- •Абайтану арнаулы курсы
- •Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы
- •Абайдың отыз бесінші қарасөзі
- •Отыз бесінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •Отыз бірінші қарасөзі
- •Тоғызыншы қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Білу» теориясы.
- •«Бөтен елде бар болса» өлеңі
- •Vіі Үй тапсырмасы:
- •V Сабақты бекіту:
- •«Ішім өлген, сыртым сау» өлеңі
- •«Қажымас дос халықта жоқ» өлеңі
- •V Үйге тапсырма:
- •Жиырма екінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Болыс болдым, мінеки»
- •«Менсінбеуші ем наданды»
- •Менсінбеуші ем наданды
- •V Үйге тапсырма:
- •«Бойы бұлғаң» сатирасы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Қырық бірінші қарасөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •«Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- •Александр
- •«Ескендір»
- •Көкпайдың
- •Онегин мен Татьяна
- •«Ғылым таппай мақтанба»
- •Лермонтов
- •«Қор болды жаным» өлеңі
- •«Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол» өлеңі
- •1 Шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 11 буынды, шалыс ұйқасты өлең.
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Сен мені не етесің?», «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңдері
- •Сен мені не етесің?
- •V Өлеңді талдау:
- •Vі Үйге тапсырма:
- •«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» лирикалық өлеңі
- •V Талдау:
- •Vі Сабақты бекіту:
- •Vіі Үйге тапсырма:
- •«Қызарып, сұрланып» өлеңі
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн, Иассауи ілімдері және Абай
- •1. Мәтінмен жұмыс:
- •1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.
- •2. Қ.А.Иассауидің хикметтерін мәнерлеп оқу, талдау:
- •2. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Жүсіп Баласағұн «Жуанмәртлік», Иассауидің «Хал ілімі» және Абайдың «Толық адам» ілімінің арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер және дәстүр жалғастығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың «Толық адам» философиясы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. «Лай суға май бітпес қой өткенге», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың жетінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың отыз сегізінші және қырық үшінші қара сөзі
- •Абайдың қырық үшінші қара сөзі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •«Осы үш сүю болады имани гүл» өлеңі

- •Абай өлеңдерінің тілі және қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абай мектебінің қалыптасқан дәстүрі, жаңашылдығы, прогрессивті мақсат-мүддесі
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •Абайдың ақын шәкірттері: Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әсет, Әріп, Әубәкір
- •V Үйге тапсырма:
- •2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
- •3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
- •V Үйге тапсырма:
V Үйге тапсырма:
Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.
VІ Бағалау: оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Тексерілді:
Күні: 23.11.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың жиырма екінші қара сөзі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Абайдың қара сөздері, жиырма екінші қара сөз жайлы толық түрде мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру;
2. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу;
3. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, «Қара сөздер» жинағы.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
«Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ» өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Өлеңдерді құрылысына қарай талдау.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Абайдың қара сөздері, жиырма екінші қара сөзі жайлы түсіндіремін. Абайдың бұл қара сөзі 1894 жыл жазылған.
Жиырма екінші қара сөзі
Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым.
Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп, ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен, өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр.
Мырзаларды қадірлейін десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергіш мырза иттен көп. Біреу бір пайдама келтірем деп мырза болып жүр. Біреулер к...не құрым киізді тұзға малшып тыққан соң есі шығып, мырза болып, еріксіз кім болса соған талтайып емізіп жүр.
Болыс пен биді құрметтейін десең, құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пенен биліктің ешбір қасиеті жоқ.
Мықтыны құрметтейін десең, жаманшылыққа елдің бәрі мықты, жақсылыққа мықты кісі елде жоқ.
Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдің бәрі де есті.
Ғаріп-қасар бишараны құрметтейін десең, жатқан түйеге міне алмаса да, ол момындыққа есеп емес. Егер мінерлік жайы болса, бірдемені ептеп ілерлік те жайы бар.
Енді қалды қу мен сұм, олар өзі де қуартпай, суалтпай тыныштық көрер емес.
Жә, кімді сүйдік, кімнің тілеуін тіледік? Өзі құрттанып шашылған болыс-билер тұра тұрсын. Енді, әлбәттә, амал жоқ, момындығынан «Ырыс баққан дау бақпас» деген мақалмен боламын деп, бергенінен жаға алмай, жарымын беріп, жарымын тыныштығымен баға алмай, ұры, залым, қуларға жеміт болып жүрген шын момын байларды аямасаң һәм соның тілеуін тілемесең болмайды. Сонан басқаны таба алмадым.
ІV Сабақты бекіту: сұрақ қою арқылы өтілген сабақты бекітемін.
Абай бұл қара сөзінде не туралы айтады?
Байды қадірлемеуіне не себеп?
Мырзаларды қадірлемеуіне не себеп?
Болыс пен биді қадірлемеуіне не себеп?
Мықтыны қадірлемеуіне не себеп?
Естіні қадірлемеуіне не себеп?
Ғаріп-қасар бишараны қадірлемеуіне не себеп?
Кімді сүйіп, кімнің тілеуін тіледі?