- •Абайтану арнаулы курсы
- •Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
- •Абайдың отыз бесінші қарасөзі
- •Отыз бесінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •Отыз бірінші қарасөзі
- •Тоғызыншы қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Білу» теориясы.
- •«Бөтен елде бар болса» өлеңі
- •Vіі Үй тапсырмасы:
- •V Сабақты бекіту:
- •«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
- •«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
- •V Үйге тапсырма:
- •Жиырма екінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Болыс болдым, мінеки»
- •«Менсінбеуші ем наданды»
- •Менсінбеуші ем наданды
- •V Үйге тапсырма:
- •«Бойы бұлғаң» сатирасы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Қырық бірінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- •Александр
- •«Ескендір»
- •Көкпайдың
- •Онегин мен Татьяна
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Лермонтов
- •«Қор болды жаным» өлеңі
- •«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі
- •1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
- •Сен мені не етесің?
- •V Өлеңді талдау:
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі
- •V Талдау:
- •Vі Сабақты бекіту:
- •Vіі Үйге тапсырма:
- •«Қызарып, сұрланып» өлеңі
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
- •2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
- •2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың «Толық адам» философиясы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
- •Абайдың қырық үшінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі

- •Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •V Үйге тапсырма:
«Бойы бұлғаң» сатирасы
«Бойы бұлғаң» - Абайдың 1893 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 8 шумақтан тұрады, барлығы 54 жол. Туынды – ақынның өз кезіндегі халқының жай-күйіне, замана ағымына жасаған барлау-шолуы, тозған елдің тоқыраған тағдырына деген ауыр күрсінісі, азған адамдарына деген көз жасына толы шағымы, ел үшін қорланған ақынның «аһ» ұрған үні, кеудесін қақ айырған қайғысы. Ел қамын ойлауды азаматтық борышым деп білген Абай өз заманындағы бар пәле, кесір-кесапат, былық-шылықты ашына әшкерелемей отыра алмаған. Қандыауыз қанаушыларға, елді емген езушілерге, «әзір астың атасы» арамтамақтарға, бірді-бірге тасқаяқтай соғыстырған сойқанды содырларға, момын мысықтай қалғып-мүлгіп отырып, елді сорған сұрқия «сопыларға», ардан безіп, жамандыққа жанын жалдаған жалақорларға жаудай тиген. «Ас ішіп, аяқ босатудан» басқаны білмейтін надандықты, аллаға қарап аузын ашып отыра беретін жалқаулықты, етпетінен түспей ештемені ескермейтін енжарлықты өлеңдерінде өткір тілмен түйреген. «Бойы бұлғаң» - ақынның уытты шығармаларының бірі, үскідей үшкір, өткір сатира, заман, тұрмыс күйіндегі зиянды дерттерді мұрнынан тізе әшкерелеген сатира. Оның жанры – сатиралық шолу. Мұнда ақын оқырман қауымды сөзінде пәтуа жоқ сұйық суайттармен де, «күнәсізбін», «кінәсізбін» деп безілдейтін «періштелермен» де, сыртта «үзеңгі бауы алты қабат болып» шіренетін, үйіне келсең, сусын тауып бере алмайтын бейшаралармен де, тілемсектік істеп, бермесең, безіп кететін безбүйректермен де, бірді-бірге айдап сап, ел арасына от тастап, антын, арын сатқан екіжүзділермен де таныстырады. Мұнан әрі Абай ел ішінің бұзылғанын, ұрлық дендеп, өтірік гулеп кеткенін, сыпыра қу әулекілердің әні салынып, сөзі жүріп тұрғанын, әділдік айтар, бірлік іздер, жөнге сілтер, сыйласуға тұрар адам қалмағанын, бәрінің пәле қуып, батырсынып, «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» боп кеткенін әйгілейді. Осының бәрін ақын сатиралық қуатпен айтады. «Ызалы жүрек, долы қол, улы сия, ащы тілмен» сынап-мінейді. Ашынған сөздерді айналасынан түңіліп, болашағына үңіліп отырып, зармен, мұңмен жырлайды. Абай жүрегін жаралаған осындай дерттер ақынның кеудесіне жаңа бір идея дәнін тастаған. Сол дән өсіп-өніп, пісіп-жетіле келе оны айтпауға ақын жанын қоймаған. Соңдағы ой-пікірді сыртқа шығаратын шығарма тудыруға мәжбүр еткен, ақын сезімін баурап, оны шабытқа мінгізген. Осындай ынта-зар, құлшыныстың үстінде «Бойы бұлғаң» дүниеге келген. Келгенде ерекше өрнек-айшықпен, келісті пішім-бітіммен келген. Қазақтың соны тынысты жаңа әдебиетіне Абай әкелген жаңалықтардың бірі – осы туынды. Туынды 4,7 буыннан түзіліп, маржандай төгіліп, мөлдір бұлақтай сылдыр қағады. Ұйқасы -а, -а, -б, -в, -в, -б. Алғаш рет 1909 ж. Санк-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлең текстіне 1909 жылғы жинақ пен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде бірер түзету енгізілген. 7-шумақтың 3-жолындағы «іздеу» сөзі «тыныштық іздер елде жоқ» деп өзгертілген. 8-шумақтың «Аз тұтуға» деген бірінші жолы «Әз тұтуға» делініп ұғымы айқындалған. Туынды ағылшын, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт тілдеріне аударылған. Абай «Бойы бұлғаң» өлеңіне ән шығарған. 1935 жылы Ә.Ысқақовтың айтуы бойынша Л.Хамиди осы әннің бір үлгісін нотаға түсірген. Бұл әннің тағы бір түрін Б.Ерзакович 1948 ж. Қ.Лекеровтен, бөлек бір үлгісін Қ.Жүзбасов 1984 ж. Абайдың немересі Мәкен Мұқамеджанованың орындауында нотаға түсіріп алған. Мұның үшеуі де «Айттым сәлем, қалам қас» атты Абай әндері жинағына (1986) енген. «Бойы бұлғаң» әні мелодиялы-речитативті әуен арнасында құралған, дәстүрлі қара елеңмен айтылатын сарындармен тектес, тұрмыс-салт жанрындағы әндердің екпін-ырғақтарымен үңдес. Әннің 1 және 2-түрлері – ауыспалы минорлы-мажорлы ладта айтылса, М. Мұқамеджанованың жеткізген түрі – бір атаулы тектес минор-мажорлы ладта қалыптасқан. Әннің өлшемдері де әр түрлі: 2/4, 2/4, 4/4 - 1 түрі; 3/4, 3/4, 5/4, 2/4, 7/4 - 2 түрі, ал 3 түрі – біркелкі 6/8 ырғақ-өлшеммен орындалады. Әнді композитор А. Жұбанов «Абай» симфониялық поэмасына пайдаланған.
Бойы бұлғаң
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында
Тұл бойында
Еш міні жоқ бендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап,
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі – ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гуде-гу.
Байы – баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтқан бенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр.
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма
Сыпыра жылмаң жел буаз?
Айтты – көндім,
Алды – бердім,
Енді өкіндім – өзіме аз.
Өлеңді талдау.
2 2
Бойы // бұлғаң, а
2 2
Сөзі // жылмаң а
4 3
Кімді көрсем, // мен сонан б
2 2
Бетті // бастым, в
2 2
Қатты // састым, в
4 3
Тұра қаштым // жалма-жан. б
1 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақты, 4-7 буынды өлең.
ІV Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.