Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБАИТАНУ 11 СЫНЫП СЖ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
317.57 Кб
Скачать

«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі

«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» - Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Көлемі – 12 жол. Ақынның шабыттана көп жазған махаббат лирикасына жатады. Абай бұл өлеңде екі жастың сүйіспеншілігі мәселесіне үңіліп, философиялық салмақты тұжырым жасайды. Ақынның ұғымынша, ғашықтық пен құмарлық – екеуі екі нәрсе, екі жол. Жақсы көргеннің бәрі ғашықтық емес. Құмарлық пен ғашықтықтың арасы жер мен көктей. Ақын құмарлықты – нәпсі құмарлық деп түсінеді: «Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол». Ал, ғашықтық – ерекше, жоғары сезім. Ғашықтық пен көрсе қызар құмарлықты ажырата білу керек. Абай ғашықтықты ауруға, ғашық адамды ауру адамға теңейді. «Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып» деп жырлайды. Ғашығыңнан үміт үзсең, «тұла бой тоңар, суыр», ал «Дәмеленсе, өртенер күйіп-жанып» дейді. Абайдың лирикалық кейіпкері ғашығына «Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол» дейді. Бұл – шын ғашықтың ғана айтатын сөзі. Ғашығына «сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!», «Жасырынба, нұрыңа жан қуансын» деп тіл қатады. Өлеңнен Абайдың ғашықтықты аса жоғары бағалағанын аңғаруға болады. Туынды 11 буыңды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1939, 1945 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 3-жолы «Тұла бойды тоңғызар үміт үзсе» делінсе, 1954, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылымға сәйкес бұл жол «Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе» болып алынған. Өлеңдегі «Ғашық», «Ғашықтық» сөздері Мүрсейіт қолжазбаларында «асық» «асықтық» деп жазылған. 1939, 1945 жылғы басылымдарда туынды ақынның «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңінің жалғасы ретінде берілген. Өлең ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, түрікмен, тәжік, ұйғыр тілдеріне аударылған. Абайдың бұл өлеңіне композитор М. Қойшыбаев, Н. Меңдіғалиев ән жазған.

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол

Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, Мен не болсам болайын, сен аман бол. Көңілімнің рақаты сен болған соң, Жасырынба, нұрыңа жан қуансын. Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді, Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?! Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып. Тұла бой тоңар, суыр, үміт үзсе, Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.

ІV Өлеңді талдау:

3 2

Қор болды // жаным, а

3 4 Сенсіз де // менің күнім, б 3 2

Бек бітті // халім, а 3 4

Тағдырдан // келген зұлым. б 3 2

Тағдыр етсе // алла, в 4 2

Не көрмейді // пәнде? в

1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.

V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Vі Үйге тапсырма:

  1. Өлеңдерді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

Тексерілді:

Күні: 18.01.2017

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңдерді жатқа айту.

  2. Құрылысына қарай талдау.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру: