Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казахский язык.docx
Скачиваний:
72
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
373.42 Кб
Скачать

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанда шипалы су шығатын әрі емдік балшығы бар табиғаты ғажап әдемі жерлер көп. Мұндай шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде емдеу-сауықтыру, демалыс үйлері салынған.

Демалыс үйлері, туристік базалар, санаторийлер орналасқан жерлерді география тілінде рекреациялық аудандар деп атайды. Рекреация - күш жинау, яғни еңбек етіп шаршаған немесе денсаулығы нашарлаған кісілердің тынығып, ем қабылдап, күш-қуатын қалпына келтіру деген сөз.

Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдың орта кезінде мәлім бола бастады. 1834-1880 жылдар аралығында Шығыс Қазақстандағы Рахман бұлағы, Қапал Арасан, Бурабай, көлінің, Барлық-Арасан бұлағының шипалы қасиеттері туралы белгілі болды. 1920-1925 жылдар аралығында Бурабай, Мойылды, Ауыл, Сер, Рахман бұлақтары, Шымған, Жаңақорған курорттары ашылды.

Қазақстанның химиялық құрамы әр алуан минералды бұлақ көздері, шипалы балшығы бар көлдері, тынығуға әдемі көрікті жерлері курорт-санаторий жүйелерін дамытуға өте қолайлы. Қазір Республикамызда 120-дан астам курорт, санаторий, демалыс үйлері бар. Санаторийлер емдеу түріне қарай минералды сумен (Жаңақорған т.б.), климатпен емдейтін болып үшке бөлінеді.

Минералды сумен емдейтін санаторийлерге Түркісіб, Сарыағаш, Алма-Арасан, Барлық-Арасанды жатқызуға болады. Шипалы балшықпен емдейтін санаторийлерге Шортанды, Мойылды, Атырау, Жаңақорған санаторийлері жатады. Қазақстанның санаторий-курорттарында климатпен емдеудің бірнеше түрлері: гелиотерапия - күн сәулесімен емдеу, аэротерапия - ауамен емдеу, мезгіл-мезгіл таза ауада болу (терренкур), жаяу туризмге шығу т.б. емдеу әдістері қолданылады.

4-тапсырма Сөйлемді жалғастырыңыз

1. Шипалы су, емдік балшығы бар, табиғаты көрікті жерлерде … .

2. Қазақ жерінде табиғи емдік қасиеті бар жерлер туралы… .

3. 1920-1925 жылдар аралығында… .

4. Қазір Республикамызда 120-дан астам… .

5. Минералды сумен емдейтін санаторийлерге…

3-сабақ Қазақстанның тарихи орындары

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Сіз саяхатқа шыққанды ұнатасыз ба?

2. Егер саяхатқа шықсаңыз, қай жерлерге барар едіңіз?

3. Сіз Қазақстанның табиғаты көрікті қай жерлерінде болдыңыз?

4. Тарихи ескерткіштері бар жерлерді аралап көргіңіз келеді ме?

5.Түркістан қаласында болдыңыз ба?

2-тапсырма Сәйкестікті көрсетіңіз

Рухани – приказ

Ғылыми – основной

Адалдық – агитация

Мұра – центральный

Орталық – честность

Насихат – духовный

Негізгі – нравственность

Бұйрық – научный

Адамгершілік – наследие

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи –мәдени қорық мұражайы 1978 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақ ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Қожа Ахмет кесенесі негізінде «Республикалық Ахмет Яссауи сәулет кешені мұражайы» болып ашылып 1989 жылдың 28 тамызындағы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №265 қаулысы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы болып қайта құрылды.

Қазақстан жерінде ора ғасырдан сақталған керемет сәулет өнерінің туындысы түркі халықтарының рухани пірі Қожа Ахмет Яссауи әулие кесенесін мұражайландыруда қазақ халқының біртуар ұлы, көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың еңбегі ерекше. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Қазақстандағы бүкіләлемдік мұралар тізіміне (ЮНЕСКО) алынған тарихи ескерткіш. Қорық мұражайдың құрамында 100-ден астам тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіш бар. Осы аймақта орналасқан 8 тарихи ескерткіш мұражайландырылып халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олар:

1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражайы. XIY ғасыр. Экспозициялық алаңы 654,98 шаршы метр

2.Қылует жер асты мешіті мұражайы. XII ғасыр. 702 шаршы метр

3.Жұма мешіті мұражайы. XIX ғасыр. 603,6 шаршы метр

4.Шығыс моншасы мұражайы. XYIғ. 130 шаршы метр

5.Түркістан тарихы мұражайы. XIX ғасыр. 1050 шаршы метр

6.Археология және этнография мұражайы. XIX ғасыр. 140 шаршы метр

7.Рабия Сұлтан бегім кесенесі мұражайы. XY ғасыр. 62 шаршы метр

8.Түркістан көшесі мұражайы. XIX ғасыр. 452 шаршы метр

Әулиелердің сұлтаны атанған Қожа Ахмет Яссауи көз жұмған соң ХІІ ғасырдың екінші жартысында оның мазарының басында екі бөлмелі шағын кесене тұрғызылады. Қазіргі үлкен кесене, тамаша сәулет өнерінің туындысы XІYғ. соңында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат бас ұста Мәулен Убайдулла Садырдың басшылығымен тұрғызылады. Орталық Азияда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тең келетін сәулет өнерінің туындысы жоқ. Оның сыртқы биіктігі 41 метр. Ұзындығы 65, ені 46,5 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 2 метр.Қазандық бөлмесінің қабырғалары 3 метр. Барлығы 35 бөлме бар. Орталық залдың күмбезінің диаметрі 18,3 метр.Тайқазанды 1239 жылы Қарнақ қаласында Әбділәзиз Шарафутдинұлы Тебризи құйған. Салмағы 2 тонна болатын қазанға 3 мың литр су сияды.

«Әзірет Сұлтан» кесенесін жөндеуге алғаш рет 1872 жылы көңіл бөлінді. Ол жұмыстар кесене төңірегіндегі қоқысты тазалауға

бағытталды. Осы кезден бастап кесенедегі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары бірнеше кезеңде жүргізіліп отырды. 1966 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Мәдениет министрлігі жанынан республикалық ғылыми - жөндеу шеберханасы, ал 1972 жылы Түркістан қаласында арнайы жөндеу және қалпына келтіру шеберханасы ашылды. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мұражай болып ашылғаннан кейін кешен құрамындағы «Шығыс моншасы» қайта қалпына келтірілді. 1975 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеп келген монша тарихи мәдени ескерткіш ретінде 1979 жылдан бастап мұражайға айналдырылды.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады. Мұнда:

  • қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады

  • қазақтың ел билеген хандары мен елін жерін қорғаған батырлары, би-шешендерінің мәңгілік мекендері ретінде олардың рухтарына тағзым етіледі.

  • халқымыздың имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін Қожа Ахмет Яссауидің мұрасы насихатталады.

(Ж.М.Төлеужанова, С.М. Айдарбекова.

Қазақ тілі әдістемелік кешен)

4-тапсырма Мәтіннен бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

1. Әзірет Сұлтан қорық мұражай қай жылы құрылған?

2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қашан бүкіләлемдік мұралар тізіміне алынды?

3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы айтыңыз.

4. Қорық - мұражайда неше тарихи ескерткіш бар?

5-тапсырма Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыз

«Түркістан тарихы» мұражайы орналасқан .... XIX ғасырда әскери казарма ретінде пайдаланған. Кеңес тігін-тоқыма фабрикасы қызметін атқарған. 2000 жылы «Түркістан тарихы» мұражайы .... 1500 жылдың мерейтойы қарсаңында ашылып, пайдалануға берілді. Мұражайдан қаланың өткені, келешегі туралы толық .... алуға болады. Мұражай экспозициясы сегіз ... тұрады.

Қажетті сөздер: бөлімнен, мағлұмат, қаланың, заманында, ғимарат

6-тапсырма Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Мұражайда мынандай құрылымдық бөлімдер бар:

а.ғылыми-зерттеу бөлімі

в.ғылыми кітапхана

с.ғылыми қор бөлімі

д.тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімі

Болашақта осы бөлімдерді кеңейтіп, жаңа ғылыми зерттеу салаларын ашу жоспарланып отыр. Олар: археологиялық ескерткіштерді зерттеу бөлімі, этнография бөлімі, дін тарихы бөлімі, мәдени – көпшілік және насихат бөлімі, экспозиция және көрмелер бөлімі, туризм және сервис жұмыстары. «Әзірет Сұлтан» қорық - мұражайы Қазақстандағы ерекше маңызы бар рухани орталық болып табылады.

7-тапсырма Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз

Мазар Қозы Көрпеш-Баян сұлу – памятник архитектуры Х-ХІ вв. Расположен на берегу реки Аягуз. Мазар героев лиро-эпической поэмы, является одним из древнейших памятников в Казахстане, дошедших до наших дней. Общая высота 11,65 м. Памятник – символ бессмертия трагической любви юноши и девушки, высоты их человеческого духа.

12 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақстанның тарихи орындары»тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма Досыңыздың басқа бір жерлерге жасаған саяхаты туралы сұрап, сұхбат құрастырыңыз

3-тапсырма Мына өлеңді жаттаңыз

Түркістан екі дүние есігі ғой,

Түркістан ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің тәңір берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып-өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,

Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей

Тұранның жері менен суы да жат,

Теңіздей терең ауыр ой бергендей.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Шер батса кім іздемес туған елін?

Тұлпар да көксемей ме туған жерін?

Арқаның ардагері қалың алаш

Тұран да, біле берсең, сенің жерің!

М.Жұмабаев

ХІІІ МОДУЛЬ: МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

1-сабақ Университет – білім ордасы

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ЖОО дегенді қалай түсінесіз?

2. Сіз қандай ЖОО-н білесіз?

3. Сіз қандай ЖОО түсуді армандадыңыз

4. Сіз білім алып жатқан университет қай жылы ашылған?

5. Бұл ЖОО С.Сейфуллин есімі қашан берілді?

2-тапсырма Мәтінді оқып, есте сақтаңыз