Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБАИТАНУ 11 СЫНЫП СЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318 Кб
Скачать
☆

V Үйге тапсырма:

    1. Абайдың жиырма екінші қара сөзі туралы түсінік.

    2. Реферат жазу.

VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 30.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Өткен сабақты сұрау:

  1. Абайдың жиырма екінші қара сөзі.

  2. Реферат жазу.

Сұрақ қою арқылы өткен сабақты сұраймын.

  1. Абай бұл қара сөзінде не туралы айтады?

  2. Байды қадірлемеуіне не себеп?

  3. Мырзаларды қадірлемеуіне не себеп?

  4. Болыс пен биді қадірлемеуіне не себеп?

  5. Мықтыны қадірлемеуіне не себеп?

  6. Естіні қадірлемеуіне не себеп?

  7. Ғаріп-қасар бишараны қадірлемеуіне не себеп?

  8. Кімді сүйіп, кімнің тілеуін тіледі?

ІІІ Жаңа сабақ:

«Болыс болдым, мінеки»

«Болыс болдым, мінеки» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Көлемі 148 жол. Ақын бұл шығармасында малын шашып, болыс болған пенденің әлеуметтік-психологиялық кескінін жасайды. Өлеңнің мағыналық құрылымында бірнеше тұлға бар: а) болыс; ә) ояз; б) ел. Бұл үш тұлғаның бастысы – болыс. Шығарманың алғашқы бөлігінде жаңадан болыс болған адамның болыстық мансапқа жету жолы мен көңіл-күйі көрсетіледі. Малын шашып, шығынға батса да, оның бар тілегі болыс болу. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды; өзінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сыяз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасы қашады. Өйткені сыяз болса, елге ояз келеді. Елге ояз келсе, болыстан тыныштық кетеді: ылау дайындау, үй тігу, сый-сияпат жасау, бағып-күту – бәрі де болыстың не өзі жасайтын, не елге жасататын ісі; егер оязға не ісі, не өзі ұнамай қалса, онда болыстықтан түсіп қалуы да қиын емес. Өлеңнің екінші мағыналық бөлігінде болыстың сыяз үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстары баяндалады. Оязбен оңаша қалған болыс елін мақтарға сөз таппай, ықылас танытпай, елдің ел болып отырғаны өзінің, қала берді – ояздың арқасы екендігі туралы ойды шиырлай беретін болса, елімен, жұртымен бетпе-бет келгенде, оязға өзі сенімді, сөзі өтімді кісімсіп, ел мүддесін қорғай жүрген адамға ұқсап маңызданып, сыртқы жүнін қампитып шыға келеді. Алайда сыяз үстінде болыс та, ояз да ел ішіндегі дау-шардың бірқатарын халықтың, халық билерінің қатал талабы бойынша әділ шешуге мәжбүр болады. Соның нәтижесінде болыстың өз малым, өз мүлкім деп иеленіп қалған мал-мүлік иелеріне қайтарылып беріледі. Сөйтіп, болыстың арты шөмейіп, шыға келеді. Өлеңнің келесі мағыналық бөлігіңде болыстың сыяз бітіп, ояз кеткеннен кейінгі хәлі бейнеленеді. Әуелден артының қуыстығын білген болыс сыяз бітсе де, елінің ұрысы мен қарысын тиып, телі мен тентегін жөнге саларлық ірі іске бара алмайды. Ел алдында ояз барда жасаған қылығын ояз кеткеннен соң жасай алмай, кәкір-шүкір, көр-жерді пайда көріп қала береді, келесі сайлауда бұл күніне де зар болып қалардай қиналады. Ақын болыстың өз күйін өзіне баяндатып қана қоймайды, оның ел туралы ойларын да аша түседі. Болыс өзі билеп отырған еліне көңілі толмайтынын айтудан да тайынбайды. Табанынан тозып, жүгіріп жүруі, ел ішіндегі істерге ояздың разы болмай, шартылдап ашу білдіріп жатуы - бәрі де, оның ойынша, елінің бұзықтығынан. «Қайтіп көмек болады, Антұрған өңкей ұры-қары?» - деп күйіне отырып, болыс өзінің бұл елді ұстарлық кісі еместігін де айтып салады, өзін бұл азапты, рақатсыз істен құтқарушы іздейді. Сөйтіп ақын ел басқарған кісінің ісі мен ойының барша маңызы мен мәнін толық ашып береді. Іс, оқиға желісі мен ой жүйесін болыс болған кісінің өз атынан баяндау тәсілі ақын шығармасының көркемдік-эстетикалық бітімін әрлеп, көркейте түскен. Өлең 7-8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында бірқатар текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы жинақта 20-жол «Жүрек кетті дуылдап», 1945, 1954 жылғы басылымда «Жүрек кетті лүпілдеп» делінсе, 1933, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларының негізінде «Жүрек кетті дүпілдеп» ретінде алынған. 1933, 1939 жылғы басылымдарда 31-жол «Қамқор жансып айламен» болып берілсе, қалған жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы басылым бойынша «Қайраттысың, қамқорсың» болып басылған. Бұрынғы жинақтарда 34-жол «Мақтаймын елімді» деп берілсе, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Мақтамаймын елімді» болып түзетілген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта 43-жол «Қазақты жеген қайратты ел» делінсе, қалған басылымдарда «Қазақты жеген қайратты «ер» деп басылған. 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары, 1909 жылғы жинақ бойынша 48-жол «Ноқтаға басы керілді» деп алынса, қалған жинақтарда «Ноқтаға басы кірілді» делінген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 75-жол «Күлкісі бөлек қарқылдап» болса, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Күлкісі жақсы қарқылдап» түрінде алынған. 1909 жылғы басылымда 100-жол «Еш кісіні тыймаймын» болса, 104-жол «Жақсы ақыл» - деп құптаймын», қалған жинақтарда Мүрсейіт қолжазбалары бойынша «Еш кісіні теппеймін», «Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін» делінген. Өлең араб, әзірбайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Болыс болдым мінеки

Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап. Сөйтсе-дағы елімді Ұстай алмадым мығымдап. Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. «Мәз болады болысың»

«Мәз болады болысың» - Абайдың1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 12 шумақтан тұрады. Мазмұны, мәні жағынан ақынның «Болыс болдым мінекей» шығармасымен үндес, сарындас. Өлеңде болыс болған қазақтың мінез-құлқы үшінші жақтан суреттеледі. Ақын болыстың қолымен жасаған нақты ісін ғана емес, сонымен қатар оның көп сырын бүгіп, бүркеп жатқан ішін де ашып керсете отырып, адам мінезін ашудың ұтқыр да ұтымды тәсілін шебер пайдаланады. Ұлықарқаға қақса, мәз болып, иығына шекпен жапса, шат болып, әр жерде жоқты-барды шатып, күпініп, қампайып, шалқып жүрген болыс әлдебір қуанышы үшін үй-ішін, ауыл-аймағын түгел әурелеп, әбігерге түсіреді. Ол ісі оңға басса, күлмеңдеп, өлең қағып, көзін аспанға еліртіп әуреленіп-ақ қалады, қасқайып, мақтанға салынады, бас пайдасы, құлқын қамы үшін біреулерді қақпанға түсіруді ойлайды, оның жөні келіп ел ішінен бір дәмдіні татып, өңеші майлана қалса, қолын шапалақтап жас баладай қуанады. Болыстың ісі әлгіндей болып суреттелгенде, оның қуанышының түрі мынадай түрде айшықталады. Ақын болыстың ісі мен ішін бірде жарыстырып, бірде даралап әрі саралап көрсетіп алған соң, оны өз тарапынан бағалауға ауысады. Болыстың жаман қылықтарын оқырмандарының көз алдына көлденең тартады да, ақын ойлы жанға болыстан да, оның ықпалынан да алыс болуға кеңес береді. «Миың болса, жолама, Бос желіғіп шапқанға» дей келіп, жамандықтан қашқанның жаман болмайтынына меңзейді. Өлеңнің соңында өзіне-өзі мәз болып, өз буына өзі піскен надан болыстың өзге түгіл, өзінің табан жолына да жарығын түсіре алмайтын қараңғылығына, оның ісініңде, өзініңде баянсыз, опасыздығына білім нұры, ғылым жарығы қарама-қарсы қойылады. Өлең шалыс ұйқасты үлгіде жазылған. Алғаш 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1933 жылғы жинақта 10-шумақтың 3-жолы «Өлең қағып желбірер», 1939 жылғы басылымда «Өлең қағып елірер» болса, кейінгі жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Өлең қағып елбірер» делінген. Мүрсейіт қолжазбаларында 5-шумақтың 4-жолы «Бір тәттіні татқанға» деп алынса, жинақтарда 1909 жылғы басылым негізінде «Бір дәмдіні татқанға» деп берілген.

Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Мәз болады болысың

Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға. Күнде жақсы бола ма, Бір қылығы жаққанға? Оқалы тон тола ма, Ар-ұятын сатқанға?! Күлмең қағып қасқайып, Салынып ап мақтанға, Таңқаламын, қампайып Жоқты-барды шатқанға. ІV Үйге тапсырма:

  1. Өлеңдерді мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.

V Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 07.12.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдері

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Өткен сабақты сұрау:

  1. «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  2. Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.

ІІІ Жаңа сабақ:

«Көзінен басқа ойы жоқ»

«Көзінен басқа ойы жоқ» - Абайдың1891 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Сыншылдық сипатта, сықақтық леппен кестеленген. Абайдың мешеу, мәңгүрт болып қалмаса екен деп, ел-жұртын үнемі енерге, оқуға үндегені, ағартушы болғаны, өнерсіздікпен, білімсіздікпен еш ымыраға келмегені белгілі. Бұл өлеңінде де ақын надандықты, ойсыздықты мансұқ еткен. Оның айтуынша, маңдайдағы көздің ғана болуы жеткіліксіз, адамның жүрек көзі, зерде көзі болуы керек. Ақыл, парасат көзінің болмауы – надандық. Ой көзі, көңіл көзі болса ғана, адамға шындық сәулесі түседі, сол арқылы адам іштегі кірін тазартса ғана, оның кеудесі нұр сандыққа, сыр сандыққа айналады. Абай өз тұсындағы кейбіреулердің ой-сезімінен мақрұм қалып, тек екі көзіне мәз боп, әлдеқандайсып жүруіне таңырқайды. Қараңғылық пердесі надандардың көңілін басып тұр, ақылдан адыра қалған олардың есіл-дерті – тек қу тірлік деп күйінеді. Тағы айтатын бір жай – сол тұстары жұрт қатардағы қарапайым адамдарды ғана қараңғы, надан деп біліп, дін иелерін надан деп айтуға ауыздары бармайтын. Оларды оқыған, тоқыған, көп білетін ғұлама деп түсінетін. Сондай қалыптасқан ұғымды Абай қорықпастан «дағарадай сәлдесі» бар молдалардың өзін надан, «кітапты теріс оқиды», «малқұмар көңілдері бек соқыр» деп жоққа шығарады. Мұның үстіне олардың жебірлігін жыртқыш «бүркіттен кем емес» деп әшкерелеген. Ақын өлеңінің түйіні – болмысты айқын көрер жүрек айнасы болмаса, басқаның бәрі бос сөз. Өлең негізінен 8 буыннан тұрады, кей жолдары ғана 7, 9 буын ұйқасы -а, -б, -а, -б. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Текстологиялық көп өзгеріске ұшырамаған. Тек 1909,1957 жылғы жинақтар мен Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында 1-шумақтың 1-жолы «Көзінен басқа ойы жоқ», ал Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында «Өзінен басқа ойы жоқ» деп жазылған.1909,1957 жылғы жинақтарда 5-шумақтың 2-жолы «Дағардай боп сәлдесі»болса, Мүрсейіт қолжазбалары мен 1933 жылғы басылымда «Дағарадай боп сәлдесі»делінген. Ақынның кейінгі басылымдарына өлеңнің түпнұсқасы ретінде 1909 жылғы жинақ басшылыққа алынған. Өлең өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Көзінен басқа ойы жоқ

Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әр несі. Білмейсің десе, жел өкпе, Дейді дағы – тәңірі ісі. Бірінен бірі бөлек пе, Иемнің әділ пендесі? Жүректің көзі ашылса, Хақтықтың түсер сәулесі Іштегі кірді қашырса Адамның хикмет кеудесі Наданның көңілін басып тұр Қараңғылық пердесі. Ақылдан бойы қашық тұр, Ойында бір-ақ шаруасы. Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі. Малқұмар көңілі – бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі? Жүректе айна жоқ болса, Сөз болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі. 1. Хақ (арабша) – көп мағыналы сөз: а) тура, шын, дұрыс; ә) баға; б) үлес, сыбаға; в) Алла; г) хұқық. Бұл арада дұрыстық, шындық мағынасында. 2. Хикмет (арабша) – көп мағыналы сөз. Пәлсапа (философия). Бұл арада білім, сыр, керемет мағынасында.