- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Информатика курсының оқу бағдарламасы
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •I Оқу бағдарламасы курсын құрастырған және енгізген:
- •Курс мазмұны
- •Практикалық сабақтардың болжамдық тақырыптары
- •Зертханалық сабақтардың болжамдық тақырыптары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Келісім парағы
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Inf 1102 Информатика
- •V алғашқы тексеру мерзімі 2016 жыл тексеру мерзімділігі 1 жыл
- •Дәрістер
- •Бақылаушы-өлшемдік материалдар мысалы
- •Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Сөж тапсырмалары
- •2.3. Келесі жиындардың бірігуін, қиылысуын және айырымын есептеңіз.
- •Е) жаңа бетке көшу.
- •Е) жаңабеткекөшу.
- •11. Вирусқа қарсы программаларды көрсетіңіз:
- •12. Компьютерге вирус жұғуы мүмкін:
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Дәрістік кешен дәріс №1 информатиканың негізгі түсініктері
- •1 Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі.
- •2 Қазіргі информатика құрылымы
- •3 Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны
- •4 Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.
- •Ақпарат көлемін анықтау
- •5 Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері
- •6 Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар
- •Дәріс №2. Дискретті математиканың негізі
- •1 Функция, қатынас және жиын
- •2 Логика негіздері, айтылымдар логикасы, логикалық байланыстар, ақиқаттық кестелері.
- •Логика заңы және базалық логикалық элементтер
- •3 Графтар және ағаштар
- •Дәріс №3. Эем архитектурасының негізгі түсініктері
- •Компьютер архитектурасың тарихы және оған шолу
- •Компьютердің логикалық элементтері
- •3.1 Сурет. Және логикалық элемент схемасы
- •3.3 Сурет. Емес логикалық элемент схемасы
- •3.4 Сурет. Біртаңбалы қосындылауыштың схемасы
- •3.5 Сурет. Триггерлік сызбалардың классификациясы
- •Дәріс №4. Машинаны ұйымдастыру
- •1 Фон Нейман принципі
- •4.1 Сурет. Фон Нейман принциптері негізінде құрылған эем архитектурсының схемасы
- •Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялары
- •3 Компьютер жадысының ұйымдастырылуы
- •4 Енгізу-шығару құрылғылары
- •Дәріс №5 операциялық жүйелер мен желілердің негіздері
- •1 Операциялық жүйелер мен желілердің негіздері
- •2 Қазіргі қолданбалы программамен қамтамасыз етуге шолу
- •Дәріс №6. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары
- •1 Операциялық жүйелердің даму тарихы
- •2 Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары
- •6. Көппроцессорлы операциялық жүйе
- •8. Дербес компьютердің операциялық жүйелері
- •Дәріс №7 процестерді басқару
- •1 Процесстерді басқару. Жоспарлау жəне диспетчеризациялау
- •2 Файлдық жүйелер
- •3 Утилиттер. Драйверлер
- •4 Желілер мен телекоммуникациялар
- •Дәріс №8 есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау
- •1 Алгоритмдер концепциялары мен қасиеттері
- •2 Есепті шешудің стратегиялары
- •3 Алгоритмдерді өңдеу стратегиясы
- •4 Блок-схема алгоритмнің графикалық өңделуі
- •1 Cурет. Сызықты, тармақталған, қайталау құрылымдау блок-схемалары
- •Цикл денесі
- •Цикл денесі
- •2 Сурет. Циклдік құрылымды алгортимдердің блок-схемалары
- •Дәріс №9. Негізгі есептеуіш алгоритмдер
- •Ақырлы автоматтар
- •Тъюринг машинасы
- •Дәріс №10. Бағдарламалау тілдерімен танысу
- •1 Бағдарламалау тілдеріне шолу
- •2 Бағдаламалаудың негізгі құрылғылары
- •Дәріс №11. Бағдарламалаудың парадигмдері
- •Бағдарламалаудың парадигмдері
- •2 Модульдік және құрылымдық бағдарламалау концепциялары.
- •3 Объектіге бағытталған тілдер
- •Дәріс №12 графика
- •1 Графикалық бағдарламалық қамтамасызданудың иерархиясы
- •2 Қарапайым түстік моделдер: rgb, hsb, cmyk
- •3 Бейнеақпаратты шығару құрылғысы
- •Дәріс №13 интернет
- •1 Интернеттің шығуы мен тарихы
- •3 Интернет қызметтері
- •Дәріс №14. Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрушылар
- •1 Ақпараттық қауіпсіздік және оларды құрушылар
- •2 Ақпарат қауіпсіздігіне қауіп төндіргіштер және олардың классификациясы
- •Дәріс №15. Архиваторлар. Антивирустік бағдарламалар
- •1 Архиваторлар
- •2 Антивирустік бағдарламалар
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •Inf 1102 Информатика
- •Пәнін оқытудағы әдістемелік ұсынымдар
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В0119005в011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •№1 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •7 Мысал.
- •8 Мысал.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Жиындарға қолданылатын амалдар.
- •1 Тапсырма.
- •3 Тапсырма.
- •№3 Практикалық сабақ
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Бос құжатты даярлау
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Тақырыбы: ms excel кестелік процессорымен жұмыс. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі. Диаграмма тұрғызу.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •1 Тапсырма. Access мқбж-інде жаңа мәліметтер қорын құру.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •3. Кестеде іздеу жасау.
- •7. Алгоритм тармақталған болып аталады, егер:
- •8. Қайталанатын командалар цикл – дейін деп аталады, егер:
- •9. Қайталанатын командалар цикл - әзір деп аталады, егер:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Мысал 3. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Тапсырма_4.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Сызбалар, есептер, ситуациялар
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •5В011900–«Шетел тілі (екі шетел тілі), 5в020700-Аударма ісі, 5в021000- Шетел филологиясы
- •1 Курс студенттеріне арналған
- •Әдістемелік нұсқаулық
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны
- •№3 Лабораториялық жұмыс
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны
- •Промежуточные.Итоги математикалық функциясы тізімді фильтрлеу нәтижесінде болған жасырын жолдарды ескермей, қорытынды мәнді есептейді. Промежуточные.Итоги(Номер функции; Ссылка1)
- •2 Тапсырма. Автофильтр құру.
- •3 Тапсырма. Мәліметтер қорынан таңдау.
- •2. Электронды кестенің парақтарын көшіруді тышқан арқылы және қандай перненің көмегімен орындауға болады?
- •Бақылау сұрақтары
- •Жұмыс жасау реті және мазмұны
- •1 Тапсырма.
- •Бақылау сұрақтары
- •№5 Лабораториялық жұмыс Тақырыбы: «Бір өлшемді массивтер. Массивтерді өңдеу»
- •Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:
- •Сызықтық массивпен орындалатын есептеулердің барлығын дерлік екі өлшемді массивпен де орындауға болады.
- •Білім алушылардың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар
- •1. «Студенттер»
- •2. «Қызметкерлер»
- •3. «Кітапхана»
- •4. «Теннисисттер»
- •5. «Фильмотека»
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Өлшеуіш - бақылау материалдары
- •92. Электронды кестедегі ұяшық адресі– бұл:
- •Мамандандырылған аудиториялар (кабинеттер) лабораториялардың тізімі
- •Мазмұны
- •Келісім парағы
Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны
Power Point-презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп айталады.
Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация, дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен қатар, мультимедияның басқада мүмкіндіктерін пайдаланады. Компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология мультимедиа деп аталады. Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа құралдарды пайдалану керек.
Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.
Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:1) Power Point-ты іске қосу; Файл –Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режиміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) құрылым режиміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режиміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Показ слайдов командасын орындау. 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.
Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:
Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу;
Вставка –Мультимедиа бөлімінен звук немесе видео командасын беру;
Мына әрекеттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла тапсырмасын беріп, қажетті файлды табу;
Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.
Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов – настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша қайталау керек.
Слайд көрсетудің үш әдісі бар:
Слайдтарды толық экранда бейнелеу;
Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;
Слайдтарды автоматты түрде толық экранда көрсету. Ол көбнесе көрмелік стендте, жиналыста пайдаланылады.
Тапсырма: Төмендегі тақырыптарға сәйкес құттықтау презентациясын құрыңыз (нұсқа бойынша):
1. 1-қыркүйек – Білім күні!
2. Ұстаздар күні!
3. Тәуелсіздік күні!
4. Қарттар күні!
5. Жаңа жыл!
6. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні!
7. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
8. Жеңіс күні!
9. Қазақстан халықтарының бірлік күні!
10. Балаларды қорғау күні!
Блиц-тест
Power Point-тың атқаратын қызметі қандай?
Презентацияға арналған және көрсететін бағдарлама;
Сурет салуға арналған бағдарлама;
Презентация жасауға және көрсетуге арналған бағдарлама;
Слайдтар жасайтын бағдарлама;
Презентация көрсетуге арналған бағдарлама.
Power Point-ты қалай жүктейміз?
Мой компьтер →диск с →Программы → Power Point;
Программы → Power Point;
Пуск → Power Point;
Пуск → Программы →Стандартные→ Power Point;
Пуск → Программы →Power Point.
Презентация дегеніміз не?
Слайдтар және тиісті қосымша материалдар;
Белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар;
Белгілі бір тақырыптарға слайд және тиісті қосымша материал;
Жинақталған слайдтар тізімі;
Қосымша материалдар тізімі.
Дайын слайдтарды қалай көруге болады?
Показ - показ слайдов;
Показ слайдов – показ;
Показ слайдов –слайд;
Слайд - показ слайдов;
Показ – показ рисунков.
Слайдқа басқару батырмаларын қандай команда көмегімен қоюға болады?
Вставка – символ;
Показ слайдов – кнопки;
Вставка – управляющие кнопки;
Вставка –слайд - управляющие кнопки;
Показ слайдов – управляющие кнопки;
Бақылау сұрақтары:
Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
Автомазмұн шебері қалай іске қосылады, қандай қызмет атқарады?
Презентация деген не?
Автомазмұн шебері көмегімен презентация қалай құрылады?
Бос презентация қалай құрылады?
Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Бір режимнен басқа режимге меню командаларының көмегімен қалай көшуге болады? Батырмалар көмегімен ше?
Power Point программасы терезесінің стандартты элементтерін және олардың орналасу ретін атаңыз?
Саймандар тақтасы не үшін қажет? Оларды көрсетпей экраннан алып тастауға болама?
Саймандар тақтасының орындарын өзгертуге бола ма?
Глоссарий
Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.
Презентация деп бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдарды айтамыз.
Power Point- презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған.
Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.
Автомазмұн шебері – жаңа презентацияны, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құруға мүмкіншілік береді.
Бос презентация – ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза презентацияны айтамыз.
Мультимедиа деп - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.
Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]
