Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Тазалық – денсаулық кепілі

       Адам баласының денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау қажет. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып,  тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау қажет. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаланыдұрыс.

3-тапсырма Берілген сөздерді кестеге толтырыңыз

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.

1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер

------------------------------------- --------------------------------------

4-тапсырма Ас - тамақ, тазалық - денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз

  • Ас адамның арқауы.

  • Сiңбес астың бөгеуi көп.

  • Қайғысыз қара суға семiредi.

  • Ас иесiмен тәттi,табағымен жақсы.

  • Ет дегенде – бет бар ма.

  • Ет етке, сорпа бетке.

  • Сұрап бергенше,ұрып бер.

  • Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

  • Сұрап алған аурудың емі табылмас.

  • Көзің ауырса көзіңді тый,ішің ауырса, аузыңды тый.

  • Тазалық – саулық негізі, саулық-байлық негізі.

  • Жалқаулық- жаман ауру.

  • Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

5 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Салауатты өмір салты» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу

3-тапсырма Білгенге маржан!

Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:

1. «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.

2. «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.

3. «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.

4. «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.

5. «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.

6. «Ой тазалығы" – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.

7. «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтай білу. Сүйіңіз, сүйікті болыңыз, бірақ ақысына ештеме сұрамаңыз. Сүйіспеншіліктің өзі бақыт емес пе?

VI модуль: менің отаным – қазақстан

1-сабақ Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

  1. тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.ҚР тұңғыш Президенті кім?

3.Қазақстан қайда орналасқан?

4.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

5.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде не бейнеленген?

6.Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз ?

7.ҚР ұлттық ақшасы қандай? Қашан айналымға енген?

8.Халқының саны қанша?

9.Қазақстан қай жылдан бастап тәуелсіз мемлекет болып есептеледі?

10.Қазақстан Республикасын бірінші таныған елді атаңыз

11.Қазақстанның қай жерінде туып-өстіңіз?

12.Қазақстанның астанасы қай қала?

13.Отан дегеніміз не?

14.22 қыркүйек қандай мереке?

2 – тапсырма Диаграмманы толтырыңыз