Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

6 Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар

Мәліметтер – ақпараттың құрамдас бөлігі. Тіркелу әдісіне сәйкес мәліметтер әр түрлі тасуыштарда сақталады және тасымалданады. Ең кең тараған мәліметтерді тасуыш кағаз болып табылады. Заттың оптикалық қасиеттерінің өзгерісі лазерлік сәулелердің көмегімен жазылатын тасуыштар СD-ROM-да қолданылады. Магниттік касиеттердің өзгерісін колданатын тасуыштар ретінде магниттік таспалар мен дискілерді алуға болады.

Мәліметтерге қолданылатын амалдар. Ақпараттық процесс барысында мәліметтер әдістердің көмегімен бір түрден екінші түрге өзгереді. Мәліметтерді өңдеу көптеген амалдардың жиынтығынан тұрады: мәліметтерді жинау;

• мәліметтерді қалыптастыру;

• мәліметтерді сүзгілеу;

• мәліметтерді сұрыптау;

• мәліметтерді топтастыру;

• мәліметтерді архивтеу;

• мәліметтерді қорғау;

• мәліметтерді тасымалдау;

• мәліметтерді түрлендіру.

Жоғарыдағы мәліметтерге қолданылатын амалдар тізімі толық емес. Бүкіл әлемде миллиондаған адамдар мәліметтерді кұру, өңдеу, түрлендіру және тасымалдаумен айналысады, әрбір жұмыс үстелінде әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени процестерді басқару үшін қажет арнайы амалдар орындалып отырады. Барлық мүмкін болатын амалдардың толық тізімін кұрастыру мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Бұдан ақпаратпен жұмыс істеуге көп уақыт кетеді, сондықтан оны автоматтандыру қажет деген корытындыға келеміз.

Мәліметтердің негізгі құрылымы. Егер мәліметтер реттелген, яғни қандай да бір берілген құрылымға сәйкестендірілген болса, онда олармен жұмыс істеуді автоматтандыру оңайға түседі. Мәліметтер құрылымының негізгі үш түрі бар: сызықтық, кестелік және иерархиялық.

Мәліметтердің сызықтық құрылымы дегеніміз әрбір элементтің адресі мен нөмірі бірмәнді анықталған реттелген кұрылым. Сызықтык құрылымға мысал ретінде тізімдерді алуға болады.

Кестелік құрылымды мәліметтермен танысу үшін біз көбейту кестесін еске түсірсек жеткілікті. Кестелік құрылымдардағы элементтер ұяшық адрестерімен анықталады. Ұяшық адресі кестенің қиылысқан жолдар мен бағандарының нөмірімен анықталады.

Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі.

  2. Қазіргі информатика құрылымы.

  3. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.

  4. Санау жүйелері.

  5. Позициялы, позициясыз санау жүйелері.

  6. Екілік санау жүйесі. Екілік санау жүйесіндегі арифметикалық амалдар (қосу, алу, көбейту, бөлу).

  7. Ондық сандарды басқа санау жүйелерінде өрнектеу.

  8. Бүтін сандарды өрнектеу.

  9. Бөлшек сандарды өрнектеу.

Глоссарий

Информатика – ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Ақпарат көлемі – хабардың ұзындығы, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар саны.

Ақпарат құндылығы – оның көмегімен қандай мәселелер шешуге болатындығына байланысты анықталады.

Ақпарат өзектілігі – өзгерген жұмыс жағдайында қажетті маңызын жоғалтпайтын ақпарат, яғни зерттелу аймағында объектінің қалып-күйін кез келген сәтте делме-дәл бейнелей алатын ақпарат.

Ақпарат толықтылығы – қойылған сұраққа толық әрі тиянақты жауап бере алатын ақпарат.

Ақпарат түрлері – мәтіндік, сандық және графикалық ақпараттар.

Ақпарат түсініктілігі – ақпаратты алушыға түсінікті тілде жазылған мәлімет.