Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373 Кб
Скачать
☆

Қазақ халқының ежелгі баспанасы - Киіз үй

Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырынан бастап пайдаланылған. Киіз үй басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым тау-тастарындағы сурет таңбалар дәлел бола алады.

Киіз үй - қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы. Ол көшіп - қонғанда тез жиып, шапшаң тігуге ыңғайлы. Жазда ауасы таза әрі салқын. Жалпы киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Халық киіз үйдің қатты соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтінін білгендіктен, оны баспана етуді әдетке айналдырған. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында ғана балшықтан, шымнан қыстық үй (қыстау) сала бастағанымен, киіз үй осы күнге дейін бірге жасасып келе жатыр. Қазақтың киіз үйі ішкі қаңқасы (ағашы) мен сыртқы жамылғысына (киізі) қарай төрт қанат, алты қанат, сегіз қанат, он екі қанат болып бөлінеді.

Қазақстанда киіз үй жасайтын кәсіпорындар бар. Олар: Үштөбе киіз үй комбинаты, Сарысу, Атырау және Орал тұрмыс өтеу комбинаттары.

Киіз үй түрлері

Орда (Ақорда) - он, он екі және одан да көп қанатты салтанатты үй.

Отау - жас отбасы үйі.

Қараша үй - малшы, шаруа үйі.

Жолым үй - абылайша - керегесіз немесе уықсыз тігілген жолаушы үйі.

Күрке, қос - шаруашылық, ас сақтайтын үй.

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма  Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіз

р/с

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс

1.

Киіз үй – қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы.

 

 

2.

Киіз үй – тез жиналмайды, құрылуы да қиын.

 

 

3.

Киіз үй дауыл соқса да, жығылмайды.

 

 

4.

Қазақтар киіз үйде қыстаған.

6-тапсырма  Етістіктерді нүктенің орнына қойыңыз

Киіз үй көне дәуірде пайда .... . Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне ... . Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен ... . Киіз үй негізгі төрт бөліктен ...  .

Керекті сөздер: пайдаланылған, айналған, тұрады, болған.

3-сабақ Киіз үйдің құрылысы

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Киіз үй іші нешеге бөлінеді?

2.Үлкен адамдар мен қонақтарға арналған орын қалай аталады?

3. Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?

4. Үйдің күмбезін не құрайды?

5. Шаңырақ деген не?

6. Қазақтар «киелі қара шаңырақ» деп неге айтады?

7. Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?

8. Киіз үйдің есігі әдетте қай жаққа қарайды?

2-тапсырма Төменде берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастырыңыз

Шерсть, кожа, купол юрты, прутья, решетка, занавеска, валять войлок, шедевр, орнамент, ритуал

3-тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз

Каждая женщина-казашка умела украшать свое жилище (юрту), поэтому в юрте всегда было уютно и тепло. Мастерицы выкладывали в причудливый узор душу и сердце, потому их творенья становились истинными шедеврами народного творчества. Казахский народ создал самобытный орнамент, символику, в основе которых лежит знак Вселенной. Орнамент в древности имел ритуальное значение и люди понимали язык узора, умели его читать. Рисунок выкладывается на кошме, а для его выразительности применяется шнур.

В современной жизни народа казахской юрте придается большое значение, потому что она хранит в себе любовь к традициям и истории народа.

4-тапсырма Берілген мәтіндерді түсініп оқып, мазмұндаңыз