Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:

A)алгоритмдік командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса;

B)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалар

сериясының бірі немесе екіншісі орындалатын болса;

C)кейбір шартқа байланысты цикл денесі қайталанып орындалатын болса;

D)кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз қайталанса;

E)нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:

A)командалар шексіз қайталанатын болса;

B)белгілі бір шартқа бағыныңқы болса;

C)цикл денесі шарт тексерілгенге дейін ең болмағанда бір рет орындалатын болса;

D) шарт орындалғанға дейін бірде бір рет орындалмауы мүмкін болса;

E)барлық жауаптар дұрыс емес болса.

9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:

A)командалар шексіз қайталанатын болса;

B)белгілі бір шартқа бағыныңқы болса;

C)цикл денесі шарт тексерілгенге дейін ең болмағанда бір рет орындалатын болса;

D) шарт орындалғанға дейін бірде бір рет орындалмауы мүмкін болса;

E)барлық жауаптар дұрыс емес болса.

Бақылау сұрақтары:

        1. ЭЕМ көмегімен есеп шығару технологиялық тізбегін атаңыз.

        2. Алгоритм ұғымына анықтама беріңіз.

        3. Алгоритмдердің негізгі қасиеттерін атаңыздар.

        4. Алгоритмдердердің негізгі құрылымдарын және құрылымдық элементтерін атаңыздар.

        5. Алгоритмдерді жазу түрлерін көрсетіңіздер.

Сызбалар, есептер, ситуациялар

Алгоритм деп алға қойылған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті түрде әрі дәл көрсететін нұсқау түсініледі.

Алгоритмнің негізгі қасиеттері. Жоғарыда келтірілген анықтамада алгоритмнің негізгі қасиеттері көрсетілген. Олар – дискреттік, дәлдік, түсініктілік, нәтижелік және жалпылық қасиеттері.

Алгоритмді жазудың бірнеше түрлері кездеседі және олар бір-бірінен көрнекілігімен, жинақтылығымен және т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Көбірек пайдаланылатын түрлері: сөзбен немесе әдеттегі тілде; схема немесе графиктік; алгоритмдік тілде немесе алгоритмдерді жазу үшін пайдаланылатын арнайы тіл түрлерінде берілулері.

Алгоритмнің сөзбен берілуі орындаушы адамға бағытталған және оның жазылу түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Мұндағы қойылатын талап жазудың дәл болуы және орындаушы нұсқауларды жете түсініп, оны формальды түрде орындай білуі.

Алгоритмнің графиктік түрде жазылуы оның әртүрлі геометриялық фигуралардың, яғни блоктардың көмегі арқылы берілуі.

Жиі пайдаланылатын блоктар туралы түсінік келтірейік:

Блок атауы

Белгіленуі

Мазмұны

Әрекет

Информацияны өңдеу, есептеу

Шешім қабылдау

Логикалық блок. Шарттың ақиқат, не жалғандығын тексеру

Берілгендерді жеткізу

Информацияны енгізу немесе алу

Жүргізу, тоқтау

Программаның басы немесе соңы

Модификациялау

Циклді процесстерді ұйымдастыру – циклдің басы

Мысал 1. 2007 жылдың қаңтар айының басында ресми ақпарат бойынша Республикалық минималдық еңбек ақы мөлшері 20300 теңге болған, ал сәуір айының басында 20600 теңге. 2007 жылдың 1 тоқсанында минималдық еңбек ақының орташа мөлшері неге тең? Есепті шығару алгоритмінің блок схемасын құрыңыздар.

Шешімі:

х және у деп қаңтар және сәуір айларының басына минималдық еңбек ақысын белгілейміз. 1- тоқсандағы минималдық еңбек ақының орташа мөлшерін Р деп белгілейміз.

Мысал 2. Х және У екі сандарының ең үлкенін анықтап, ол мәнді R- айнымалысына меншіктендер.

Шешімі: Есептің шешімін табу үшін берілген сандарды кезекпен қарастырамыз. Алдымен Х-тің мәні R-ге меншіктеледі. Одан кейін шарт тексеріледі. Сол шарттың орындалуына қарай нәтиже алынады.

Ж оқ иә

Алынған нәтиже де R арқылы өрнектеледі.