Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Күй атасы – Құрманғазы

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі.

Күйші 1818 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әртүрлі әңгіме тыңдаған.

Құрманғазының алғашқы ұстазы – Ұзақ болған. Ұзақпен ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайсына түскен.

Күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Ол – әрі күйші сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Күйшілік өнерді ерекше сатыға көтерген ол ұлттық аспаптық музыканы әлемдік классикалық туындылармен тайталаса алатын дәрежеге жеткізе білді. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй өнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түссе, шәкірттері арқылы домбырашылық шеберлігі жалғасын тапты. Оның күйлерінде өз заманының болмысын сипаттайтын тарихи мазмұн да, терең ойға жетелейтін саздылық та толы.

Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешен», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Көбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар. Мысалы, «Кішкентай», «Көбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет көтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің өз өміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан көрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан. Құрманғазы күйлері түрлі тақырыпты қамти отырып тыңдаушысын ерекше әсерге бөлейді. Бойға жігер, көңілге шаттық ұялатады. Оның «Бас Ақжелең», «Ұзақ Ақжелең», «Серпер», «Алатау» тәрізді күйлері өзге халықтың симфониялық шығармаларынан кем емес ұлттық мұра болып қалды. Құрманғазы алғашқы кезде Ұзақ күйшіден, кейін Байжұма, Баламайсан, Есжан, Шиіркеш тәрізді күйшілерден білім алып, ұстаз тұтса, өзі де күйшілік өнерде өзіндік мектеп қалыптастырған ұлы ұстазға айналды. Сазгер ретінде артына қалдырған мол мұрасы арқылы сан ұрпаққа рухани тәрбие беріп, халық рухын көтеруге қызмет етіп келеді. Алматыдағы ұлттық консерваторияға және бір көшеге Құрманғазы есімі берілген. Сондай-ақ Ахмет Жұбанов 1934 жылы ұйымдастырған қазақтың тұңғыш академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысындағы бір аудан Құрманғазы атымен аталады. Құрманғазының зираты Ресейдің Астрахань облысында жатыр.

4-тапсырма «Домбыра», «Күйші» сөздерін септеңіз

5-тапсырма Ұлттық аспаптар жайлы не білесіз? Әңгімелеу

3-сабақ Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдық игіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

салт-дәстүр – обычай; традиция

имандылық - мораль; гуманность

құндылық – ценность; значимость; важность

Баулу – приучать;воспитывать

шынайы - 1) истинный; искренний 2) настоящий; истинный

сана - сознание

қыңыр – упрямый; капризный

есер- 1) сумасбродный; безрассудный 2) придурковаый

бейбастақ - 1) бесчинствующий; необузданный; не подчиняющийся порядку; разнузданный; распоясавшийся

2) грубый; невоспитанный

2-тапсырма Берілген сөздерді орыс тіліне аударыңыз

Меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік,

салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығарма-шылдық, рухани байлық.

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз