- •Абайтану арнаулы курсы
- •Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
- •Абайдың отыз бесінші қарасөзі
- •Отыз бесінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •Отыз бірінші қарасөзі
- •Тоғызыншы қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Білу» теориясы.
- •«Бөтен елде бар болса» өлеңі
- •Vіі Үй тапсырмасы:
- •V Сабақты бекіту:
- •«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
- •«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
- •V Үйге тапсырма:
- •Жиырма екінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Болыс болдым, мінеки»
- •«Менсінбеуші ем наданды»
- •Менсінбеуші ем наданды
- •V Үйге тапсырма:
- •«Бойы бұлғаң» сатирасы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Қырық бірінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- •Александр
- •«Ескендір»
- •Көкпайдың
- •Онегин мен Татьяна
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Лермонтов
- •«Қор болды жаным» өлеңі
- •«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі
- •1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
- •Сен мені не етесің?
- •V Өлеңді талдау:
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі
- •V Талдау:
- •Vі Сабақты бекіту:
- •Vіі Үйге тапсырма:
- •«Қызарып, сұрланып» өлеңі
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
- •2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
- •2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың «Толық адам» философиясы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
- •Абайдың қырық үшінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі

- •Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •V Үйге тапсырма:
«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
«Ішім өлген, сыртым сау» – Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі. Барлығы 28 жол. Жаны жалған адамның екі жүзді аярлығын көріп, налыған шақтағы ақын көңіл күйінің бір алуан торығу кезін білдіретін лирикалық туынды. Ақын суреттеуінде құбылмалы мінез-құлықты адамдар басына іс түскенде баспақшыл, қаншама мүләйімсіп, мүсәпірсіп көрінсе де, өз қолына билік тиген кезде соншалықты озбыр да ожар. Өз үйінде отырып дауласқанда өзендей күркірейді, ал, ісі түскен кісі алдында шау тартып, момақан бола қалады. Ұрлық пенен қулыққа келгенде байлаған бауын кесіп шығатын әккі. Бірақ, оларға қаншама жылпос, опасыз болсаңда, қайта кірер есікті қатты жаппа, байқа деген автордың ескертуі бар. Өлең 7 буынды жыр үлгісінде жазылған. 1-шумағы шұбыртпалы ұйқас түрінде келеді де, кейінгі жұп жолдардың 2-тармақтары туындының ақырына дейін солармен жарыса ұйқасып, ырғақ екпіні қайталанып отырады. Алғаш рет 1909 ж. Санк- Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1945, 1954 жылғы жинақтарда 7-жол «Кісі алдына барғанда», 1909, 1957,1977 жылғы жинақтарда «Кісі алдына кірбеңдеп», 1933, 1939жылғыжинақтарда «Кісі алдына келгенде» болып берілген. Сондай-ақ, өлеңнің соңғы жолы Мүрсейіт қолжазбаларында «Керек жері бір бар-ау» делінген, ал, кейінгі басылымдарда 1909 жылғы жинақ негізінде «Керек күні бір бар-ау» деп алынған. Өлең башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыры. б. тілдеріне аударылған.
Абай «Ішім өлген, сыртым сау» өлеңіне ән шығарған. Бұл ән қайғы-шерге толы, драмалық-психологиялық шығарма. Баяу екпінмен, мұңмен орындалатын бұл ән, мазмұнына сай ән характерін бірден білдіртеді. Дәстүрлі қазақ поэзиясында кеңінен өріс жайған, әсіресе, жыр жанрында 7 буынды өлең өрнегі негізінде шығарылған. Өлең тармақтарының буын саны бірдей бола тұра, қара өлеңге тән әуендік сазбен әндетіп айтуды қажет етеді. Әуен иірімінің кейбір интонациялары белгілі халық әні - «Бір бала» үндестігімен жақын. Әнді алғаш 20-жылдары басқа атпен А. В. Затаевич О. Қашағановтың айтуы бойынша нотаға түсіріп, 1925 ж. «Қазақтың 1000 әні» еңбегіне енгізген. «Айттым сәлем, қаламқас» атты Абай әндері жинағының (1984) құрамында «Татьяна сөзі» деген атпен берілген. Абай дәстүрлі жыр кестесі негізінде қара елеңге тән әуен-ырғақ пен мелодиялық форманы синтездеп, езінің жаңашыл шығармашылық дарынын таныта білген. Ән 3/4; 6/4; 4/4; 2/4; 3/4; 6/4; 4/4; 6/4 мұз. әуен-ырғақ өлшемінде қалыптасқан. Өте сирек орындалатын әндер тобына жатады.
«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
«Қажымас дос халықта жоқ» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады. Туындыда ақын биік адамгершілік талабының деңгейінен адалдықты, әділдікті, қайырымдылықты, дос пейілділікті жақтайды, өзімшілдікті, опасыздықты, өсек-өтірікті, қулық- сұмдықты сынға алады. Өлеңнен ақынның өз заманындағы қоғам тіршілігіне араласа жүріп, көңіліне қаяу түсірген келеңсіз жәйттерден түңіле мұңайған көңіл күйі сезіледі. Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен өрнектелген. Ойлы, орамды тілмен орайын келтіріп айтқан ұтқыр да ұшқыр жыр жолдары мақал-мәтел, нақыл сөз іспетті көңілге қонымды. Туындының түпнұсқасы 1905 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбасында бар:
«Бұйда тақ та мұрныңа, Бер деседі қолыма. Жарасар ма өзіңе Иттің ерсең соңына», - деген 3-шумақ пен:
«Жақсы досың бар болып, Жанды аяған жарамас. Оңбаған дос жар болып, Ұятыңа қарамас», - деген соңғы шумақ барлық басылымдарға енгізілмеген. Сондай-ақ жинақтарға 6-шумақтың алғашқы жолы 1909 жылғы басылым негізінде: «Сыйласарлық тектінің» болып алынған. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Сақтасарлық жақсының» делініп жазылған. Өлең қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.
ІV Сабақты бекіту:
Мәнерлеп оқу. Оқушылар өлеңдерді мәнерлеп оқиды.
Ішім өлген, сыртым сау
Ішім өлген, сыртым сау, Көрінгенге деймін-ау: Бүгінгі дос – ертең жау, Мен не қылдым, япырмау?! Өз үйінде өзендей, Күркірейді, айтса дау. Кісі алдында кірбеңдеп, Шабан, шардақ және шау. Мұндай ма едің ана күн, Мұның қалай, батыр-ау? Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау. Жан қысылса, жайтаңдап, Жанды еріткен жайдары-ау. Жан жай тапса, сен неге Жат мінезсің жабырқау? Ұрлық пенен қулыққа, Байлағанда, кестің бау. Берерменде бесеусің, Аларманда және алтау. Топ болғанда көрерсің Түрлі дауды жүз тарау. Аяғында сендейлер, Көрмей жүр ме қанталау? Қайтып келер есікті, Қатты серіппе, жарқын-ау! Жетілсең де, жетсең де, Керек күні бір бар-ау.
Қажымас дос халықта жоқ
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар.
Жақсылығың күнде ұмыт,
Бір жаңылсаң, болды кек.
Пайдасынан бой суыт,
Өзі тимей жүрсе тек.
Пайда, мақтан өзінен
Артыла ма ант ұрып?
Жарыса өсек сөзінен,
Айта берсін шарқ ұрып.
Кімге достық көп еттім,
Түбі болды бір кейіс.
Жақсы өмірім әуре өттің,
Жар таба алмай бір тегіс.
Жау қожаңдап бұртайып,
Дос құбылып, әуре етер.
Кімі тентек, кімде айып,
Тексере алмай өмір өтер.
Талдау. Өлеңдерді құрылысына қарай талдайды.
І-шім өл-ген, // сыр-тым сау, 7 а Кө-рін-ген-ге // дей-мін-ау: 7 а Бү-гін-гі дос – //ер-тең жау, 7 а Мен не қыл-дым, // я-пыр-мау?! 7 а
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буынды, шұбыртпалы ұйқаспен жазылған.
Қа-жы-мас дос // ха-лық-та жоқ, 8 а
Ай-ны-мас серт // қай-да бар? 7 б
Ал-да көр-ген // арт-та жоқ, 7 а
Мыс-қыл, ө-сек, // ай-ла бар. 7 б
1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 7 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған.