Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.48 Кб
Скачать

84.Мәселені тиімді шешудің кезеңдері.

Ұтымды шешiмдер. Олар объективтi-аналитикалық процесстердiң көмегiне негiзделген. Ұтымды шешiмдер бес кезеңнен тұрады. Ұтымды шешiмдер бес кезеңнен тұрады, дегенмен кезеңнiң саны проблеманың өзiне байланысты болып келедi

1 кезең. Проблеманы диагностикалау. Бұл проблеманы шешу жолындағы бiрiншi қадам. Проблеманың шығу себебiн анықтау үшiн қажеттi iшкi жəне сыртқы хабарламаны жинап талдау керек. Мұндай хабарламаны формальды емес негiзгi əдiспен жинауға болады. Мысалы ұйымның сыртында рынокты талдау, ал ұйымның iшiнде қаржылық есептi компъютерлiк талдау арқылы қолдануға болады. Хабарламаны бейресми əдiспен жинауға болады. Мысалы қалыптасқан жағдай туралы сұхбат жүргiзу арқылы немесе жеке бақылау

жұмысын жүргiзу арқылы. Хабарламаның санының ұлғаюы шешiмнiң сапасын арттыра бермейдi. Сол себептен бақылау жүргiзгендер релевантты жөндi жəне жөнсiз хабарламаның айырмашылығын бiлiп тұрудың маңызы зор. Релевантты хабарлама (релевант- iске қажеттi) -ол нақты проблемаға, адамға, мақсатқа, уақыт

мезгiлiне қатысты мəлiметтер.

2кезең. Қабылданатын шешiмдi шектеу жəне белгiлеу тұжырымдары. Барлық басқару шешiмдерiнiң маңызды шектелуi-ол жоғарғы басшы буынының барлық ұйым мүшелерiнiң өкiлеттiлiгiн тарылту болып табылады.

Басқарушы шешiм қабылдап немесе ол шешiмдi iске асыруы мүмкiн тек сол жағдайда егер оның

жоғарғы басшылары сондай құқық жүргiзуге өкiлеттiлiк етсе осы шектеуге қосымша басқарушыға стандартты анықтау керек. Соған қарап альтернативтi вариантты таңдағанда бағалау үшiн қажет. Бұл стандартты

қабылданатын шешiмдердiң белгiлерi деп атайды.

3кезең. Альтернативаны анықтау. Iс жүзiнде басқарушының əр альтернативаны бағалауға не тұжырым жасауға уақыты да, бөлiмi де жете бермейдi. Сол себептi басқарушы таңдау вариантының санын шектеп тек қана қажеттi дегендерiн ғана қалдырады.

4кезең. Альтернативаны бағалау. Барлық идеялардың тiзiмi жасалғаннан кейiн əр альтернативаны жеке-жеке бағалауға кiрiсу керек. Ол үшiн басқарушы əр альтернативаның жетiстiгiн жəне кемшiлiгiн анықтайды. Ол үшiн екiншi кезеңде айтылғандай стандартқа болмаса қабылданатын шешiмдердiң белгiлерiне

қарайды.

5кезең. Альтернативаны таңдау. Егерде альтернативалық шешiмдер мұхият өлшенiп бағаланса, онда таңдау немесе шешiм қабылдау қиынға соқпайды. Нарықты экономикаға өту кезеңінде ұйымдарда өндірістік процесстер мен əлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың күрделілігі соғұрлым алуан түрлі шешімдер қабылдау қажеттігін туғызады. Алайда кейбір елеулі белгілерді пайдалана отырып‚ басқарушылық шешімдеоді жүйе-жүйеге жіктеп‚ олардың негізгі түрлерін бөле көрсетіп‚ сипаттауға болады.Жоғарыда аталған басқару шешімдерінің түрлерімен басқада

шешім түрлері əртүрлі белгілері арқылы бөліп көрсетуге болады.

85.Басқару ғылымының жалпы модельдері.

1 Модельдерді ойластыру және қолдану арқылы күрделі басқару проблемаларын түсінуді тереңдету.

2 Күрделі жағдайда шешім қабылдайтын басшыларға жәрдем ретінде сандық тәсілдерді дамыту.

Шет елдердегі басқару теориясының барлық мектептері зерттеу тақырыптары мен тәсілдерін іздестіру үстінде. Соңғы он жыл шамасында менеджмент әр түрлі мектептердің жетістіктерін біріктіреді, ал қазіргі кезде экономика ғылымының , социологияның , психологияның ,кибернетиканың, жүйелер теориясының және шешеімдер қабылдаудың табиғи жиынтығы болып саналады. Тиімді менеджмент қазіргі ғылыми техникалық ревалюция ағымында ерекше болады. Өйткені , сыртқы әлемдегі үдемелі және күрделі өзгерістерде , күн сайын шиеленісіп отырған бәсекелестікте,менеджменттің рөлі зор. Менеджменттің алуан түрлі тәсілі мен қызметі бар. Бірақ практикасының көрсеткендей , ең тиімді тәсілдерінің бірі -әкімшілік талап ету шаралары.Толып жатқан қызметтерден жалпылама ұсынылатыны :мақсат қою, болжамдау, жоспарлау, үйлестіру, реттеу, есептеу, талдау,бақылау. Даму қызметінің да ерекше маңызы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]