Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

6. Көппроцессорлы операциялық жүйе

Ерекшеліктері: негізгі жадыны таратады, орталық процессорды кезекпен қолдану.

7. Нақты уақыттың операциялық жүйесі. Нақты уақыт жүйесі өңдеудің жаңа тенденциялары: уақытқа шектеулік, нақты уақыт режиміндегі критикалық жүйе.

8. Дербес компьютердің операциялық жүйелері

Негізгі жұмыс – шапшаң қозғалыстың және ұтымды пайдаланудың эксплутациялық максималдылығы:

  • Типтік жүйелер (Windows, Linex, MacOS);

  • Тышқан мен терезе жүйесіндегі интерфейс негізделеді;

  • Ағаш түріндегі файлдар жүйесі (Unix);

  • Мультиесептік мүмкіндігі;

  • Мультимедиалық мүмкіндіктер;

  • Желіге рұқсат;

  • Қорғау механизмі.

Дербес компьютердің операциялық жүйесін өңдеудің жаңаша тенденциялары:

  1. Параллельді жүйелер

  2. Мультипроцессорлық жүйелер. Артықшылығы:

  • есептеуіштің шапшаңдығы мен көлемінің ұлғаюы.

  • сенімділік.

  1. Бірнеше физикалық процессорлар арасында есептеуді бөлуге арналған жүйелер. Артықшылығы:

  • ресурстарды бөлу;

  • есептеуіштің шапшаң қозғалысының ұлғаюы

  • сенімділік

  • байланыс.

  1. Желілік операциялық жүйе

Бақылау сұрақтары:

  1. ОЖ даму тарихы және негізгі буындарын атаңыз?

  2. Windows-NT және Windows 2000 ОЖ негізгі ерекшеліктерін атаңыз және оларға қысқаша сипаттама беріңіз.

  3. Бағдарламалардың интегралданған пакеттеріне анықтама беріңіз.

  4. Желілік бағдарламалалық қамтамасызданудың тағайындалуы қандай?

Қолданылған әдебиеттер:

[2], [3], [4], [8], [17], [20], [21]

Дәріс №7 процестерді басқару

Мақсаты: Процесстерді басқару, утилиттер, драйверлер туралы мағлұмат беру.

Негізгі ұғымдар: каталог, процесс, жоспарлау, диспетчеризация, утилиттер, драйверлер, желі, телекоммуникация.

Жоспары:

  1. Процесстерді басқару. Жоспарлау жəне диспетчеризациялау.

  2. Файлдық жүйелер

  3. Утилиттер. Драйверлер

  4. Желілер мен телекоммуникациялар

  5. Web – клиент-сервер архитектурасының мысалы

1 Процесстерді басқару. Жоспарлау жəне диспетчеризациялау

ОЖ қызметі келесі негізгі функцияларды орындаудан тұрады. Процесстерді басқару. Процесс (немесе басқаша, есеп) – бұл орындалатын бағдарламаны сипаттайтын абстракция. Операциялық жүйе үшін процесс жұмыс бірлігін білдіреді, жүйелік ресурстарды қолдануға мәлімдеме береді. Процесстерді басқару ішкіжүйесі процесстердің орындалуын жоспарлайды, яғни жүйедегі бірмезгілде бар бірнеше процесстер арасында уақытты бөледі, сондай-ақ процесстерді құру және жоюмен айналысады, процесстерді қажет жүйелік ресурстармен қамтамасыз етеді, процесстер арасындағы байланысты қолдайды.

Ресурстарды тарату және тағайындау. Операциялық жүйе компьютер ресурстарын орындалу кезегінде тұрған қосымшалар арасында таратады. Мысалы, операциялық жүйе есептеріне әрбір жіберілген қосымшаларға және оған қажет деректерге жадтың бөлек аймағын белгілеу, сондай-ақ енгізу-шығару құрылғыларын басқару(пернетақта, принтер, монитор, желілік карта және т.б.) жатады.

Жоспарлау. Компьютер бірнеше бағдарламаларды бірмезгілде орындайды. Әр есеп көптеген "тілімдерге" немесе "бөліктерге" бөлінеді, компьютер есептер арасында көшіп отырып, оларды өңдейді. Мыңдаған осындай бөліктер компьютердің әртүрлі құрылғыларымен орындалуы тиіс – бір бағдарламаға электрондық кестені есептеу қажет, екіншісі – құжатты принтерге басуды, үшіншісі деректер қоймасы орналасқан ұйым серверіне қатынасады және т.б. ОЖ міндеті –компьютердің барлық компоненттерінің жұмысын барлық қосымшалар тез және тиімді орындалатындай етіп үйлестіру. Ол үшін операциялық жүйеге компьютердің әртүрлі ресурстарын (алдымен, ОП, ОЗУ және қатты диск) қолдануды жоспарлау қажет. Әр есепке орындалу басымдылығы меншіктеледі, соған сәйкес жоспарлау жасалады. Мәселен, баспаға басу тапсырмасынан кестені есептеу жоғары басымдылықта болуы мүмкін.

Бақылау. ОЖ компьютер жұмысын бақылайды. Ол әр есептің орындалу стадиясын қадағалайды, сонымен бірге тіркеу журналын жүргізеді – кім компьютерді қолданып отыр, қандай бағдарламалар жіберілді, деректерді немесе бағдардамаларды санкцияланбаған қолдану жағдайлары болды ма. Кезкелген жағдайда кезкелген компьютердің ОЖ – және мэйнфрейм мен ДК- өз бетінше үлкен бағдарлама. Сондықтан оперативті жадта әрқашан ОЖ-нің тек ядро (kernel) деп аталатын бөлігі ғана сақталады. ОЖ-нің үлкен бөлігі қатты дискіде сақталады. Операциялық жүйе сақталатын диск жүйелік (system disk) деп аталады.