- •Абайтану арнаулы курсы
- •Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
- •Абайдың отыз бесінші қарасөзі
- •Отыз бесінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •Отыз бірінші қарасөзі
- •Тоғызыншы қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Білу» теориясы.
- •«Бөтен елде бар болса» өлеңі
- •Vіі Үй тапсырмасы:
- •V Сабақты бекіту:
- •«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
- •«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
- •V Үйге тапсырма:
- •Жиырма екінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Болыс болдым, мінеки»
- •«Менсінбеуші ем наданды»
- •Менсінбеуші ем наданды
- •V Үйге тапсырма:
- •«Бойы бұлғаң» сатирасы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Қырық бірінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- •Александр
- •«Ескендір»
- •Көкпайдың
- •Онегин мен Татьяна
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Лермонтов
- •«Қор болды жаным» өлеңі
- •«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі
- •1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
- •Сен мені не етесің?
- •V Өлеңді талдау:
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі
- •V Талдау:
- •Vі Сабақты бекіту:
- •Vіі Үйге тапсырма:
- •«Қызарып, сұрланып» өлеңі
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
- •2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
- •2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың «Толық адам» философиясы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
- •Абайдың қырық үшінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі

- •Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •V Үйге тапсырма:
V Үйге тапсырма:
Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі туралы түсінік.
Қара сөздерді талдау.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Күні: 18.03.2015
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға «Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу..
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі туралы түсінік.
Қара сөздерді талдау.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас. Аманту оқымаған кісі бар ма? Уәктубиһи дегенмен ісі бар ма? Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер, Жарлық берді ол сіздерге, сөзді ұғарға. Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді. Қағида шариғаты өзгерсе де, Тағриф алла еш жерде өзгемеді. Күллі махлұқ өзгерер, алла өзгемес, Әһлі кітап бүл сөзді бекер демес. Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл. Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл. Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы, Екі дүние бұл тасдиқ- хақтың досы. Осыларды бұзатын және үш іс бар: Пайда, мақтан, әуесқой - онан шошы. Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанменен татымды бермес жеміс. Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен. Істің басы - ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен. Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хуснизән мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған. Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ, Му'мин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ. Құран рас, алланың сөзідүр ол, Тә'уилін білерлік ғылымың шақ. Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан, әуесқой - шайтан ісі, Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз? Мү'мин болсаң, әуелі иманды бол, Пендеге иман өзі ашады жол, Шын илан да, таза ойла бір имаңды, Мұнафиқ намаз қылмап па, мағлұм ғой ол. Алла ішінді айтқызбай біледі ойла, Пендесіне қастықпен кінә қойма. Распенен таласпа мү'мин болсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - Абайдың 1902 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 14 шумақтан тұрады. Көлемі 56 жол. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен арнайы шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» дегеннен аспаған. «Алла» бір, неліктен «пайғамбар хақ» деп мәселе нақтылы қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сонымен бірге Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенде нені меңзеп отыр. Бұл, біріншіден туындайтын екінші мәселе. «Рас» деген қандай болмасын заттың, құбылыстың мәнін, әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем. Заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат, келе-келе мәнсіздене рас емеске айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де рас. Демек, растың бір-ақ мәні бар, ол оның растығы. Бұл «рас» ұғымының бір қыры. «Растың» екінші қырына келсек, сонда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады. Онда Алланың барлығына сенуден өзге амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік болмыс ретінде қарастырған. Абайдың өлеңінің екі жолында «расты» үш рет қолдануы тегін емес. Ол өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал керісінше ойланып көрелік. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас емес» - сонда «рас» не болғаны. Ақылың бар, сана-сезімің бар, ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай расың бар. «Алланың өзі де рас...» - осылай өткен тарихта болған, қазір де солай, болашақта да солай бола бермек. «Рас» бұл мәнінде мәңгіліктің өлшемі. Алла рас, демек, ол мәңгілік - шындық, оның растығы - мәңгіліктігінде. «Растың» келесі қыры. «Рас» мәңгіліктің өлшемі дедік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар емес пе? Олардың барлығы да рас. Демек, «рас» дегенде біз оның мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның өткіншілігін мойындамасқа болмайды. Сонда бүгінгі «Рас» болған нәрсе, ертең «рас емеске» айналуы мүмкін бе? Жоқ, рас емеске айналатын нағыз растың өзі емес, ол адамдардың «рас» пен «рас еместі» ажырата алмағандықтарынан туған, жалған нәрсені «рас» деп қателесулері. «Рас» әманда рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған болуы (рас емес болуы) мүмкін емес. Сонымен жалған болмайтын «рас» не дегенге, Абай ол Алланың өзі және сөзі дейді. Бұл мәнде «рас» болмыстың баламасы. Әлемдегі «рас» - болмыс. Болмыс ешуақытта жалған болмақ емес. Абай дүниетанымында Алла - шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз рас болса, онда Алланың да сөзі мен өзі рас. Қысқасы, шындықты мойындау, Алланы мойындау. Бұл Абай гуманизмінің көзі. Алла ісіне мойын ұсынып, мұсылман болудың Абай айтқан шарты - адамға адамшылық жасау.
«Алла ішімді айтқызбай біледі ойла, Бендесіне қастықпен кінә қойма. Распенен таласпа мұмин болсаң, Ойла, айттым, адамдық атын жойма!..» Үшінші жолдағы «Распенен таласпа...» - деп отырғаны, ақынның Алла сөзіне күмәнданба дегені. Себебі, Алла жолына түссең, адам атыңды жоймайсын. Алла жолында болсаң, адамдықтан шықпайсын. Абай сонымен Алланы абсолют - шындық ретінде ұсынып, ал оның сөзін жеткізушілер, нәбилер туралы өзгеше пікірде. Алла жолы мен пайғамбар жолын нақтылы ажыратқан. Нәбилер келеді, кетеді, ал Алла - мәңгілік. Нәбилердің келіп-кетуінін себебін Абай өзгеріс арқылы түсіндірген. Өзгермейтін - бір Алла. Өзгеретін - оны танушылар, оның құдіретіне бас июшілер. Адасатын Алла емес, адамдар. Енді «Алланың сөзі де рас...» деген мәселеге нәбилерге қатысты тоқтала кетсек. Алла «еш жерде өзгермейтін» мәңгілік рас қалпында қалса, онда неге бірінен соң бірі нәбилер келмек. Ойлану керек. Өлеңнің бірінші, екінші жолдарында Абай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп, шегелеп тастайды да, үшінші шумақта «Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді, Оларға кез-кезімен нәби келді» - дейді. Қайшылық бар ма? Әрине, бар. Бірақ, бұл сырт көзге түсер қайшылық. Мәселенің мәніне үңілсек, былай болып шықпақ. Алланың сөзі ешқашан өзгермек емес, бірақ замана өзгереді. Сол өзгерістерге сай «өлшемді сөзбен» кез-кезіне орай нәби келеді. Егер әр пайғамбар сөзі мәңгілік болса, ол нәби емес, Алла болғаны. Сонда қайшылық Алла сөзінде емес, оның сөзін жеткізуші нәбилер сөздерінде бар. Пайғамбар сөзі де шектеулі, өлшемсіз, шектеусіз тек Алла сөзі. Абайдың дінге реформа жасау қажеттілігін көре білгендігін, осы тұста мойындаған жен. Ислам дінінде иман келтіріп, мұсылман атану үшін Алланың, бір пайғамбардың хақтығын мойындау шарт. Абай бұл шартты бұзып отырған жоқ: «Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз»,- дейді. Бірақ, Абай дүниетанымда Алланың орны бір басқа, пайғамбар орны бір басқа. Ақын мәңгілік туралы, өмір мәні туралы сөз қозғағанда тарихта аты-есімі бар жеке адамдарды негізге алмайды. Ол мәңгілік ұғымдарды қолданады.
Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы жинақта 1-шумақтың 4-жолы «Алланы танытуға сөз айырмас» болса, қалған басылымдарда «Алланы танытуға сөзі айырмас» делінген. 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларында 10-шумақтың 1- жолы «Адамдар ғибадаттан, сөз қозғаған», 11-шумақтың 4-жолы «Тәуилің білерлік, білімің шың» ретінде берілсе, басылымдарда бұл жолдар «Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған», «Тәуиліне жетерлік ғылымың шың» деп алынған. Өлең орыс тіліне аударылған.
ІV Өлеңді талдау:
4 3 4
Осы үш сүю // болады // имани гүл, а
3 5 4 Иманның // асылы үш деп // сен тәхқиқ біл. а
4 3 4 Ойлан дағы, // үшеуін // таратып бақ, б
4 3 4 Басты байла // жолына, // малың түгіл. а
1 шумақ, 3 бунақ, 11 буынды, қара өлең ұйқасты өлең.