Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
71
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Сәлемдесудің түрлері

2-тапсырма Қазақ тіліне аударыңыз

Будем знакомы, рад знакомству, передайте привет, познакомьтесь,

отлично, не плохо, до встречи, я тоже, всехорошо, прекрасно, привет, до свидания, жаль, простите, пожалуйста,прощайте, спокойной ночи, доброе утро.

3-тапсырма Берілген жағдаятқа сұхбат құраңыз

1. Көшеде танысыңызды көрсеңіз, қалай амандасып, жағдай сұрар едіңіз?

2. Бастығыңызбен немесе әріптестеріңізбен қалай амандасар едіңіз?

3. Үйіңізге алыстан көптен көрмеген досыңыз келді. Қалай амандасар едіңіз?

4. Көшеде алдыңыздан көрші қария шықты. Қалай амандасар едіңіз?

4-тапсырма Диалогты толықтырыңыз

-Сәлеметсіз бе?

........................-

-Қалыңыз қалай?

-........................ Сіздің ше?

-........................ Денсаулығыңыз қалай?

-........................., Ата-анаңыз аман-есен бе?

-........................ Сізбен кездескеніме қуаныштымын.

-..........., Бәріне сәлем айтыңыз! .............!

5-тапсырма Керекті сөздер мен сөз тіркестерін біліңіз, аударыңыз

Қош сау болыңыз! - .................................................................................

Жолыңыз болсын! - ..................................................................................

Қоштасу - ....................................................................................

Кешікпей көріскенше - .............................................................................

Көріскенше! - .................................................................................

Мен көп ұзамай ораламын - ....................................................................

Жайлы жатып жақсы тұрыңыз - ..............................................................

Бәріне сәлем айтыңыз - ............................................................................

Қош болыңыз! - ........................................................................................

Сау болыңыз! - .........................................................................................

Ғафу етіңіз! - ..........................................................................................

Кешіріңіз! - ................................................................................................

Жарайды - ................................................................................................

Ренжіме - ................................................................................................

6-тапсырма Мәтінді оқып, ондағы ойды жалғастырыңыз

Әр халықтың амандасу рәсімі, салттары алуан түрлі болып келеді. Сәлем-арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан. «Әдебі жақсының–сәлемі жақсы» демекші адамшылық амандасудан басталады. Сәлемдесудің мәні-ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза екенін білдіру.

Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе, үлкенге сәлем беру реті - жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтау керек. Сәлемдесудің үлкен-кішіге қатысты айтылатын түрлері бар. Мұсылман халқында амандық салты «Ассалаумағалейкум!» деген сөзден басталады. Ол жақсы тілек: «Сізге алланың нұры жаусын» деген сөз». Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып, қос қолын ұсынады. Ал, сәлем алушы қария «Уағалейкумассалам» деп, оң қолын ұсынады. Әдеп бойынша кісілермен «Сәлеметсіз бе? (саламатсыз ба?)», «Амансыз ба? (есенсіз бе?)», «Қайырлы таң?», «Қайырлы күн?», «Қайырлы кеш?» деп амандасқан дұрыс. Бірақ есіңде болсын, әрбір амандасудың өз уақыты бар. Таңғы сағат 6 мен күндізгі 12 сағаттың арасында «Қайырлы таң!», күндізгі 12 сағат пен 18 сағаттың арасында «Қайырлы күн!», ал 18 сағат пен 24 сағаттың арасында «Қайырлы кеш!» деп амандасса, 24 сағат пен 6 сағаттың арасында «Қайырлы түн!» тілеу керек.

7-тапсырма Әдептілік туралы тыйым сөздерді есте сақтаңыз

1. Үлкен кісімен сөйлескенде, қолыңды қалтаға салып тұрма, 2. Үлкен кісімен сәлемдескенде, қолыңды бұрын ұсынба, 3. Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалақтап күле берме. 4. Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 5. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 6. Ата-анаңның бетінен алма. 7. Үйде отырып ысқырма. 8. Біреумен сөйлескенде керексіз нәрсені қазбалап сұрай берме 9. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа. 10.Тамақ ішкенде, ашкөзденіп, қомағайланып кетпе. 11.Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама. 12.Үйдің ішінде ысқырма. 13. Малды бастан ұрма. 14. Нанның үстіне зат қойма. 15. Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме. 16. Кемтар адамға күлме. 17. Кісіге сыртыңды берме.

8-тапсырма Білгенге маржан. Ұлағатты сөздер:

1. Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор

Демокрит

2. Жігіт адамға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан.

Әйтеке би

3. Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді.

И. Гете

4. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.

Ж. Ж. Руссо

5. Дөрекі болу — өз басының қадір-қасиетін ұмыту деген сөз.

Н. Г. Чернышевский

6. Осыншама әдептілікті кімнен үйрендіңіз? деп сұрағанда Лұқпан Хакім: «Әдепсізден үйрендім» — депті.

9-тапсырма Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз

Әдепті аспан

Кең көйлек

Ашық көше

Терең тау

Қысқа бала

Биік өзен

1 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбын мазмұндау

2-тапсырма «Отбасы-ұлт бақыты»тақырыбында эссе жазу

3-тапсырма «Жас отбасы бюджеті», «ҚР демографиялық мәселелер», «Жас отбасынының негізгі шығындары», «ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі» тақырыптарында пікірталас жүргізуге дайындалу.

4-тапсырма Өлеңді жаттап алыңыз