Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

Мысал 3. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.

Шешімі: Келесі белгілерді енгіземіз: а-интервал басы, в- интервалдың соңы, h- өзгеру қадамының мөлшері.

Өз бетінше шешуге арналған есептер:

1.Функцияның мәнін табыңыздар.

2.Қосындыны табыңыздыр

3. Квадраттық теңдеудің түбірлерін табу алгоритмдерін құрыңыздар.

4. Матрицаның анықтауының мәнін табу алгоритмін құрыңыздыр.

.

Әдебиеттер: [6], [7], [10], [11], [12], [13]

11 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Паскаль тілінде программалау негіздері. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдерді программалау.

Сабақтың мақсаты: Паскаль тілінің негізгі операторларының қолданып, қарапайым программа құра білу және құрылған программаны ДК-ге енгізуді, орындауға жіберуді меңгерту. Таңдау, шартты, құрама операторларын пайдаланып, тармақталған программаны құру дағдыларын үйрену, құрылған тармақталған программаларды ДЭЕМ-да енгізіп үйрену. Цикл туралы ұғымды қалыптастыру, санауыш цикл FOR қолдануды үйрену, қайталау алгоритмінде есеп шығару дағдыларын меңгеру.

Жоспары:

  1. Паскаль тіліндегі программа құрылымы.

  2. Мәліметтер типі.

  3. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдерді программалау.

Блиц-тест

1. Ағымдағы программаны дискіге сақтау пернесі қандай?

А) F2; Б) F8; В) F1; С) F9; Д) F3

2. Ctrl+F9 пернесі қандай қызмет атқарады?

А) программаны орындауға жібереді;

Б) программаны өшіреді;

В) программаны іске қосады;

С) программаны компиляциялайды;

Д) программаның модульдерін іске қосады?

3. Alt+F9 пернесі қандай қызмет атқарады?

А) программаны орындауға жібереді;

Б) программаны өшіреді;

В) программаны іске қосады;

С) программаны компиляциялайды;

Д) нәтиже жазылатын терезені экранға шығарып көрсетеді

4. Шартты көшу операторы:

А) If; Б) For; В) While; С) Goto; Д) Case.

5. Алдын-ала шартты тексеру операторы:

А) For I=1 to do S; Б) While; В) Repeat until;

С) Goto; Д) Case.

6. Программаның келесі үзіндісінде цикл қанша рет қайталанады?

K:=5; r:=15; for i:=k+1 to r+k do

А) 15; Б) 3; В) 16; С) 4; Д) 14

7. FOR цикл операторында циклдің параметрі қандай айнымалы?

А) кез-келген скаляр тип; Б) структуралық тип;

В) тек бүтін тип; С) Паскальдаға кезкелген тип;

Д) пайдаланушылар типі

Бақылау сұрақтары:

  1. Паскаль тілінін негізгі операторларын көрсету.

  2. Қандай сөздер қызметші сөздер деп аталады?

  3. Программалауды? негізгі құрылымы қандай ?

  4. Енгізу-шығару процедуралары қалай жүргізіледі ?

  5. Сызықтық операторды қандай операторлар орындайды ?

  6. Шартты оператордың жазылу структурасы қандай?

  7. Шартты оператордың қандай түрлері бар?

  8. ПАСКАЛЬ тілінде құрама шарттар қалай жазылады ?

  9. Таңдау операторының жазылу структурасы қандай және ол қалай жұмыс жасайды ?

  10. Тармақталу процесін қандай операторлар көрсетеді?

  11. Цикл операторы не үшін қолданылады?

  12. Паскаль тілінде қандай цикл түрлері бар?

  13. FOR операторы қандай форматта жазылады?

  14. Қайталау (цикл) операторы қандай міндет атқарады?

  15. FOR операторы қандай жағдайда қолданылады?