритмнің басы мен соңын көрсетеді.

3. арг және нәт – аргументті және алгоритм нәтижесін жазу үшін қолданылады.

4. енгізу және шығару – берілгендерді енгізу және шығару үшін қолданылады.

5. егер, онда, әйтпесе, бітті – қызметші сөздері (if, then, else, end). Тармақталған командаларды жазу үшін қолданылады (бітті – команданың соңы).

6. әзір, дейін, қайталау, цб, цс – қызметші сөздері (while, do, repeat, until, for, to, do). Қайталау командаларын жазу үшін қолданылады.

Алгоритмді орындаушының ролін, адам немесе автоматтандырылған құрылғы, яғни компьютер, робот т.б. атқарады. Мысалы, у=(ax+b)(cx-d) функциясын есептеу төмендегі қарапайым іс-әрекеттерден тұрады:

1) a-ны x-ке көбейту, оны R1 деп белгілеу;

2) оған b-ны қосу, нәтижесін R2 деп белгілеу;

3) c-ны x-ке көбейту, оны R3 деп белгілеу;

4) одан d-ны азайту, оны R4 деп белгілеу;

5) R2-ні R4-ке көбейту, оны у деп белгілеу.

Алгоритмді енгізу үшін оны белгілі бір заңдылықпен мәтін түрінде жазу қажет. Ал алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын біріңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі программа болып табылады.

Алгоритм мен программаға байланысты компьютердің мынадай ерекшеліктері болады:

  • есеп шығару жолы алгоритм түрінде өрнектелуі қажет;

  • алгоритм программа түрінде жазылуы тиіс;

  • программа компьютер жадына енгізіліп, ретімен орындалуы керек.

Алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің аты болуы керек, ол аты берілген алгоритмнің қандай есептің шешуін сипаттайтынын көрсетуі керек. Алгоритмнің атын бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) деген қызметші сөзі жазылады. Алгоритмнің басы мен соңын көрсету үшін басы және соңы деген қызметші сөздер жазылады да, арасына командалар сериялары жазылады.

алг «алгоритм тақырыбы»

арг аргументтер тізімі

нәт нәтижелер

басы «алгоритм басы»

алгоритм командалары

соңы «алгоритм соңы»

Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама(күрделі) командалардан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу және нәтиже алу командалары жатады.

Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құрылады. Олардың жай командадан ерекшелігі – бірнеше командадан құрылады және орындалуы берілген шарттарға негізделеді.

Жасанды алгоритмдік-формулалық тілде сипаттау тәсілі – бір салаға келтірілген, нақты ережелер мен таңбалау жүйесі анықталған жасанды тілді қолдану арқылы алгоритмді құру.

Графикалық, блок-схема түрінде сипаттау тәсілі – құрылымданған схема тілін қолдану. Есептің шығару кезеңдері әрекеттерге сәйкес графикалық жеке блоктармен бейнеленеді. Әр әректтің өзінің графикалық бейнесі белгіленген. Мысалы: төртбұрыш – есептеу әрекеті, ромб – шартты тексеру, т.б.