Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhastar_sayasat_kenesini_kyru.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
60.93 Кб
Скачать

4. Кеңестiң өкiлеттiктерi

      5. Кеңес негiзгi мiндеттерiн iске асыру мақсатында:

      1) Кеңес құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдар мен мәлiметтердi сұратуға және алуға;

      2) өз отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi ақпаратын тыңдауға;

      3) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы мақсатта орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;

      4) ғылыми мекемелердiң, бiлiм беру ұйымдарының және үкiметтiк емес ұйымдардың қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн өкiлдерiнен:       сараптау-талдау жұмысын жүргiзу үшiн сарапшылар кеңесiн;       Кеңес құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтарын құруға;

      5) жастар саясатын iске асыруға байланысты мәселелердi талқылау үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердiң, сондай-ақ өзге де мемлекеттердiң ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.

5. Кеңес қызметiн ұйымдастыру

      6. Кеңестiң жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

      7. Кеңес оның жұмысына қоғамдық негiзде қатысатын төрағадан, хатшыдан және Кеңес мүшелерiнен құралады.

      8. Кеңес құрамы орталық мемлекеттiк органдардың, республикалық және өңiрлiк деңгейдегi азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкiлдерi қатарынан үш жыл мерзiмге құрылады.

      9. Кеңес төрағасы:

      1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарында төрағалық етедi. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерiнiң бiрi төрағалық етедi;

      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында Кеңес жұмысы туралы тұрақты түрде есеп бередi;

      3) Кеңестiң сарапшылар кеңесi мен жұмыс топтарының құрамын бекiтедi;

      4) Кеңес мүшелерiнiң арасында тапсырмаларды бөледi;

      5) Кеңес жұмысының жоспарларын бекiтедi, Кеңес отырыстарының күн тәртiбiн айқындап, хаттамаларына қол қояды;

      6) Кеңес мүшелерiнiң Кеңес қызметiн жетiлдiру және оның құзыретiне кiретiн басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде, тапсырмаларында және осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      10. Кеңес хатшысы:

      1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективадағы жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртiбiнiң жобасын енгiзедi;

      2) Кеңес жұмысының жоспарларын iске асыруға бақылауды қамтамасыз етедi;

      3) жұмыс топтарының және сарапшылар кеңесiнiң жұмысын үйлестiредi;

      4) қорытындылар талап ететiн материалдарды Кеңестiң сарапшылар кеңесiне немесе тиiстi мемлекеттiк органдарға жолдайды;

      5) Кеңес мүшелерiн Кеңестiң кезектi отырысының өткiзiлетiн орны, уақыты мен күн тәртiбi жөнiнде хабардар етедi, оларды қажеттi материалдармен қамтамасыз етедi;

      6) Кеңес отырысының хаттамаларынан үзiндiлердi өз қолымен куәландырады;

      7) осы Ережеде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      11. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi болып табылады.

      Жұмыс органы:       1) Кеңестiң қызметiн ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етедi;

      2) ақпаратты жинап-өңдеудi, жастар саясатының iске асырылуын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдайды;

      3) Кеңес құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтiк хат жазысады;

      4) Кеңес қызметiн қамтамасыз етуге қажеттi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      12. Кеңес отырыстарын оның төрағасы қажеттiгiне қарай, бiрақ кемiнде бiр жылда бiр рет шақырады.

      13. Кеңес отырыстары оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқанда, құқықтық күшi бар деп саналады.

      14. Кеңес шешiмдерi оның отырысына қатысқандар санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.       Төрағаның шешiмi бойынша Кеңес отырыстарына Парламент депутаттары, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, үкiметтiк емес ұйымдардың Кеңес құрамына кiрмейтiн өкiлдерi, ғалымдар мен тәуелсiз сарапшылар шақырыла алады. Кеңес отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.

      15. Кеңес шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. Кеңес шешiмдерi Төраға қол қоятын хаттамада ресiмделедi.

      16. Кеңес мүшелерiнiң жазбаша түрде баяндалуға әрi хаттамаға қоса берiлуге тиiс ерекше пiкiрiн бiлдiруге құқығы бар.

      17. Кеңестiң өз өкiлеттiктерiнiң шегiнде қабылданатын шешiмдерi тиiстi мемлекеттiк органдарға жолданады.

Қазақстан Республикасы  Президентiнiң      2008 жылғы 1 шiлдедегi N 625 Жарлығымен     БЕКIТIЛГЕН      

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.11.12 N 689, 2009.05.22. N 815 Жарлықтарымен.