Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АБАИТАНУ 11 СЫНЫП СЖ.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318 Кб
Скачать
☆

Vіі Үй тапсырмасы:

  1. «Сегіз аяқ» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

VІІІ Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысына, берген жауаптарына, ынтасына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 09.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Сегіз аяқ» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абай өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, өлеңдерінің идеялық мазмұнын меңгерту;

  2. Дамытушылық: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере, өзінше ой түюге баулу, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін, сөйлеу мәдениетін дамыту мәнерлеп оқи отырып талдау;

  3. Тәрбиелік: Ақын өлеңдерін оқи отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Сегіз аяқ» өлеңін жатқа айту.

  2. Өлеңді құрылысына қарай талдау.

ІІІ Жаңа сабақ:

«Сегіз аяқ» өлеңі

Ақынның «Сегіз аяқ» өлеңін оқып, мазмұнының жаңа қырынан тану

Осындай сөздер Абай атамызда бар. Жаңа тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар:

  Өлең өрнегінің ерекшелігі, өлең шумағын талдау.

  • Сөздік жұмысы (жазғызу, оқыту)

  • Өлеңнің мазмұнын ашу үшін өз пікірлерін білдіреді. Әр топ сегіз жолды, бір шумақ өлең жолынан қанатты сөздерді табады. Қанатты сөздердің мәнін ашады.  (Мұғалім өзі мәнерлеп оқиды) Тақырыбы қандай? Адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған.

Абай әндері бойынша сұрақ-жауап:

І топ – қазіргі ұрпақ, ІІ топ – Абай атамыз, қазіргі ұрпақ сұрақ қояды, Абай атамыз жауап береді.( Виртуальді түрде сөйлесеміз)

ІV Топпен жұмыс:

І топқа: Білгенге маржан

Білмеске арзан

Өрнегін сендей сала алмас – өлең жолдарын талдау.

1 абзацты оқып, одан адамға керекті жақсы қасиеттерді теріп жазу.

ІІ топқа:  мәтіннің екінші бөлімінен адам неден аулақ болу керек немесе адамға жақын болатын қасиеттерді теріп жазу.

ІІІ топқа: Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас. Жолдарын талдату. (Жауаптарын әр топтан бір оқушы оқып береді)

Ақынның «Сегіз аяқ » өлеңіне Абай атамыз ән шығарған.  Осы өлеңнің 8 түрі бар. 1920 жылы әнші-ақын Мұстафа Нұрбаев нотаға түсірген. 1922 жылы А.В.Затаевич жалаң нотаға түсіреді. «Әр халықтың әндері» жинағына енгізіп халыққа насихаттаған.

V Сабақты бекіту:

  1. Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдырған?

  2. Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қашық болу керек. Сонымен, Абайдың өлеңдерін тану арқылы біз оны кім деп білдік? 

VІ Үйге тапсырма: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.

VІІ Бағалау: оқушылардың сабаққа қатысына, берген жауаптарына, ынтасына қарай білімдерін бағалаймын.

Тексерілді:

Күні: 16.11.2016

Пәні: Абайтану

Сыныбы: 11-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдері

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға Абайдың «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдерінің мәнін түсіндіре отырып, сол кездегі дәуір тынысын, қазақ халқының мінез ерекшелігін ұғынуға жағдай жасау;

  2. Дамытушылық: Абай шығармаларын оқу арқылы адам бойындағы қасиеттерді саралай білуге, ой түюге, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: лекция сабақ.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, шығармалар жинағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: «Абай – ұлы ойшыл» атты эссе жазу.

Сұрақ-жауап:

  1. Абай атамыз бұл сөздерін бізге не үшін жазған? Неге қалдырған?

  2. Қара сөздердің тақырыбы әр алуан. Біз үшін ең қажеттісі: «оқу керек, оқығанды көңілге тоқи білу керек, білім алу үшін талап керек». Жақсыға жақын, жаманнан қашық болу керек. Сонымен, Абайдың өлеңдерін тану арқылы біз оны кім деп білдік? 

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру: