Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

1. Мақалды толықтырыңыз? Отан оттан да ...

А) жақсы

Ә) күшті

Б) алтын

В) ыстық

Г) суық

2. Қай жылы біздің елімізде Отбасы жылы болып жарияланды?

А) 2002 жыл

Ә) 2003 жыл

Б) 2004 жыл

В) 2005 жыл

Г) 2006 жыл

3. Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген. Нешінші бапта жазылған?

А) 23-бабында

Ә) 24-бабында

Б) 25-бабында

В) 26-бабында

Г) 27-бабында

4. «Сәлем» сөзі қай тілден шыққан?

А) орыс тілінен

Ә) парсы тілінен

Б) араб тілінен

В) түркі тілінен

Г) қазақ тілінен

5. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол қандай мағынаны білдіреді?

А) сізге алланың нұры жаусын деген сөз

Ә) сізге алланың жылуы төгілсін деген сөз

Б) сізге алла жәрдем берсін деген сөз

В) сізге алла көмектессін деген сөз

Г) барлық нұсқасы дұрыс

6. Адам тұратын, мекен ететін құрылыс қалай аталады?

А) үй

Ә) баспана

Б) тұрақ

В) тұрғын үй

Г) барлық нұсқасы дұрыс

7. Киіз үй біздің заманымыздың нешінші ғасырынан бастап пайдаланған?

А) ІII

Ә) IV

Б) V

В) VI

Г) VII

8. Қай кезден бастап балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастаған?

А) ХІ ғасырдың екінші жартысынан

Ә) ХІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

Б) ХІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

В) ХVІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

Г) ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана

9. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай нешеге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

10. Киіз үйдің сүйектеріне жататын қатарды көрсетіңіз.

А) шаңырақ

Ә) кереге

Б) уық

В) сықырлауық

Г) барлық нұсқасы дұрыс

  1. Кеуде сүйектері кеңдігінің мөлшеріне сәйкес шартты түрде адамның дене құрылысы неше түрге бөлінеді?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В) 4

Г) 5

12.«Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Міне осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтылар едім» – депті. Кімнің сөзі?

А) В.А.Сухомлинский

Ә) Р.Шеридан

Б) Қ. Өрісбаев

В) М. Сүлеймен

Г) Т.Рашидов

13. «чистосердечный» сөзінің аудармасы

А) ақкөңіл

Ә) қарапайым

Б) көңілді

В) ашуланшақ

Г) қатыгез

14. Сөйлемді толықтырыңыз. Атаққұмарлар мен мансапқорлар ... ... және өзімшіл болып келеді.

А) атақ пен даңққа

Ә) мансапқа қызыққыш

Б) айлакер

В) өркөкіректеу

Г) барлық нұсқасы дұрыс

15. Мінез-құлық әдептеріне нелер жатады?

А) кішіпейілділік

Ә) кең пейілділік

Б) ақкөңіл

Г) қарапайым

В) аталғандардың барлығы

16. Жаңа Ата Заң қай жылы қабылданды?

А) 1991 жылы

Ә) 1992 жылы

Б) 1993 жылы

В) 1994 жылы

Г) 1995 жылы

17. Қай жылы ҚР рәміздері қабылданды?

А) 4 маусым 1990 жыл

Ә) 4 маусым 1991 жыл

Б) 4 маусым 1992 жыл

В) 4 маусым 1993 жыл

Г) 4 маусым 1994 жыл

18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?

А) Жандарбек Мәлібеков пен Шот – Аман Уалиханов

Ә) Жандарбек Мәлібеков пен Алмас Уалиханов

Б) Шот – Аман Уалиханов пен Шәкен Ниязбеков

В) Е. Шаймерденұлы мен Шот – Аман Уалиханов

Г) Жандарбек Мәлібеков пен Шоқан Уалиханов

19. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы неше тарау, неше баптан тұрады?

А) 2 тарау, 7 бап

Ә) 5 тарау, 47 бап

Б) 1 тарау, 23 бап

В) 7 тарау, 35 бап

Г) 6 тарау, 27 бап

20. Қоғамның, отбасының ертеңгі келбеті кімдерге байланысты?

А) қарттарға

Ә) қарияларға

Б) ұстаздарға

В) жастарға

Г) нәрестелерге

2 аралық бақылау сұрақтары

1.Тілдер мерекесі қай кезде тойланады?

А) 22 қыркүйек

Ә) 16 желтоқсан

Б) 22 наурыз

В) 26 қыркүйек

Г) 16 наурыз

2. Еліміздің батыс өңірінен алынатын пайдалы қазбалар қатарын көрсетіңіз.

А) түсті металл

Ә) көмір, мыс

Б) мұнай, газ

В) газ, түсті металл

Г) газ, түсті металл, көмір, мыс, мұнай

3. Сөйлемді толықтырыңыз. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын ..........................  

А) заң шығару, сот iсiн жүргiзу және тәртіпті жүргiзу тiлi

Ә) сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын, тәртіпті жүргiзу тiлi

Б) мемлекеттi басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзуін жүргiзу тiлi

В) мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi

Г) мемлекеттi басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi