Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

2 Модульдік және құрылымдық бағдарламалау концепциялары.

Модуль (UNIT) – бұл ерекше бір әдіспен ұйымдастырылған ішкі программалар кітапханасы. Модульдің программадан айырмашылығы ол өздігінен орындауға жіберілмейді, ол тек программаның немесе басқа модульдердің құрылуына қатыса алады.

Инерфейстік бөлімде басқа программа немесе модульдерде қолданылатын глобалды обьектілер сипатталады.

Жүзеге асыру бөлімінде бұған дейін сипатталған ішкі программалардың мәтіні жазылады.

Тағайындау бөлімінде модульді қолданатын программа жүктелгенге дейін айнымалылардың бастапқы мәндерін анықтайтын операторлар жазылады.

Pascal тілінде модуль процедуралар мен функциялардың көмегімен құрылады, Cи тілінде функциялардың көмегімен құрылады.

Құрылымдық кодтау деп программада басқарушы конструкциялардың–шартты операторлардың, циклдің (параметрлі, цикл-әзір, цикл-дейін) қолданылуын айтады. Шартсыз көшу операторы программада сирек қолданылуы керек немесе шартты оператордың, циклдің көмегімен өзгертілуі керек.

Программаны жоғарыдан төмен қарай жобалаудың өз иерархиялық құрылымы бар және қысқа есеп қойылымынан басталады. Одан кейін есеп бірнеше ұсақ ішкі есептерге бөлінеді. Ішкі есептердің өзі де ішкі есептерге бөлінуі мүмкін. Әр қадамда ішкі есептің орындайтын негізгі функциялары анықталуы керек. Бөлу процесі әр ішкі есеп қарапайым болғанға дейін, яғни әр ішкі есепке бір модуль сәйкес келгенше созылады.

 

3 Объектіге бағытталған тілдер

Обьектіге бағытталған бағдарламалау (ОББ) тілдерінің негізін обьект құрайды. Объекті-бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: объектілер, хабар және класстармен жұмыс істейді.

Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модулдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Объект құрылымы екі бөліктен тұрады: айнымалылар және әдістер. Әдістер объект функциясының алгоритмін анықтайтын процедуралар мен функциялар жиынынан тұрады. Объектілі айнымалылар жәй мәліметтерден (сан, массив, текст) және күрделі құрылымды информациялардан (график, дыбыс т.б.) тұрады.

Қазіргі замандағы тілдердің және бағдарламалау жүйелерінің көпшілігі бағдарлама құруда көбінесе обьектілік әдісті қолдану бағытында дамуда. Бұл тілдер: Паскаль, C++, Delphi, C++Builder, Visual C++, Java.

Объектілік әдіс бағдарламалар ұйымдастырудың мұрагерлік, полиморфизм, композиция, толтыру механизмдеріне негізделген жаңа түрлерін ұсынады. ОББ-ға негізделген бағдарламалау технологисының дамуына байланысты, визуалды бағдарламалауды қолдайтын бағдарламалау орталарын жасауға мүмкіндік берді.

Объекті-бағытталған технологияға негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object  Pascal, ACT++, C++, Simula, Actor, Classic–Aga  және т.б.

Объекті-бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқымқуалау,  полиморфизм.

Бақылау сұрақтары:

1. Бағдарламалау тілдерін атаңыз.

2. Обьектіге бағытталған тілдерге қандай тілдер жаттады?

3.Қарапайым және құрылымды операторлары.

4. Процедуралық бағдарламалау

5.Деректер түрлері және оларды өңдеу

6. Бағдарламалау этаптары

7. Бағдарламалау орталары

Қолданылған әдебиеттер:

[1], [3], [8], [10], [11]