Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

4 Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері.

«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, баяндау, хабардар болу деген үғымдарды білдіретін іnformatіo сөзінен шыққан.

Ақпаратты ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.

Ақпарат ұғымының өзі кем дегенде үш объектінің – ақпарат көзі, ақпаратты қолданушы және жіберуші ортаның болуын ұйғарады. Ақпарат таза түрінде берілмейді, қабылданбайды және сақталынбайды.

Оны тасушы хабар болып табылады. Хабар – ақпарат көзі арқылы бекітілген және шартты физикалық символдардың тізбектерінің көмегімен өрнектелген кодталған оқиғаның эквиваленті. Хабарды жіберу құралдары ретінде - ақпараттардың байланыс каналы болып табылады. Байланыс каналдары арқыл хабар осы каналға ғана тән сигнал түрінде беріледі.

Сигнал - байланыс каналдары арқылы таралатын және белгілі бір оқиға

туралы, бақылау немесе тексеру объектісінің қалпын, басқару каналдары

нұсқаулары және т.б. белгі, физикалық процесс немесе құбылыс. Сонымен,

электр сигналдары электрондық және электрлік тізбектерде, акустикалық газ,

сұйық және қатты денелер ортасында таралады. Ортамен берілетін және

қолданушы қабылдайтын ақпаратты алып жүретін сигнал қолданушы үшін осы ақпараттың түсуінен өзгеше белгілі бір мағынасы бар. Бұл арнайы келісім арқылы жүзеге асырылады, соған сәйкес сигнал интерпретацияланады, яғни алынатын сигналдан мағынасы қолданушыға түсініктісі алынады. Яғни, қабылданған сигналды қарапайым физикалық тіркеу, егер бұл сигналдан қолданушыға белгілі ережелер көмегімен мағынасы бар сигнал алынбаса ақпарат көзінен ақпарат алды дегенді білдірмейді. Мұнда атап өтетін нәрсе, сигналдың өзі алып келетін оқиға немесе құбылыс туралы ақпаратпен тікелей физикалық байланыста болмауы да мҥмкін. Бұл кезде ақпарат объектілердің және құбылыстардың қасиеті ретінде көптеген жағдайларды тудырады, олар бейнелеу көмегімен бір объектіден екіншісіне беріледі және оның құрылымында сақталынып қалады.

Хабар дискретті және үздіксіз болып бөлінеді.

Дискретті хабар ақпарат көзінің жеке элементтерін - белгілерді біртіндеп

шығару нәтижесінде қалыптасады. Әр түрлі белгілердің жиыны хабар көзінің

алфавиті, ал белгілер саны – алфавит көлемі деп аталады. Дискретті хабардың кең тараған түрі – деректер болып табылады.

Үздіксіз хабарлар элементтерге бөлінбейді. Олар уақыт функцияларымен

сипатталады. Оның мысалы ретінде сөйлеу, телевизиялық бейнелер.

Байланыс каналдармен хабарларды жіберу үшін оған белгілі бір сигналды сәйкестендіру керек. Ақпараттық жүйелерде сигналдар деп хабарды бейнелейтін (тасымалдайтын) физикалық процесті түсінеміз. Хабарды берілген байланыс каналы бойынша жіберуге ыңғайлы сигналға түрлендіруді кең мағынадағы кодтау деп атайды. Қабылданған сигнал бойынша хабарды қалпына келтіру операциясын декодтау деп атайды.

Ақпараттық параметрлердің құрылымына байланысты сигналдар дискретті, үздіксіз және дискретті-үздіксіз болып бөлінеді.

Дискретті хабарлар – уақыт аралығында біртіндеп ақпарат көзі құратын

шектеулі элементтер жиынынан тұрады. Элементтер (символдар) жиынтығы

ақпарат көзінің алфавитін құрайды.

Үздіксіз хабарлар уақыт аралығында өзгеретін қандай да бір физикалық шамамен беріледі. Белгілі бір санаулы уақыт аралығында хабарлардың шектелген жиынын алу дискретизациялау (уақыт бойынша), кванттау (деңгей бойынша) арқылы жҥзеге асырылады.

Көп жағдайда қандай да бір физикалық процестің жүруі туралы ақпарат уақыт бойынша ұздіксіз өзгеретін сигналдар сәйкес датчиктер арқылы өндіріледі. Аналогтық сигналдардың цифрлы сигналға өтудегі артықшылығы – ақпаратты жеткізу, сақтау немесе өңдеуде. Түрлендіруді арнайы құрылғы – үздіксіз сигналдарды түрлендіргіш жүзеге асырады және уақыт бойынша дискретизациялау және деңгей бойынша кванттау арқылы орындалады.

Ақпарат қасиеттері. Ақпарат болу керек:

Нақты – мәселелердің нақты қалпын сипаттайтын ақпарат;

Түсінікті – қабылдауға түсінікті түрде сипатталған ақпарат;

Маңызды – қазіргі мезетте маңызды ақпарат;

Толық – қойылған мақсатқа жету үшін көлемі жеткілікті ақпарат;

Пайдалы – қойылған есепті шешуге көмектесетін ақпарат;

Ақпарат түрлері. Бізді қоршаған түрлі ақпаратты топтауға болады:

пайда болу саласы бойынша:

  • өлі табиғат процесстерін, құбылыстарын сипаттайтын ақпарат элементар немесе механикалық деп аталады,

  • жануар және өсімдік әлемнің процесстері — биологиялық;

  • адамзат қоғамы — әлеуметтік;

тасымалдау және қабылдау тәсілдері бойынша:

  • көрінетін символдар мен обаздар арқылы тасымалданаты ақпарат визуалды деп аталады;

  • дыбыспен — аудиалды;

  • сезіммен – тактильді;

  • иіс пен дәммен — органолептикалық;

  • есептегіш техника құралдарымен берілетін және қаьылданатын ақпарат машиналық деп аталады.

қоғамдық маңыздылығы бойынша ақпаратты үш түрге бөлуге болады:

  • жеке;

  • көпшілік;

  • арнайы.