Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД инф Иняз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.04 Mб
Скачать

2 Қазіргі информатика құрылымы

Қазіргі заманғы ақпараттанудың құрылысы: кибернетика, теориялық информатика, есептеу техникасы, бағдарламалау, ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект.

Теориялық информатика - математикалық бөлімдер енгізілген информатиканың бөлімі. Ол математикалық логикаға сүйенеді және алгоритм мен автоматтар теориясынан, ақпарат теориясы мен кодтау теориясынан, формальды тілдер және грамматика теориясынан, операцияларды зерттеу және басқаларынан тұрады. Информатиканың бұл бөлімі ақпаратты өңдеу сұрақтарын жалпы үйренуде математикалық әдістерді қолданады.

Кибернетика – жанды, жансыз және жасанды жүйелердегі басқаруды зерттейтін ғылым. ХХ ғасырдың 40 жылдары ағылшын математигі Норберт Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік тудырды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, коғамдағы және тірі, өлі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. «Ақпарат» ұғымын қолдану қазіргі биологияның, әсіресе оның нейрофизология және генетика сияқты бөлімдерінің дамуына маңызды ықпал жасады.

Қазіргі кезде Кибернетика қолданбалы информатика бағытында автоматтандырылған жүйені басқарудың әр түрлі деңгейдегі күрделілігін қарастырады.

Есептеу техникасы – есептеуіш жүйелердің жалпы құрастырылу принциптері, есептеуіш жүйелердің жаңа архитектуралары, құрылғылыардың өзара байланысу принциптері мен қазіргі функционалдық мүмкіндіктері жасалатын бөлім. Мысал ретінде ЭЕМ шиналық архитектурасын, ақпаратты өңдеудің параллельді (көппроцессорлы) архитектурасын айтуға болады.

Бағдарламалау – бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйесін жасаумен байланысты қызмет. Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру ішінде – жаңа бағдарламалау тілдері мен олардың компиляторларын жасау, интерфейстік жүйе (Windows) құрастыруды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру қосымшалары ішінен – мәтіндерді өңдеу жүйелері, электрондық кестелік процессорлар, мәліметтер қоры, графикалық редакторлар т.б. атауға болады.

Ақпараттық жүйелер – әртүрлі күрделі жүйелерде ақпарат ағынын талдау, оларды тиімділеу, құрылымдау, ақпаратты сақтау және іздеу принциптері есептерімен байланысты информатика бөлімі. Ақпараттық анықтамалар жүйесі, ақпараттық-іздеу жүйелері, Internet-те ақпаратты іздеу және сақтаудың глобальдық жүйелері, WWW.

Жасанды интеллект – медицина, психология, физиология, лингвистика және басқа ғылымдармен қиылыстағы күрделі мәселелер шешілетін информатика аймағы. Бұл аймақтағы негізгі бағыт – бұл пікірлерді модельдеу, компьютерлік лингвистика, машиналық аудару, эксперттік жүйелерді жасау, образдарды айыра білу.

3 Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны

Дәстүрлі түрде қалыптасқан (техникалық, жаратылыстану, гуманитарлық және т.б.) ғылым жүйесіндегі информатиканың алатын орнын қарастыралық. А.П.Ершовтың анықтамасы бойынша: информатика – бұл «Іргелі жаратылыстану ғылымы» (фундаментальная естественная наука). Ал, академик Б.Н.Наумов информатиканы – «ақпараттардың жалпы қасиеттерін, процесстерді, әдістер мен оларды өңдеу құралдарын үйрететін жаратылыстану ғылымы» ретінде анықтады.

Іргелі ғылымдар - дегеніміз не және жаратылыстану ғылымдары - дегеніміз не? – осыны анықтап алайық. Іргелі ғылымдарға - әртүрлі қызметте және көптеген ғылым саласында қолданылатын негізгі түсініктері жалпы ғылыми сипатта болатын ғылымды жатқызуға болады. Мысалы, әр түрлі ғылымдардың ішінде математика және философия тәрізді пәндердің іргелі ғылымға жататынына ешқандай күмән жоқ. «Ақпарат», «ақпараттарды өңдеу процесстері» – деген түсініктердің де жалпығылыми мәні бар болғандықтан, информатика пәнін де осы іргелі ғылымдарның қатарына жатқызуға болады. Жаратылыстану ғылымдарына – физика, химия, биология және тағы да басқа ғылымдар кіреді. Олар біздің түсінігімізден тәуелсіз болып табылатын әлемнің объективті мәні бар істермен байланысты. Информатикадан оған – әртүрлі табиғи жасанды, биологиялық, қоғамдық жүйелерде ақпараттарды өңдеу заңдылығының бірлігін қамтитындығы жатады. Информатика ғылымы өзіне тән қасиеті арқылы әлеуметтік аймақты жетілдіру мен дамытуға себепші болатын гуманитарлық (қоғамдық) ғылымдарды да қамтиды.

Сол себепті, информатика ғылымы жоғарыда кескінделгені сияқты ғылыми білімнің кешендік, пәнаралық аймағы болып табылады.