- •Абайтану арнаулы курсы
- •Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
- •Абайдың отыз бесінші қарасөзі
- •Отыз бесінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •Отыз бірінші қарасөзі
- •Тоғызыншы қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Білу» теориясы.
- •«Бөтен елде бар болса» өлеңі
- •Vіі Үй тапсырмасы:
- •V Сабақты бекіту:
- •«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
- •«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
- •V Үйге тапсырма:
- •Жиырма екінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Болыс болдым, мінеки»
- •«Менсінбеуші ем наданды»
- •Менсінбеуші ем наданды
- •V Үйге тапсырма:
- •«Бойы бұлғаң» сатирасы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Қырық бірінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- •Александр
- •«Ескендір»
- •Көкпайдың
- •Онегин мен Татьяна
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Лермонтов
- •«Қор болды жаным» өлеңі
- •«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі
- •1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
- •Сен мені не етесің?
- •V Өлеңді талдау:
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі
- •V Талдау:
- •Vі Сабақты бекіту:
- •Vіі Үйге тапсырма:
- •«Қызарып, сұрланып» өлеңі
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
- •2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
- •2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың «Толық адам» философиясы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
- •Абайдың қырық үшінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі

- •Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •V Үйге тапсырма:
«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
«Сен мені не етесің?..» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
Әрқайсысы 7 жолдан соң бір қайрылып отыратын 14 тармақты 6 шумақтан тұрады. Ақын ел арасындағы айтыс-тартыс сәл бәсеңдеп, ағайынның өсек-аяңы мен әлеуметтік-рулық дау-шарынан аз да болса белі босаған сәтте қолына қаламын алып, бір ауық өмір жолын, жастық шағын, сүйініші де, күйініші де көп, махаббатқа толы өткен күндерді ой елегінен еткізіп, сол ыстық-суығы тайталас келіп, жүрегін тебіренткен сезімдерін, лүпіл қаққан көңіл-күйін жыр жолдарына түсірген. Бұл Абайдың өлеңді өндіре жазған, әсіресе, махаббат жырларын шабыттана толғаған кезеңі. Тап осы 1889 жылдың өзінде ақын қаламынан «Ғашықтық құмарлық пен – ол екі жол...», «Сен мені не етесің?...», «Айттым сәлем, қалам қас...», «Қиыстырып мақтайсыз..», «Білектей арқасында өрген бұрым...», «Жарқ етпес қара көңлім не қылса да...», «Қор болды жаным...» сияқты сүйіскен жастардың әнұраны, жар деп соққан жүректің жан айқайы дерлік, сезімге, сырға, үміт пен өкінішке толы тамаша жырлар жазды. Өлең осы топтағы шоқтығы биік, айтар ойында, көркемдік құрылымы да өзгеше, соны дүние. Бұл сүйген жарынан қапылыста адасып қалып, іш құса болған жанның қиналған, күйзелген сәттегі сан-саққа жүгіріп, мың құбылған көңіл-күйі. Ол серттен тайған сүйіктісін опасыз деп қанша кінәласа да, жамандыққа, біржолата қол үзуге қимайды.
Қанша қасірет шексе де «мен өлейін, сен сау-ақ бол» деп, шын сүйген асықтың айнымайтынын, шегінісіп қайтпайтынын білдіреді. «Сені керсем, ләм-мим деп бір сөз айтар халім жоқ» деп, бәрін махаббатына жеңдіріп, алдағы күнге үміт артады. Бұл сүйіктісінен айрылып қалса да, оны көңілінен өшіре алмайтын, қалаулысына өмір бақи сүйіп өтетін, антына берік адамның сөзі, жан қалауы.
Өлең мазмұны ғана емес, түр жағынан да өзгеше, қазақ поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген, әзірге табыла қоймаған жаңа үлгіде жазылған. Бұл Абай әкелген жаңа поэзияның соны ұйқасы. Одан Шығыс классиктері –Науаи, Сағди, Фзули, Хафиз үлгісі ғана емес, Европа, орыс поэзиясының, әсіресе М.Ю.Лермонтов лирикасының әсері айқын байқалады. Бұл өлеңнің құрылымдық түрін Абайдан соңғы қазақ ақындары да онша үлгі етіп, жалғастырып әкете алған жоқ. Өлеңді Абайдың көңіл-күй лирикасының қатарына жатқызсақ та, «Айттым сәлем, қалам қас...» пен «Қиыстырып мақтайсыз...» деп аталатын шығармаларынан өзгеше, бұл ғашық жанның ғазелмен айтатын мұң-зары, эпистолярлық туындылардың қазақ топырағындағы озық үлгісі. Ақын өзінің құбылмалы, қобалжулы көңіл-күйін, айтпақ ойын дәл жеткізетін соны да шебер түр тапқан. Әр сөзіне ерекше мағына, салмақ салған Абай оны 14 жол сайын бір қайырып, керемет келісіммен үйлестірген. Ақын бұл өлеңінде тұңғыш рет әр жолдың буын, ырғақ өлшемдерін де өзгерткен: кейбір жолдар 4-5 сөзден құралса, белгілі бір заңдылықпен, 4-6-жолдарда бір сөзден-ақ келіп отырады.
Қазақ поэзиясында осындай жаңа түрді туғызған Абай сол тосын түрді қалың көпшіліктің қабылдау, халық ұғымына үйреншікті дүние етіп қалыптастыру жағын да ойластырған сияқты. Осы мақсатпен оған әдемі ән шығарып таратқан. Бұл туындының әні де Абай заманында айтылып жүрген ән-күй әуендерінен өзгеше. Ән қазақ музыкасына лайықталған арнайы
речитативтікі өрнекпен шығарылған. Өйткені бұл өлеңнің әр сөзі, мазмұны, жалпы оқиғасы мен сарыны тек речитативтің музыканы ғана талап етеді. Өлеңнің өне бойындағы үйішілік қақтығыс, екі адам арасындағы өкініш өкпеге толы мұң-зар, шығарманың құрылымдық түрі ауызекі әңгіме қалпын, ерекше екпінділікті аңғартады. Сөйтіп өлеңнің сөзі мен музыкасы ғажайып үйлесіммен бірін-бірі толықтырып, қас шебердің қолынан шыққан әсем де келісімді, көз де, көңіл де тоймайтын асыл дүниеге айналған. Өлең бірқатар текстол. өзгерістерге ұшыраған. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1939 жылғы жинақта алғашқы шумақтың соңғы жолы «Өмір бойы қор өтесің» делінсе, қалған басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде бұл жол «Өмір бойы қор етесің» түрінде алынған. Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасында 2-шумақтың 7-жолы «Сен үздің ғой менің желкемді» болса, Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында, барлық басылымдарда «Сен үздің ғой бұл желкемді» болып берілген. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында туынды көлемі 48 жол болса, 1909 жылы Санкт- Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұғылының өлеңі» деген жинақта 52 жол болып берілген. Бұл айырмашылық ақын мұрасын жинаушылардың Абай поэзиясына тән жаңашылдықты, оның өлең өрнегін кестелеудегі өзіндік ерекшеліктерін жете тани қоймағандықтарын аңғартады. Абай шығармаларын анықтап, жүйелеу жұмыстарына осы тұрғыдан қараған абайтанушы ғалымдар бұл өленді ақынның 1933 жылғы жинағында 84 жол етіп толықтырды. Өлең ағылшын, араб, белорус, орыс тілдеріне аударылған.
Абай «Сен мені не етесің» өлеңіне ән шығарған. Осы күнге дейін бұл әннің екі түрі ел ішіне кеңінен тараған. Әннің 1-түрін композитор Л.Хамиди 1935 ж. Ә.Ысқақовтан жазылып, нотаға түсірген. Ал 2-түрін 1984 ж. өнер зерттеуші Қ.Жүзбасов Абайдың туған немересі М.Мұхамеджановадан магнитофонға түсіріп, нота жазбасымен хаттаған. Бұл әннің тұңғыш орындаушылары Абайдың өз туған-туыстары мен достары болса керек.
«Білектей арқасында өрген бұрым...» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 4 шумақтан тұрады, барлығы 16 жол. Сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп келіп, жас арудың жалпы жұртты тәнті қылатын бет әлпетін кескіндейді, сыртқы сымбатын сипаттайды. Көрмеген көзге де айқын елестейтін бедерлі бейнесін жасайды. Мұны, бір жағынан, халықтың ұғымында қалыптасқан әйел сұлулығының шарты деп қабылдасақ, екінші жағынан, арманды әйел ажары жөніндегі автордың өз қалауы, ез талғамы деп те бағалауға болады. Ондай сұлулықтың қалыптасқан белгілері: қолаң шаш, ақ тамақ, қара қас, аялы мөлдір көз, маржандай тіс, бураң бел. Осындай керікке бастағы кәмшат бөрік пен бұрымындағы сылдыраған шолпысы да жарастық тауып, қыз бағын асыра түскендей. Ақын сыртқы белгілерден әрі асып, қыздың мінез-құлқына, жан дүниесіне үңілмейді. Сұлу қыздың суретін салумен ғана тынады. Өлеңнің алғашқы шумағы аралас ұйқаспен келеді де, қалған шумақтары дәстүрлі қара өлең ұйқасымен жазылған. Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең басылымдарыңда аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы басылымыңда 1-шумақтың 3-жолы «Кәмшат берік ақ тамақ қара суы», 1933, 1939 жылғы басылымдарында «Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара шашты» болып берілген. Ал кейінгі басылымдарында бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары негізінде «Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты» түрінде алынған. 1954 жылғы жинақта 2-шумақтың 1-жолы «Аласыз қара көзі айнадайын» деп жазылса, 1939, 1957, 1977 жылғы жинақтарда «Аласы аз қара көзі айнадайын» ретінде 1909 жылғы басылымға сәйкес түзетілген. Сондай-ақ 1933, 1939 жылғы басылымдарда 2-шумақтың 2-жолы «Жүзіңе ыстық тиіп салған сайын» делінсе, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бүл тармақ «Жүрекке ыстық тиіп салған сайын» болып Мүрсейіт қолжазбаларына, 1909 жылғы басылымға орай өзгертілген. Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.
ІV Мәнерлеп оқу: