Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБАИТАНУ 11 СЫНЫП СЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318 Кб
Скачать
☆

V Үйге тапсырма:

  1. Абайдың «Толық адам» философиясы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

VI Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 4.03.2015

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;

2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;

3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы туралы түсінік.

  2. Реферат жазу.

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі

«Хауас» сөзінің мағынасы араб тілінде түйсік, сезім деген терең мағыналы пәлсапалық ұғым танымды көрсетуі себепті, М.Әуезов ақын мұрасының шығыстан алған бұйымдарының алғашқы қадамын исламиятқа қатысы жайлы ішкі танымын үңіле зерттеу арқылы қорытқан ой-байламдарын  «Абай діні сыншыл ақылдың шартты діні» деген тезисі мен  «Абай жолы» эпопеясындағы «Ақын аға» деп аталатын тарауында хауасты танып білудің  өрелі желісі жатыр. Мұны 1895 жылы жазылған «Лай суға  май бітпес қой өткенге», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген философиялық  лирикасын талдау арқылы аша түскен. Осы өлеңінде Абай түп иені (жаратушы Алланы) ақыл сынына салып барып  нануға бағыт алады. Бұл әрекетті танып білуді алдымен хауас туралы Абай танымын жете танып білсек қана мәселенің төркініне қаныға түсеміз.  Хауас ұғымы Абай шығармасында үш түрлі мағыналық қырымен көрініс беретіні бар. Біріншіден, «хауаси хамса заһири» ұғымы қазақша айтқанда сыртқы бес сезім (хауас) мүшесін танытады. Адам осы сыртқы бес сезім (көз, құлақ, мұрын, тіл және дененің суық, жылылықты сезінуі)  арқылы сыртқы объективті дүниеден хабар алу әрекеті жатады. Екіншіден, осы сырттан хабар алып, ішкі сезім мүшелеріне жеткізетін бес сезімнің бәрі де қызметін мүлтіксіз орындауы үшін кеселге, кедергіге ұшырамай сау, саламат болуын «хауас сәлим»  деп атайды. Үшіншіден, сыртқы бес сезім берген хабарды жанның жибили қуаты арқылы ішкі бес сезімге жеткізіп, осы он сезімді әрекетке түсіруін де хауас деп атай береді. Хауас ұғымына Абай, әсіресе, «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде аса терең мән бере отырып қарайды да: «Ақылмен хауас барлығын Білмейдүр, жүрек сезедүр. Мүтакәлламин, мантикин Бекер босқа езедүр», - деп ой толғауы арқылы түп иені (Алланы) ақылмен, яғни өлшеусізді өлшеулі ақылмен тани алмайсың деген байламға келді де, түп иені (хауасты) жүрекпен ғана сезесің деген ой танымына аяқ тірейді. Бұл байлам, яғни сопылық поэзияның өзекті танымына айналған жүрек култін мадақтайтын түрік халықтары поэзиясындағы ортақ желілі сарынды аңғартып тұр. Осы өлең жолдарындағы «Мұтакәллимин, мантикин» сөздері - термин сөз ретінде ғасырлар бойы исламият әлемінде қолданыста болған теологиялық термин сөздер.

«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» - Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақтан тұратын 4 шумақ. Ақынның болашағынан үлкен үміт күткен сүйікті баласы Әбдірахман мен інісі Оспаннан айрылып, көңілін мұң басып, қайғы шеккен кезеңіндегі өмір мен өлім, табиғат пен адам хақындағы ойлы толғаныстарынан елес береді.

Өмірдің мән-мағынасын жете бағалап, опасы мен жалғанын әрқашан да ажыратып қараған Абай дүниеден өткен адамды біржолата өлдіге санайтын жаңсақ пікірді теріске шығарады. Абай Платон ілімінен арқау алған идеалистік философияның жаратылыс құбылыстарын жоғары қойып, адамды табиғатқа табынтпақ болған кертартпа тұжырымына қарсы. Ол абсолюттік идеялардан нақты дүниелерді ілгері қояды. Ақынның ұғымында «мен» әрі табиғат, әрі адам. Ол «өлсе өлер табиғат, адам өлмес» дегенде сол адамды өлтірмейтін «менікі» саналатын - істеген еңбегі дейді. «Мен» кісінің денесі де, «менікі» - атқарған ісі, ұстаған ойы, айтқан сөзі. Осы «менікі» мәңгілік. «Фәнидің» мінін көрмей қоймайтын, «бақилық» мұрасы. Абайдың бұл тұжырымы түптеп келгенде «Жақсының аты өлмес, ғалымның хаты өлмес» дейтін халық философиясымен үндес жатыр. Сонда ақын «адам өлмес» дегенде не айтпақ? Ол осынау байламды сөзі арқылы халықты табиғат құбылыстарынан жасқанбай, оларды мойынсынбай, қарсы күресуге, еңбек етуге, артына жұрт есінде тұтарлық іс қалдыруға шақырады. Фәнилық дүниеге бой алдырмасаң, терең ойдың соңына ерсең ғана иманың түгел деп түсіндіреді. Бұл жерде, сөз жоқ, ол өзі туралы айтып отыр. Бұл кезде «Абай аға» атанып, дуалы сөзі елге дауа, жұртқа жұбаныш болған ақын өзінің бүгінгі мен болашақты жалғастыратын ірі тұлға екенін жақсы білген. Өйткені оның өзі де «өлмейтұғын артына сөз қалдырған».

«Лай суға май бітпес қой өткенге» Абайдың 1895 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан турады, көлемі 28-жол. Үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты шығарылған. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңданады, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазиды. Мағынасыз «бос қуыстай» дүниеден уақап таппай, «бір-ақ уыс» болып отырған ақын дінге иек артады. Қошы жоқ құлазыған көңіл күйін ғажап шыншылдық суретпен бейнелеп, шарасыз халін «халық», «махлүқ», «дәһрі», «ләмәкан» сияқты діни лексикамен бедерлейді. «Содан ары созерцание ретіндегі ойларын тере келіп, ақын өзінің наным женін толғайды. Болып еткен ауыр қазаларға жоғарыда танылмаған кейбір түңілу сарындары қосылып келіп, ыза мен қазадантуған бір алуан діншілдік ойлар, күйлер шығады»

Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні. Тәңіріні тани алмай қор болатын шалалықты, мақсатсыз құр мүлгуді шенейді. Әрине, бұлай сынау - тәңіріне шек келтіру емес. «Түп иесін көксемей бола ма екен?» дей тұрып, тәңіріні іздеу, дінге сенудің өзі мейлінше ақылды, саналы болуы керектігін айтады. Өлең - осындай қарама-қайшы пікірге толы, драмалық қуаты күшті туынды. 11 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақтажарияланды. Өлеңнің кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер бар. Мүрсейіт қолжазбаларында 4-шумақтың 4-жолы «Талапты тағы да ойлап зор қылады» деп жазылса, 1909, 1939, 1957, 1977 жылғы басылымдарда «Талпынып тағы да ойлап зор қылады» болып басылған. Ал 1933, 1939 жылғы жинақтарда 7-шумақтың 1-жолы «Өмір жолы - тар соқпақ, бір иілген жақ» түрінде берілсе, 1909, 1957, 1977 жылғы жинақтарда Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Өмір жолы тар соқпақ, бір иген жақ» - деп өзгертілген. Өлең өзбек, қырғыз, тәжік, түрікмен, қарақалпақ тілдеріне аударылған.

Ал, Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.

Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...

Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.

Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.

Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":

"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

ІV Cабақты бекіту:

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Абайдың іліміндегі «Хауас» мәселесінің мәні неде?

  2. «Хауас» мәселесі Абай шығармаларында қандай қырынан көрініс тапқан?

  3. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» өлеңі қай жылы жазылған?

  4. «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі қай жылы жазылған?

  5. Абайдың жетінші сөзінің мағынаы, түйер ойы қандай?