Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Студенттің бос уақыты

Адамдар бос уақыттарын әр түрлі өткізеді. Біреулер үйде тыныштықта отырып демалғанды жақсы көреді. Көбінесе теледидар қарайды, музыка тыңдайды, кітап оқиды немесе өздерінің сүйікті ісімен айналысады. Ал кейбір адамдар табиғатқа шығады, жағажайға, саяжайға, тауға, демалыс үйлері мен сауықтыру кешендеріне барады.

Жазда адамдардың көбін жағажайдан кездестіруге болады. Жаздың ыстық күндері оларға суға түсу, күнге күю, жүзу ұнайды. Қазіргі кезде жағажайларда адамдардың демалуына көп жағдай жасалған.

Демалыс орындарының бірі – кинотеатр. Кинотетрға келген жаңа фильмдер туралы теледидардан берілген жарнамалардан, газетке шыққан хабарландырулардан білеміз. Бұл күндері кинотеатрларда тек кинозалдары ғана емес, сонымен қатар, би залдары, ойын бөлмелері, дәмхана бар. Сол себепті қазіргі кинотеатрларды ойын-сауық, демалу, көңіл көтеру орталығы деуге де болады.

Бос уақытта мәдени орындарға яғни театрға барып, әнші, биші, күйшілердің өнерін көрген дұрыс. Мұражайға барып, суретшілердің өнерін тамашалған да жақсы.

Сонымен қатар, бос уақытта таза ауада қыдыруды, мұз кешенінде сырғанақ тебуді, саябақта, қаланың көрікті жерлерінде серуендеуді, спортпен айналысуды әдетке айналдырса, кез-келген адамның бос уақыты қызықты өтері сөзсіз.

Ал студенттің демалуы мен бос уақытын өткізуі -білім алып жатқан оқу орнындағы тәрбие ісімен тығыз байланысты. Біздің оқу орнымыз студенттердің бос уақыттарын мәдени шараларға: қаламыздың көрікті жерлеріне, тарихи-мәдени орындарға апарып, спорттық ойындарға, мазмұнды мерекелерге қатысуын ұйымдастырып тұрады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін дебаттық, спорттық, өнертапқыш клубтары және әртүрлі байқаулар, фестивальдер ұйымдастырылады. Сонымен қатар, кiтапхана қорында студентке қажетті кітаптар, ғаламторда, электронды оқу құралдары да жетерлік. Кітапхананың жұмыс уақыты таңғы сағат сегізден, кешкі сағат тоғызға дейін. Университетімізде білім нәрімен сусындаймын деген студенттерге барлық жағдай жасалынған.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз

6-тапсырма Уақыт туралы нақыл сөздерді есте сақтаңыз

  • Адамдардың бәрінде уақыт бар, әйтсе де, ол барлық адамға жетіспейді.

  • Уақыт ойымыздан да жүйрік.

  • Уақыт – алақанымызға құйып алған су секілді, шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.

  • Уақыт бізге жаңа болып көрінген нәрсенің бәрін ескіртеді.

  • Сәбидің бір сағаты, қарттың бір күнінен қысқа.

  • Уақыт – керемет ұстаз, алайда шәкірттерін өлімге қиятыны жаман.

  • Уақытым бос өтті деп күлмеген күніңізді айтыңыз.

  • Әр күнің – жаңа өмір.

7-тапсырма «Менің күн тәртібім» тақырыбында өз ойыңызды жазыңыз

3-сабақ Халықтың уақытты анықтау белгілері

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз!

бір сәт - мгновение

қас қағым - миг

сүт пісірім- 5-10 минут

бие сауым - (1,5 часа)

ет пісірім - 2,5 - 3 часа

жарты күн - пол дня

тәулік - сутки

бір күн - один день

бір түн-одна ночь

ғасыр (100 жыл) - век

мүшел (12 жас) - двенадцатилетний цикл

таным-түсінік - познание

табыну - поклонение

қағида - правило, принцип

сенім - доверие

көшу - перекочевывание, кочевать

қыстау - зимовка

соғым - убоина

мал төлдету - подготовка к принятию приплода

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Қазақ халқы уақытты анықтауда, өзіндік бай тәжірибе жинақтап, оны қолданудың сәті мен жолдарын, оған лайықты сөз өрнектерін таба білді. Мерзім, мезгіл өлшемдеріне қатысты халық өлшемі мен атаулары өте бай. Ұлттық ұғымда мерзім - уақыттың, мезгілдің шамасы мен ұзақтығын білдіреді (мысалы: бие сауым, күн, ай, тоқсан). Мезгіл сол уақыттың бір сәтін айқындайды (мысалы: түс, кеш, түн ортасы). Қыс, көктем, жаз, күз мезгіл өлшемдеріне жатады. Мерзім өлшемдері: бір сәт, қасқағым, ә дегенше (1 секунд), сүт пісірім (5-10 минут), бие сауым(1,5 сағат), ет пісірім (2,5 - 3 сағат), жарты күн, тәулік - бір күн, бір түн немесе 24 сағат, апта (7 күн), ай (30 - 31 күн), тоқсан (3 ай), жыл (365 күн немесе 12 ай), ғасыр (100 жыл). Адам өмірі де жас (1 жыл), мүшелмен (12 жас) есептеліп, бір мүшел (13 жас), екі мүшел (25 жас), үш мүшел (37 жас), төрт мүшел (49 жас), тағы сол сияқты бөліне береді.Мерзім өлшеміне күн, ай аттары да жатады. Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп, айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әртүрлі және өте бай (мысалы: елең - алаң, таң сәрі, т.б.). Уақыт шамасын анықтау арқылы халқымыз таным - түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау қасиетін, тіл қабілетінің жоғары тұрғанын да дәлелдеп береді. Қазақ халқы бір кезде уақытты күннің, айдың, жұлдыздың қозғалысы мен тууына қарай болжап белгілеген. Олар уақытты күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап болжаған. Бүгінгі күні қазақ халқының астрологиялық есептері, ғылымға сәйкес қағидалары мен сенімдері болғаны туралы анықталып, көп айтылуда.

Қазақтар осы есеп арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеу мен қыстауға қашан келіп, қой мен қозыны қай уақытта қырқу, қай мезгілде мал төлдету, соғымды қашан сою, шөпті қашан шабу сияқты шаруашылық мезгілдерін тап басып, белгілеп отырған

(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)

3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

4-тапсырма Жақша ішіндегі сөздерге қажетті қосымшаларды жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз

Күн (атқан)... батқанға дейінгі (уақыт)... әр халық өзінше бөлген. Мысалы, парсылықтар (күн )... (бес)... бөлсе, ежелгі мысырлықтар (он екі).., бөлген. Біз қазір ежелгі Вавилон тұсында-ақ пайда болған уақыт санау (жүйесі)... қолданамыз. Онда (тәулік). 24 сағатқа, ал (сағат)... 60 минутқа бөлген.

5-тапсырма Білгеніңіз жөн!

Күн шыққаннан батқанға дейінгі уақытты әр халық өзінше белгілеген. Мысалы, парсылықтар күнді беске бөлсе, ежелгі мысырлықтар 12-ге бөлген. Біз қазір ежелгі Вавилон тұсында-ақ пайда болған уақыт санау жүйесін қолданамыз. Онда тәулікті 24 сағатқа, ал сағатты 60 минутқа бөлген.

Уақытты өлшеу үшін қолданылатын ең қарапайым аспаптар - құм сағат және су сағат.

Құм сағат Азия елдерінде шыққан. Құм сағаттар ұзақ уақыт кемелерде қолданылып келді, қазір медицина саласында, ем қабыбылдау кабинеттерде қолданылады.

Ежелгі заманда «клепсидр» (грекше - су ұрлаушы) деа атаған су сағаттар кең тараған-ды. Бұл сағат уақытты ағып шыққан су мөлшеріне қарап айырған.

Маятник - қазіргі сағаттардың негізгі бөлігі. Маятникті уақытты өлшеуге пайдалануды ең алғаш Галилео Галилей ұсынған. 1656 жылы голландиялық ғалым Христиан Гюйгенс жасап шығарды («Алгорифм» журналынан).

6-тапсырма Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Уақытты ертеректе немен өлшеген екен?

2. Құм сағатты нені өлшеуге пайдаланған?

3. Клепсидр делінген сағаттың қандай түрі? Онымен нені өлшеген?

4.Маятникті уақытты өлшеуге пайдалануды кім ұсынған?

5. Христиан Гюйгенс қай жылы қандай сағат ойлап тапты?

7-тапсырма Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын ашыңыз

Три вещи никогда не возвращаются обратно: время, слова, возможность.

Три вещи никогда не следует терять: спокойствие, надежду, честь.

Три вещи в жизни наиболее ценны: любовь, убеждения, дружба.

Три вещи в жизни никогда не надежны: мечты, удача, состояние.

Три вещи определяют человека: труд, честность, достижения.

Три вещи разрушают человека: гордыня, злость, богатсво.

8-тапсырма Кестені толтырыңыз (Ұяшықтағы сөздер: Жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндері, мүшел жылдар)

Жыл мезгілдері

Ай аттары

Апта күндері

Мүшел жылдар

4 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Уақыт алтыннан да қымбат» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма Қазақ халқының ұғымындағы киелі сандар туралы айту

3-тапсырма Мақал-мәтелдерді керекті сөздермен толықтырып жазыңыз

1 .......................... орда бұзбаған, ............................. қамал ала алмайды.

2 .............. – ердің жасы, - .................. ел ағасы.

3 ...................... досың болса да, ......................... жетпей тұрады.

4 ................................ күн атан болғанша, ................... күн бура бол.

5 ......................... түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі.

6 ........................... жаудан да ....................... жансыз жаман.

7 ........................... елі ауызға ............................. елі қақпақ.

8 Білекті .................... жығар, білімді ......................... жығар.

4-тапсырма «Уақытты үнемдеу де - өнер» тақырыбына шығарма жазыңыз

5-тапсырма Білгенге маржан

Бізге берілетін уақыттың әр секундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз;

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың;

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың ;

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың;

1 сағаттың қадірін білгің келсе, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың;

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың;

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың;

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың;

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.