Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі жастар.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар... күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады",-делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.

4-тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыз

5-тапсырма Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», сәйкес келмесе, «жалған» деп жауап беріңіздер

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Жастардың мүмкіндігіне қарай қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан өзін оқшау ұстағаны жақсы

  1. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік, кәсібилік өте керек емес

  1. Жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі емес

  1. Жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды

  1. Олар саясатта да шешуші рөл атқара алмайды

6-тапсырма Шашылған сөздерден сөйлемдер құрастырыңыз

  1. Табиғатына, және, мінез, жарасатын, болу, мұндай

  2. Тұра, азаматтық, білдірмей, ұстанымын, алмайды

  3. Олар, аяқталмай, істерді жатқан, мәреге, бүгінгі, жеткізді

  4. Отыр, олардың, бүгінгі, онға, 1998, саны, жылы, жетпейтін, асып, отыр, елуден, бүгінгі, күні

7-тапсырма Мына етістіктермен сөйлемдер құрастырыңыз

Ұйымдастыру, өркендеу, еліктеу, өзгерту, қолдау, талқылау, дайындау.

3-сабақ Жастар және қоғамдық ұйымдар

1-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз.

Жастар

ұйымдары

2-тапсырма Жаңа сөздерді есте сақтаңыз!

Дербес-личный, персональный

қолдау-поддерживать, одобряд

дағдарыс-кризис

жұмыссыз-безработный

кәсіби біліктілік-квалификация

ұйым –организация

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Жастар және қоғамдық ұйымдар

Бүгінгі таңда, еліміздегі азаматтық қоғамның дербес, белсенді және жауапкершілігі мол бөлшегінің бірі - жастар. Ел аумағында, мың екі жүзге жуық жастар ұйымы жұмыс жасап,  мемлекет қолдауы арқылы жыл сайын 50 мыңнан астам жастарға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде экономикалық дағдарыс өрістеп, миллиондаған жастар өмірден өз орнын таппай, жұмыссыз қалуда. Қазақстанда Елбасының бастамасымен жалпы ұлттық: «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі»  және «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары жұмыс жасауда. Жыл сайын ЖОО мен колледждерді бітірген мыңдаған жас мамандар жалақысы жоғары,  сенімді жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазақстанның жастар қозғалысы Елбасының жастарға арналған жаңа әлеуметтік сатысын қалыптастыру бастамасын қызу қолдады. Жұмысқа қабылдау кезіндегі әділдік пен кез-келген жас дарынды қазақстандық мүмкіндіктерінің тең болуын қамтамасыз етіп, өз білімдері мен тәжірибесін Отанымыздың игілігіне жұмсауға мүмкіндік береді.

Елімізде кадрларды даярлаудың қабырғалы жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл қоғам алдында тұрған ірі мәселе қазақстандық компаниялардың білікті кадрларды қажет етуінде, ал жоғары оқу орындарының жұмыс орындарына деген қажеттілігіне жауап береді. Аталған жүйе жастарға кәсіби біліктіліктерін арттыруға және оларды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жүйелі бағытталған мемлекеттік саясат арқылы мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары мен қозғалыстар арасындағы қарым-қатынас тетіктері жетілдіріліп келеді. Жыл соңына дейін 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жасалып, аталған сала бойынша заңнаманың жаңаруына мүмкіндік береді.Білім және ғылым министрлігі құрамында Жастар саясаты жөніндегі комитеттің, ал аймақтарда, сәйкесінше, басқармалардың құрылуы еліміздің әрөңіріндебарлық деңгей­де жастардың жедел және тиімді жобалары мен бастамаларының жүзеге асырылуына ықпал етеді. Бұл – жастарға одан әрі жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктер ашылады деген сөз.

Елбасының жастар мәселесін үнемі назарда ұстауының нәтижесінде бүгінде бізге барлық есіктің ашық екендігін сеніммен айта аламыз! Ендеше жастар үшін білім алуға және жұмыс жасауға барлық жағдайлар жасалған.

Жастар және қоғамдық ұйымдар: «НұрОтан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты; «Жасыл ел» ЖЕЖРШ; «Қазақстан Жастар конгресі» ЗТБ; Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы; «Ауыл жастар одағы» ҚБ; «ҚСА» республикалық студенттік қозғалысы» ҚБ; «Ұлттық Дельфийлік комитет» ЖМ; «Қазақстанның жас депутаттар қауымдастығы» РҚБ; «Студенттік құрылыс жасағы» РШ ЖМ; «Қазақстан Жастар Конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі» ЖҚБ; «Жарқын Болашақ Белесі» ҚБ; «Казбренд» ҚБ; «Астана қаласының жастар мәслихаты» ҚБ; «Жігер» ҚБ; «Қарсы» ЖҚҚ» ҚБ; «Дипломат» ҚҚ; «Есірткісіз болашақ» КҚ; «Пікір сайысшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ.

4-тапсырма Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттың алаңдататын тағы бір тұсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматының орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да алаңдататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда Қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Небәрі төрт тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осыдан көруге болады.

Мінеки, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар, ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?

Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қам-қарекеттерінде жаңа үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған қоғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан, қайткен күнде де соны жақсартуға тырысуда.

6-тапсырма Сөйлемдерді дұрыс септік жалғауында тұрған сөзбен жазыңыз

1.Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы болып жатқан оқиғалардан//оқиға өзін оқшау ұстамағаны жақсы

2.Әрбір қоғамның, әрбір отбасы//отбасының ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп, ержетуіне байланысты.

3. Небәрі төрт тараудың//тарауды құрайтын 18 бабы бар Заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуге үлкен үлес қосатын құжат екенін осымен//осыдан көруге болады.

4. Бұл ел ағасы//ағаларын да алаңдататын жағдай.

7-тапсырма Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз

Тұжырымдаманы

Түсу

Бағдарламаны

Дайындау

Жұмысқа

Алу

Кәсіпкерлерді

Жазу

Мамандарды

Тапсыру

Оқуға

Шақыру

Шығарма

Жетілдіру

Емтихан

Бекіту

Жоспар

Оқыту

8-тапсырма Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз

Молодым необходимо предоставлять все возможности для поисков своей индивидуальности и своего места в жизни. Это делается через полноценное и систематизированное обучение; финансирование молодежных общественных и социальных проектов; общение с сильными, цельными и самодостаточными людьми, имеющими возможность и желание передать свой опыт. Но для того, чтобы узнать свои сильные и слабые стороны, почувствовать свой предел прочности, научиться бороться со своими страхами – молодежь должна пройти через духовные и физические испытания. Например, те же экстремальные виды спорта, как, впрочем, и спорт вообще, дают возможность нащупать свою «грань возможного».

14 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма  «Қоғам және жастар», «Қазақстанның жарқын болашағы - білімді ұрпағында», «Жастар және қоғамдық ұйымдар» атты тақырыптарды мазмұндау

2-тапсырма Мәтінді орыс тіліне аударыңыз