Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Халықтық қолөнер

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Қолөнер Қазақ жерінде ХVIII ғасырларда қатты дамыған. Қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер  мал шаруашылығына керекті шылбыр, ноқта, жүген,  құрық, бұғалық,  тұсау, ертұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра,  ыдыс-аяқ;  мүйізден, сүйектен,  мал  мен  аң  терісінен,  ағаштан  әшекейленген нақышты дүние-мүлік,  домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  шаңқобыз  сияқты  музыка  аспаптарын; темірден,  қылыш,  найза, қанжар,  айбалта,  қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде  киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік,сақина, сырға, алқа,шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дамыды.

Қолөнер:

  • Ұста- темірден бұйымдар жасайтын шебер;

  • Зергер – асыл тастан әшекей бұйым жасайтын шебер;

  • Тігінші – киім тігетін шебер;

  • Тоқымашы – тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер;

  • Етікші – аяқ киімдер тігетін шебер;

  • Өрімші – қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер;

  • Үйші – киіз үй сүйектерін жасайтын шебер;

  • Бәдізші – тасқа ою-өрнек салатын шеберлер деп бөлінеді.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз

6-тапсырма Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал-мәтелдерді

оқып, мағынасын түсіндіріңіз

  • Ер қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

  • Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

  • Жігіт көркі - өнер.

  • Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

  • Ата өнері - балаға мұра.

  • Ұстаны соққан пышағынан таниды.

  • Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

  • Қол өнері - кілемде,

Сөз өнері - өлеңде.

  • Шеберді шеге қағысынан таны.

  • Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

  • Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

  • Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

  • Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2-сабақ Қазақ театр және кино өнері

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1. Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады?  2. Саған отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма?  3. Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай?  4. Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады? 

5. Театр дегеніміз не? 

6. Театрдың қандай түрлері бар? 

7. Қазақстан аумағында алғашқы театрлар қашан құрыла бастады? 

8. Сіз театрға барғанды ұнатасыз ба?

2-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз  Қазақстанның мәдени өмірі – культурная жизнь Казахстана  Шежіре – летопись  Күйреу – падение  Жаңа белестерге көтеріле бастады – поднимается на новые ступени 

Қойылым – постановка

Актерлердің ойыны – игра актеров

Жоқтау – оплаеивание умершего, плачь

Киношежіре – летопись кино

Оқиға-событие  Шын сүйген- по-настоящему любил  Бейнесі-образ 

3-тапсырма Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз