Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Экспо 2017

Халықаралық Көрме Федерациясы ұйымдастырған ең үлкен көрме болып табылатын EXPO 2017 Қазақстанның елордасы Астанада өткізілетін болды.Көрме ұйымдастырушылар көп уақытқа жалғасқан зерттеу мен тексерулерінен кейін EXPO 2017–нің қай елде өткізілетінін дауысқа салды. Аталмыш көрмені өткізу құқығын Қазақстан жеңіп алды.EXPO 2017Халықаралық Көрме Кеңсесі тарапынан Парижде өткізілген жасырын дауыс тәсілімен анықталды. Жасырын дауысқа салуда 103 ел көрменің Астанада өткізілуін қолдады, ал 44 ел Бельгияның Лиг қаласы үшін дауыс берді.

EXPO 2017-нің Астанада болуы Орталық Азия және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын нығайта түсері сөзсіз.5 жылда бір рет өткізілетін көрме халықаралық деңгейде өткізілмекші. Қазақстан осы EXPO 2017үшін «Болашақтың энергиясы» деген тақырыптағы жобамен жарысты. 2017 жылы Астанада болатын көрменің инфрақұрылымын дайындау үшін барлық алғы жұмыстар аяқталды. Лауазымдылардың есептеулеріне қарағанда EXPO 2017 көрмесі Қазақстанға шамамен 1,6 миллиард долларға түседі.

Қазақстан аталмыш көрмені өткізу үшін 2011 жылы өтініш берген болатын. EXPO 2017 процесінде Астанаға қонақүйлер, бизнес және ойын-сауық орталықтары сынды көптеген жаңа құрылыстар салынуда.

3-тапсырма «ҚР рәміздері», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» туралы хабарлама жазу

4-тапсырма Берілген өлеңді жаттап алыңыз

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ келдағы от ал менен.

М.Мақатаев

VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері

1-сабақ Халықтық қолөнер

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1. Қазақтың қандай қолөнерлерін білесіз?

2. Сәндік қолданбалы өнерінің қандай түрлерін білесіз?

3. Сізге сәндік қолданбалы өнердің қай түрі ұнайды?

4. Қолөнер шеберлері деп кімдерді айтамыз?

5. Теріден қандай бұйымдар жасауға болады?

6. Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?

7.Теріден, былғарыдан не жасауға болады?

8. Аң терілерінен не тігуге болады?

9. Осы бұйымдардың көпшілігі немен әшекейленіп, көркемделген?

2-тапсырма Дәстүрлі қолөнер түрлерінен жасалған қандай заттарды білесіз? Білсеңіз кестені толтырыңыз

Атауы

Неден жасалады?

Қолдануы

Қолданылатын құрал-жабдық

тар

Осы материалды жете меңгерген қолөнершілер

3-тапсырма Төменде берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем

құрастырыңыз

Ағаш

Жүн

Арқан-жіп есу

Киіз басу

Кілем тоқу

Сүйек

Тұяқ

Мүйіз

Зергерлік өнер

Тас

Қыш

Ер-тұрман жасау

Кесте тігу

НоқтаАрқан

Жүген

Құрық

Бұғалық

Тұсау

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз