Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

2 Логика негіздері, айтылымдар логикасы, логикалық байланыстар, ақиқаттық кестелері.

Логика – адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль логикалық алгебраның негізін қалады. Ақиқат және жалған мәндеріне 0 және 1 сандарын сәйкестендірді.

  Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі. Компьютердің негізгі бөліктерін құрайтын әртүрлі интегралдық мекросхемалардың физикалық түбірі – логикалық өрнектер болып табылады. Бульдік алгебрада және, немесе, емес логикалық элементтері қолданылады.

Логикалық амалдар және ақиқаттық кестелер. Логикалық көбейту. ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша соіушісііо -біріктіру), деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы «.» нүктемен, &, Ù, and белгілерінің бірімен белгіленеді.

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операцияның ақиқаттық кестесі:

А

В

А немесе В

1

1

1

1

0

1

0

1

1

0

0

0

Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат.

А немесе В пікірлерінің бірі немес екеуі де жалған болса, онда «А» және «В» конъюнкциясы жалған болады,

Мысалы: А={Бүгін күн қар жауып тұр.}

В={Қазір информатика сабағы болып жатыр.}

A=0, B=1

А&В=0&1=0

Логикалық қосу. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjuncnctio - бөлу) деп аталады.

НЕМЕСЕ логикалық операциясы «+», Ú , or белгісімен белгіленеді.

НЕМЕСЕ логикалық операцияның ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:

А

В

А немесе В

1

1

1

1

0

1

0

1

1

0

0

0

А немес В пікірлерінің ең болмағанда біреуі ақиқат болғанда, А немесе В дизьюнкциясы ақиқат. А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В дизьюнкциясы жалған.

Мысалы: А={2+2=4} В={Ит - төрт аяқты.}

A=1, B=1

А˅В=1˅1=1

Логикалық терістеу. Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.

ЕМЕС терістеу операциясының ақиқаттық кестесі:

Бастапқы Бастапқы пікір жалған болса, терістеу-ақиқат пікір ақиқат болса, терістеу-жалған.

Мысалы: А={Астана - Қазақстанның астанасы.}

1

2

3

 А

 В

 С

E = ЕМЕС А  (ЕМЕС 1)

F = В+С (2+3) 

D = E&F (4*5) 

 1

 1

0

1

 1

 0

0

1

0

1

 O

 1

0

1

0

1

 O

 0

0

0

0

0

 1

 1

1

1

1

0

 1

 0

1

1

1

0

 0

 1

1

1

1

0

 0

 0

1

0

0

A=1

А

А ЕМЕС

1

0

0

1

 Ақиқаттық кестесін құру: Мысал:  D = ЕМЕСA & ( B+C )

1) А; 2) В; 3) С; 4) ЕМЕС A -  инверсия А  (Е белгілейміз)

5) B + C - дизъюнкция операциясы (F белгілейміз)

6) D = ЕМЕС A & ( B+C ), яғни, D = E &  F - конъюнкция операциясы