Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhastar_sayasat_kenesini_kyru.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
60.93 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 32, 332-құжат; "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 2 шiлде, N 198-199 (25170)

Қазақстан Республикасы Президентi   мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында   толық мәтiнi және республикалық    баспасөзде мазмұны жариялануға     тиiс                  

      Мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жүйесiн жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының       Президентi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң     2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығымен   БЕКIТIЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Жастар саясаты жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

3. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:

      жастарға қатысты кешендi мемлекеттiк саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және iске асыру жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау;

      Қазақстан Республикасының Президентiн жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етiп отыру;

      мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру тиiмдiлiгiне талдау жасау;

      мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.

3. Кеңестiң функциялары

      4. Осы Ережеде айқындалған негiзгi мiндеттердi iске асыру үшiн Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекет басшысына мемлекеттiк жастар саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

      2) жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жастар мәселелерi жөнiндегi ресми құжаттарын дайындауға қатысады;

      3) мемлекеттiк органдардың, жұртшылықтың, үкiметтiк емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн елдiң жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерiн талқылауға тартады;

      4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелердi шешуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға консультативтiк көмек көрсетедi;

      5) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк билiк органдарымен, үкiметтiк емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

      6) жастар саясаты мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.