Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373 Кб
Скачать
☆

Абай Құнанбайұлы

4-тапсырма Берілген сөздерге қосымша жалғап, толықтауыш мүшелі сөйлем құраңыз 

А.С. Пушкин, роман-эпопея, Татьяна, философ, педагог.

5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Абай философиясы

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сондай-ақ Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен жақсы таныс болды. Батыс Европа философиясын, дәлірек айтқанда, Р. Декарт, Б. Спиноза, Г. Спенсер, Л. Фейербах еңбектерін оқыды.

Абайдың көптеген өлеңдері мен прозалық шығармаларында адам мен адамгершілік, ар, ұждан, мораль философиясына тікелей қатысты көлемді, әрі сапалы ойшыл пікірлері бар. Абайдың көптеген өлеңдерінде терең философиялық ойлары, табиғат, таным, ақыл жайлы толғаныстары көрініс тапқан: «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес», «Көк тұман – алдыңдағы келер заман», т.б. 45 сөзден тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер, т.б.), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған.

6-тапсырма Қарамен белгіленген сөздер қай тілден енген, мағынасын сөздік арқылы түсіндіріңіз

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.(Абай)

7-тапсырма Өлеңді аудармасымен оқып, салыстырыңыз, толықтауышты табыңыз

Қараңғы түнде тау қалғып, Горные вершины

Ұйқыға кетер балбырап. Спят во тьме ночной:

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып, Тихие долины

Түн басады салбырап. Полны свежей мглой,

Шаң шығармас жол-дағы, Не пылит дорога,

Сілкіне алмас жапырақ. Не дрожат листы...

Тыншығарсың сен-дағы Подожди немного,

Сабыр қылсаң азырақ Отдохнешь и ты.

(Абай аудармасы) (М.Ю. Лермонтов)

8-тапсырма Абай өлеңдерінен кірме сөздерді теріп жазыңыз, қай тілден енгенін айтыңыз.

2-сабақ Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция

1-тапсырма Мәтінді оқып, жоспар құрып, мазмұндаңыз

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі.

Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер жарыстырып, қырғыздың көл-көсір поэзиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл –интернационалист ақын.

2-тапсырма Мәтіннен қос сөздерді тауып, жазылу ерекшелігіне мән беріңіз

3-тапсырма Бос орынға керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз

Жамбыл – қазақ ......... әйгілі ...... . Қазақстан ........ ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік ........... тарихи ......... үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен .............. .

Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.

4-тапсырма Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз

Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.«Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы

5-тапсырма Қос сөздердің мағынасын түсіндіріңіз

Ата-ана, өлең-жыр, ақын-жазушы, бала-шаға, ақын-жырау.

3-сабақ Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз