Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.48 Кб
Скачать

47.Нақты мысалда өз басшыңыздың беделін анықтау.

Жұмыс барысында басшының беделі қалыртасады. Бедел тек лауазымдық жағдайымен ғана емес, сонымен бірге нақты біліммен, еңбекпен және адамдарға ұқыпты қатынаспен, түсінікпен келеді. Бедел (авторитет) – бұл белгілі әлеуметтік роль, онымен қоршағандарының белгілі үміттенулері байланысты. Басшы беделінің шарттары: - Жаналық пен прогрессивтіктің және оларды өндіріске енгізу ынтасыныңғ болуы. - Жұмыскерлік, дербестік және қайсарлық. - Әділдік және принциптік. - Тапсырылған жұмысқа жауапкершілігі. - Сыйлау мен адамдарға деген әділдікті және талапты үйлестіру. - Байсалдылық, шыдамдылық, өзін-өзі сынауы. - Мәдениеттілік пен дұрыс басқару стилін меңгеру. - Адамдарға сену, сенім арту. - Беделділік шын болуы мүмкін, сонымен бірге өтірік те болуы мүмкін. Өтірік беделдің қалыптасу жолдары: - Ағайыншылық (тумалық, жерлестік) бедел. Мұндай бедел ұжымда «өзіміздікі» болуға, сенімге енуге ұмтылыс нәтижесінде қалыптасады. Ол (мұндай бедел) ұжымды түгелдей бағындыруға бағытталмайды. - Әкімшілік бедел (коммуналдық бедел) – ол басшының жеке сапалық ерекшеліктеріне негізделген және құр әкімшілік стильді білдіреді. - Сатып алу беделі – басшы өзін жақтайтын, тыңдайтын қызметкерлермен қоршауының нәтижесі. - Қорқыту беделі – сын көзқарастарды, ойларды басу айтылғанды ешқандай ойсыз орындату жағдайын қалыптастыру. - Басшыдан қорғану беделі - өзінің кәсіптік, мамандық деңгейінің нашарлығы байқалып қалатын жағдайлардан қаш

48.Шешім қабылдау мазмұны мен түрлері.

Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау - басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез- келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шім қабылдаудан басталады. Кәсіпорындардың, ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижешесі басшының дер кезінде шеім қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуін, ал оның жеделдігі мен дұрыстығын басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны, адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиын болмайды.Басқарушылық шешімнің түрлері: - белгілі жағдайдағы шешім; - белгісіздік жағдайдағы шешім –тәуекелге бару. Мексон бойынша шешім қабылдаудың үш түрі бар. 1. Ұйымдастырушылық шешім а)бағдарланған; б)бағдарланбаған Ұйымдастырушылық шешім қабылдаудың негізгі екі бағыты бар: -жеке; - топтық; 2. Интуивтивті шешім 3. Рационалды шешім Нарықты экономикаға өту кезеңінде ұйымдарда өндірістік процесстер мен əлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың күрделілігі соғұрлым алуан түрлі шешімдер қабылдау қажеттігін туғызады. Алайда кейбір елеулі белгілерді пайдалана отырып‚ басқарушылық шешімдеоді жүйе-жүйеге жіктеп‚ олардың негізгі түрлерін бөле көрсетіп‚ сипаттауға болады.Жоғарыда аталған басқару шешімдерінің түрлерімен басқада шешім түрлері əртүрлі белгілері арқылы бөліп көрсетуге болады. Шешiмнің түрлерi 1. Шешiм объектiсi бойынша -мақсатқа немесе құралға бағытталған;-құрылымдық (жағдайлық);2. Алғашқы ақпараттардың сенiмдiлiгi бойынша-ақпаратқа (қажеттi, жеткiлiктi);-жинақталған ақпаратқа (тəуелдiлiкке негiзделу);3. Шешiм мерзiмi бойыншf-ұзақ мерзiмдi; орта мерзiмдi, қысқа мерзiмдi; 4. Басқарушы иерархиялық құрылымымен байланысы бойынша -стратегиялық; тактикалық, оперативтiлiк; 5.Қайталануы (жиiлiгi) бойынша -кездейсоқ (бiрреттi) ; рутикалық (қайталанатын); 6.Жеткiлiктiлiгi (объектi деңгейiне) бойынша -жалпы (жалпы жүйелiк) ; -жеке (азмаматдандырылған). 7.Шешiм қабылдау процессiнiң сипаты бойынша - бiрiккен; - кезектi; 8.Шешiм қабылдау сипаты бойынша -жеке дара (жеке); топтық (ұжымдық); -дискурсттық (ойдан құралған); -интуктивтi (ойша); 9. Бағдарламау мүмкiндiгi бойынша -бағдарланған; - бағдарланбаған; 10. Мəлiметтердi өзгерту есебi бойынша -қатты; икемдi; 11. Тəуелдiлiк дəрежесi бойынша -автономиялы; қосалқы; 1.Күрделiлiгi бойынша - жай; - орта күрделiлiк; - күрделi. Шаруашылық жүргізетін жүйелердің барлық буындарында қабылданатын шешімдердің оңтайлылығына аса үлкен көңіл бөлуді қажет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]