Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

3 Интернет қызметтері

Веб-шолушы, браузер (ағылш. Web browser; броузер) - веб-сайттарды қарауға арналған программалық жасақтама, яғни веб-беттерге сұраныс жасау, оларды өңдеу, шығару және бір беттен екіншіге ауысу әрекеттерін атқарады.

Бүгінде браузер – веб-беттің әртүрлі құраушыларын шығаруға және өңдеуге, веб-сайтпен оған кіріп шығушының (посетитель) арасында интефейсті ұсынуға арналған кешенді қосымша.

Іс жүзінде барлық белгілі браузерлер ақысыз немесе басқа қосымшалармен бірге таратылады.

Internet Explorer (ертеректе — Microsoft Internet Explorer немесе жәй Internet Explorer, қысқаша MSIE немесе IE — 1995 жылдан бастап Microsoft корпорациясының жасап жатқан, браузерлер сериясы.

Windows тектес операциялық жүйелердің топтамасына кіреді. Пайдаланушылар саны бойынша бірінші орында тұрған (2010 жылдың ақпан айында нарықтық үлесі – 61,58% құрады).

Internet Explorer 1999 жылдан бастап ең кең қолданыс тапқан веб-браузер болды, 2002–2003 жылдары бұл көрсеткіш бойынша өзінің 95 %. максимальды межесіне жетті.

Оңтүстік Кореяда 2007—2008 жылдары IE үлесі 99% құрады. Алайда, соңғы кезде Opera, Mozilla Firefox, Safari және басқа осы сияқты браузерлерге жол беріп, оның үлесі екпіндеп төмендеуде.

Mozilla Firefox — еркін таратылатын браузер. Бар әлемде белгілілігі бойынша екінші және еркін таратылатын ПЖ арасында – 2010 жылдың ақпанында оның үлесі 24,23% құрады, ал жеке елдерде – 45% дейін жетті.

Браузердің жапсырмалы (вкладочный) интерфейсі, орфография тексеру, теру барысында іздеу, жүктеу менеджері және іздеу жүйесі бар. Жаңа қызметтерін кеңейтімдер көмегімен қосып отыруға болады.

Firefox – Microsoft Windows, BeOS, Mac OS X, Linux және көптеген басқа Unix-ке ұқсас операциялық жүйелер үшін шығарылады.

Firefox, баптау мүмкіндігі кең ең бір икемді браузерлердің бірі, пайдаланушы программаның сыртқы түрін және оның кеңейтімін өзгертетін қосымша тақырыптарды қоюына болады.

Қеңейтім – әтүрлі программалық жасақтамада (мысалы Mozilla Firefox, Google Chrome, OpenOffice.org) – негізгі қосымшаға қосылған, оның функционалдылығын кеңейтетін (немесе керісінше азайтатын) модуль.

Әдетте, кеңейтімдер, скрипттік тілде және/немесе белгілеу тілінде жазылған бастапқы кодымен, архив түрінде таратылады. Сонымен қатар, қосымша тілдерді қолдау үшін, кеңейтімдерді программаға қосуға болады.

Электрондық пошта (email, e-mail, electronic mail) — ол үлестірілген (оның ішінде ғаламдық) компьютерлік желі бойы, электрондық («хаттар» немесе «электрондық хаттар» деп аталатын) хабарларды жіберу және алу бойынша ұсынатын қызметтері және технолгиясы.

Басқа хабарларды жіберу (мысалы, бір сәтте хабарлау қызметі) жүйелерінен айырмасы, жеткізуді кейінге қалтыру мүмкіндігі және тәуелсіз пошталық серверлер арасындағы өзара әрекеттесу жүйесінің дамығандығы.

Электрондық пошта – Интернеттің ең белгілі қызметі, оның көмегімен, ақпаратпен тез алмасу үшін, дүниенің кез келген нүктесінен клиенттерді қосуға болады.

E– mail-дың қызметтері көптеген нұсқалармен іске асырылған, олар – Microsoft Outlook, Outlook Express, HotMail және т.б.

Электрондық поштаның адресінің құрамы: – пайдаланушының аты @ доменнің аты. доменнің типі. Пайдаланушының атын оның өзі таңдайды, ал доменнің атын пошталық сервердің иесі тіркеп қояды. Мысалдар: nurad@mail.ru, inchin@math.kz.

Протоколдар

Протокол– бұл, бейнелеп айтқанда, желіде жұмыс жасағанда деректермен алмасу үшін, компьютерлердің қолданатын «тілі». Желідегі әртүрлі компьютерлер бірлесіп әрекет қылу үшін, олар бір «тілде» «сөйлесуге» тиіс, яғни бір протоколды қолданулары керек.

Қысқасы, протокол – компьютерлік желі тораптарының арасындағы деректерді жіберу ережелері.

Интернетегі протоколдар жүйесін «TCP/IP протоколдар стегі» (орысша «стеком протоколов TCP/IP») деп атайды.

OSI желілік моделі (ашық жүйелердің өзара әректінің негіздік эталондық моделі, ағылш. Open Systems Interconnection Basic Reference Model) – желілік протоколдарды жасау және коммуникациялау үшін, абстрактілі желілік моделі.

Домен (ағылш. тілінен domain - область, территория) – ол Интернеттегі сайттың символдық (мәтіндік) адресінің құрамдас бөлігі.

Домендер әр түрлі деңгейлерден тұрады: бірінші деңгей (оны «зона» деп те атайды; мысалы ru, com, org), екінші деңгей (yandex.ru), үшінші деңгей (hosting.rbc.ru) және т. б.

Internet-тік адрестегі оң жақтағы шеткі элементті жоғарғы деңгейдегі домен (top level domain) деп атайды. Жоғарғы деңгейдегі доменнің бірнеше түрлері бар:

.com – бұл доменнің аса кең тараған түрі. Негізінен коммерциялық құрылымдармен қолданылады.

.edu – университеттер қолданады.

.net - әр түрлі компьютерлік желілерге қатысты.

.org – негізінен коммерциялық емес ұйымдар қолданады.

.gov – үкіметтік мекемелер қолданады.

.mil - әскери мекемелер қолданады.

.ru, uk, .kz және т. с. с. – географиялық жерін анықтайды.

.firm, .shop, .web, .arts, .rec, .info, .nom – бекіту сатысында тұрған және әзірше кіруге рұқсат жоқ, бірақ кейбір компаниялар доменді осы кеңейтілудің біреуімен кейінге сақтап қалуды ұсынады.

Интернетте ақпаратты іздеу үшін іздеуші машиналарды қолданады.

Аса кең танымал іздеуші машиналар тізімі:

  • www.yahoo.com

  • www.altavista.com

  • www.hotbot.com

  • www.infoseek.com

  • www.google.com

  • www.msn.com

  • www.rambler.ru

  • www.aport.ru

  • www.yandex.ru

  • www.google.kz

Бақылау сұрақтары:

  1. Кезкелген басқа компьютерлік желілерден Internet айырмашылығы.

  2. TCP/IP түсінігі және тағайындалуы.

  3. Қосымшалар деңгейлерінің негізгі хаттамалары.

  4. Internet-те адрестеу не үшін қажет?

  5. Internet-те адрестеу түрлері.

  6. Ақпарат «қауіптілігі» түсінігі нені тұспалдайды?

  7. Ақпараттық қауіпсіздік деген не?

  8. Ақпараттық қауіпсіздік аспектілерін атаңыз.

Қолданылған әдебиеттер:

[1], [3], [8], [10], [11]