Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Ұлттық кадрлар - мемлекеттің негізі

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды бағыттау мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Себебі ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру бүгінгі күннің басты талабы.

Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние.Данышпан ойшыл: «Адам деген ардақты атты лайықты алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемде жаман мен жақсыны, адамның ақылы ғана ажыратады» деген болатын.

Білімді болу деген сөз – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз, білімді адам көп нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады.

Сонымен қатар ғұламалар болашақ жастардың білімді болуы өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиеттеріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін дәлелдеген.

Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтіп, өркендететін жас мамандар керек. Сол үшін біз түрлі ғылымды меңгеріп, оны өз болашағымызға, мемлекетіміздің көркеюіне пайдалануымыз керек.

Ұлттық кадр дайындай отырып біздің еліміз алдағы уақытта экономикалық даму мен білім беру деңгейі жағынан аймақтағы көшбасшы елге айналады деп нық сеніммен айтуға болады.

(Ш.Жилкубаева, Р.Т.Изгуттинова, М.К.Ибраева.

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ Оқу-әдістемелік құрал. Өскемен, 2013)

3–тапсырма Мәтінді оқып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін сөздікпен анықтаңыз.

4–тапсырма Мәтін бойыншасұрақтарға жауап беріңіз.

1. Білім қалай бәсекеге түседі?

2. Ұлттық кадрлар қандай болуы керек?

3. Білімді болу деген не?

4. Жас мамандар қандай болуы қажет?

5–тапсырма Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз

6–тапсырма Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз

Бәсекеге қабілетті, ғылымды дамыту, ұлттық кадрлар, ғылымды басқару, білімнің сапасы, шет елдік мамандар, жаңа технологияларды үйрету, мамандарды даярлау.

7–тапсырма Мақал-мәтелдердің мәнін түсініңіз

◊ Өнерлі өрге жүзеді.

◊ Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

◊ Өнерлінің өрісі ұзақ.

◊ Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

◊ Ұстаздан шәкірт озар.

◊ Көргеннен көрмегенін көп,

Білгеннен білмегенін көп.

◊ Ақыл көпке жеткізер,

өнер көкке жеткізер.

◊ Білім ауысады,

Ырыс жұғысады.

◊ Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

13 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбына шағын шығарма жазу

3-тапсырма Еңбек, кәсіп туралы мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағынасын түсіндіріңіздер

Еңбексіз тапқан мал,

Есепсіз кетер.

Еңбексіз іс бітпейді,

Еріншектің қолы жетпейді.

Еңбек түбі – береке,

Көптің түбі – мереке.

Жас кезіңде бейнет бер,

Қартайғанда дәулет бер.