- •25.Ұйым жетекшісі. Билік және ықпал ету.
- •29.Лидерлік типтері: жеке қасиеттер тұрғысындағы мінез-құлықтық және ситуациялық әдістер.
- •30.Шиеленіс түрлері және оларды шешудің жолдары.
- •31.Тиімді жоспарлау .
- •32.Қарым қатынас құру элементтерін сипаттау.
- •35.Ақш пен еуропалық басқару принциптеріне салыстырмалы сипаттама беру.
- •36.Туристік ұйымда бақылау жүргізу түрлері
- •Бақылау технологиясы
- •37.Персоналдың кәсіби дамуы мен қозғалысы
- •38.Дельфа, «ми шабуылы» техникаларын қолдану арқылы шешім қабылдау моделін құру.
- •39.Қарым-қатынас формалары.
- •40.Ұйымдастыру жүйе ретінде.
- •42.Өкілеттіліктер және билік.
- •43.Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Сыртқы және ішкі ортаны бағалау және талдау.
- •45.Адамдар арасындағы қарым-қатынастар мектебі.
- •46.Табыстау, өкілеттілік табыстау түрлері.
- •47.Нақты мысалда өз басшыңыздың беделін анықтау.
- •48.Шешім қабылдау мазмұны мен түрлері.
- •49.Басқару ғылыми мектебінің қалыптасуы.
- •51.Персоналды бағалау әдістеріне сипаттама.
- •53.Келіссөз жүргізу әдістерін көрсетіңіз.
- •54.Коммуникациялар. Коммуникациялар процесі. Басқару тиімділігі.
- •55.Әлеуметтік-психологиялық басқару әдісі.
- •57.Ғылыми басқару әдістері.
- •58.Менеджерге қойылатын талаптар.
- •60.Д.Макгрегор х және y теорияларына сипаттама.
- •61.«Ынталандыру» түсінігінің мағынасы мен эволюциясы.
- •62.Паушалды тур ерекшеліктерін анықтау.
- •65.Ресми және бейресми топтар.
- •66.Шешім қабылдау процесі, оның әдістері.
- •67.Басқарушылық шешімдер түрлерін сипаттап, жіктеу жасаңыз.
- •68.Туркәсіпорын түсінігі, оның мақсаты.
- •69.Басқарудың экономикалық әдістері.
- •70.Өз басшыныңыздың басшылық стилін анықтау.Түсініктемелер беру.
- •71.Басқару деген не?
- •72.Стратегияның мәні. Оның түрлері.
- •73.А.Маслоудың мотивацияның мазмұндық теориясының сызбасын түсіріңіз.
- •74.Ұйымдастырушылық құрылым типтеріне сипаттама беру.
- •76.Бейресми ұйымдардың құрылуы себебін анықтау жолдары.
- •77.Жетекші және оның менеджерден айырмашылығы.
- •78.Өз ұйымыңызда күту және әділеттілік теориясын қолданып көру. Алынған нәтижелерді талқылау.
- •79.Үлестіру-ұғымы, элементтері, міндеттері.
- •80.Шиеленістің төрт типінің біріне жағдайлық мысалда сипаттама беру.
- •81.Стратегиялық жоспарды құрастырудың әдістері.
- •82.Бейресми топтарға кіру себептері.
- •83.«Хоторн әсері» әдісі нақты жағдайда қолдану
- •84.Мәселені тиімді шешудің кезеңдері.
- •85.Басқару ғылымының жалпы модельдері.
- •86.Стрестің табиғаты. Стресстік реакция моделін ойластырып, түсіндіру.
- •87.Ұйым құрылымы және оны құрастырудың тәсілдері.
- •88.Туристік ұйымның жоспарлаудағы ішкі ортасын талдау
- •89.Ынталандырудың саяхат мотиві топтары бойынша нақты жағдайлық мысал келтіру.
- •90.Бюрократиялық басқару стилі.
- •91.Формальді және формальді емес ұжымдар қалыптасуының механизмі.
- •93.Ғылыми басқару мектебі (1885-1950).
- •94. Басшы деген кім? Басшының функциялары.
- •95.Жетекшіліктің автократтық, демократтық, либералдық стильдеріне салыстырма жүргізу.
- •96.Басқарудың ғылыми мектебі (немесе сапалық тәсіл).
- •97.Ұйым жетекшісі. Билік және ықпал ету. Билік формалары.
- •98.Басшы мен бағынушылар билігінің балансын құру.
- •99.Менеджмент және кәсіпкерлік.
- •100.Адамдарға басшылық етудің әдістері.
- •101.Алғашқы және екінші ретті қызметтер көрсететін кәсіпорындар мысалын келтіру.
- •102.Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері. Ішкі ортаны бағалау және талдау.
- •103.Туристік ұйымның жұмысын ұйымдастыру тәсілдері.
- •105.Басқарудың объекті мен субъекті. Басқарушы еңбегінің пәні, өнімі мен құралдары.
- •106.Коммуникациялар түрлері. Әңгімелесу типтері.
- •107.Маслоу,Мак Клелланд, Герцбергтің мотивацияның мазмұндық теориясын салыстыру.
- •108.Г.Фордтың басқаруға қосқан үлесі.
- •110.Іскерлік әңгімелесулер мен кеңестерді өткізу технологиясы сызба түсіру.
- •111.Қарым- қатынасты ұйымдастыру технологиясы
- •112.Хоманс моделі мысалдық жағдайы
77.Жетекші және оның менеджерден айырмашылығы.
Көшбасшы (лидерлік, жетекшілік).Әлеуметтік психологияда шағын топтағы көшбасшылар деп, мақсатка жету мақсатында топқа жетекшілік ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым қатынас орнататын адам қызметін айтады.Көш басшылық (лидерство) - топты мақсатына жетелейтін адамның ұйымдастырушылық іс-қызметтерінің процесі. Көшбасшының екі түрі болады: 1. Инструменттік көшбасшы - адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жүмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді. 2.Эмоционалдық көшбасшы — бұл маңдай алды жақсы адам.
Лидерлік -бұл ұйымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал жəне əсер ету қабілеті. Оның көмегімен бір тұлға топтың мүшелеріне əсер ете алу процессі болып табылады. Ұйым басшысы -бір уақытта лидер болып табылатын жəне өзінің бағыныштыларымен тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты -ұйымға берілген жұмысты‚ тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау‚ оларға ықпал‚ əсер ете білуі.Лидерлік -бұл жеке адамдарға немесе топтарға əсер ету қабілеттілігі жəне оларды ұйым мақсаттарына жету үшін күш-жігерді бағыттау немесе жұмыс процессі болып табылады.
Менеджер. «Менеджер» - бұл жауынгер, оның үрейленуге жəне қателесуге қақысы жоқ, өзiнiң жеке мүддесiн фирма мүддесiне бағындыра бiлуге, өзiнiң жанұясы - фирманың гүлденуi үшiн күресуге əзiр болуға тиiс.
.Менеджер табиғатына Ф. Друкер өзінше сипаттама бердi. Оның пiкiрiнше, менеджер арнайы 2 мiндеттi
атқарады жəне де бұл мiндеттер кəсiпорын iскерлерiнiң ешқайсысында жоқ. Оның бiрiншiсi - қолда бар ресурстардан «нағыз тұтас» өндiрiстiк бiрлiк құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижерына ұқсас. Алайда дирижердың қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны түсiндiрiп берумен шектеледi, ал «менеджер» əрi композитор, əрi дирижерлiк қызметтi атқарады. Екiншi мiндетке - кез келген шешiмдi қабылдап, iс-əрекетiне кiрiскенде бүгiнгi талапты ескерумен қоса кəсiпорынның болашағы, перспективасы туралы да ойланып - толғануы жатады. Əрбiр менеджерге - деп атап көрсетедi Ф. Друкер, - өзiнiң басқару мiндетiне жатпайтын көптеген iстердi атқаруына тура келедi. Алайда барлық менеджерлер үшiн, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет мiндеттері болады.
Бiрiншiден, менеджер кəсiпорынның мақсатын көздейді, сол мақсатқа жету үшін не iстеу керектiгiн ойластырады, адамдарға нақты мiндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
Екiншiден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелi түрде бөледi, қажеттi ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердiң тиiстi құрамын iрiктейдi т.б.
Үшiншiден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етiп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз iсiне жауапкершiлiкпен қарайтын адамдардан құрады. Бұл үшiн қолда бар барлық мүмкiндiктi, сыйлық беруді, марапаттауды, жоғары қызметке тағайындауды, т.б.
78.Өз ұйымыңызда күту және әділеттілік теориясын қолданып көру. Алынған нәтижелерді талқылау.
Күту теориясы.Күту теориясы Виктор Врумның жұмыстарымен байланыстырылады. Күтуді берілген тұлғаның белгілі – бір ықтимал оқиға баға беруі деп қарастыруға болады. Барлық адамдар болашақтан бір нәрсені күтеді. *Мысалы: колледжді бітіргеннен кейін ең жақсы жұмысқа тұру. Егер жұмысты жақсы істесе қызмет бабымен өсу. Мотивацияның күту теориясын анықтау барысында маңызды 3 байланысты ата кеткен жөн: Еңбек шығындары – нәтиже; нәтиже – марапатты, және валенттілік. Еңбек шығындары – нәтиже қатынасында күту – бұл жұмсалған күш жігермен алынатын нәтиже арасындағы нәтиже арасындағы қатынас. Мысалы: коммивоятор аптасына 10 адамға артық телефон соқса, онда сату көлемі 15% өседі деп күтеді. Егер ол басшылар талап еткен барлық есеп берулерді жазса. Заводтағы жұмысшы аз шығынмен сапалы өнім жасаса, өзінің дәрежесін өсуін күтеді. Әрине мысалдағы адамдар өздерінің іс-әрекеті үшін келешіктен ешнәрсе күтпеуі де мүмкін. Егер адамдар жұмсалған күш жігерімен нәтиже арасында тікелей баланыс жоқ екенін сезетін болса, күту теориясына сәйкес мотивация бәсеңдей түседі. Күту теориясында мотивацияны анықтайтын 3-ші фактор – бұл валенттілік немесе марапат бағалығы валенттілік – белгілі – бір марапат алу нәтижесінде қанағаттану немесе қанағаттанбау деңгейі. Түрлі адамның қажеттілігі түрлі болады және марапаттардың деңгейінде әртүрлі болады. Қол жеткен нәтиже үшін жасалған марапат біреуге маңызды болса, біреуге ол тіпті қажет емес. Егер мотивацияны анықтайтын 3 фактордың кез-келгенінің біреуінің кемістері мотивацияны және еңбек нәтижесін төмендетеді. Осы факторлардың арақатынасының келесі формула арқылы көрсетуге болады (ол 5 кестеде көрсетілген).
Әділеттілік теориясы. Алға қойған мақсаттға жету барысында адамдардың өз күш жігерлерін бөлуін және сол мақсатқа бағыттауын түсіндіретін тағы бір нәрсе ол әділеттілік, теориясы. Әділеттілік теориясының мәні: адамдар жұмсаған күш жігерімен алынған нәтиже үшін берілген марапатты дәл осындай жұмыс істеп марапат алған басқа адамдармен салыстырады. Егер салыстырулар дисбалансты және әділетсіздікті көрсетсе, онда адамда психологиялық күйзеліс пайда болады. Нәтижесінде осы қызметкерлерді мотивациялау қажет, күйзелісті жойып дисбалансты әділетті деңгейде орнату керек. Әділеттілік теориясының басқару тәжірибесіне берген негізгі қорытындысы: Адамдар әділетті сыйақы алмайынша олар еңбек интенсивтілігін төмендете береді. Бірақта әділеттелікті қабылдау мен бағалау абсалютті емес, салыстырмалы сипаттылық. Адамдар өздерін дәл сондай жұмыс істейтін өзінің әріптестерімен немесе басқа да ұйым жұмысшыларымен салыстырады. Өзін марапаттау деңгейін әділетсіз деп санайтын адамның еңбек өнімділігі төмендейтіндіктен оған мұндай айырманың себептерін айтып түсіндіру керек. Мысалы жоғары жалақы алатын әріптестің табыс деңгейінің көп болуы себебі оның тәжірибесі көп және тиісінше өнімділігі жоғары. Егер айырма еңбек тиімділігіне байланысты болса, онда қызметтерге жұмыс жақсы істелінсе ол да сондай дәрежеде марапатталатындығын түсіндіру керек.
