Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Menedzhment_2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.48 Кб
Скачать

31.Тиімді жоспарлау .

Тиімді жоспарлаудың негізгі қағидалары:

1.Тиянақты шешім стратегиясының 10 қозғаушы күші бар:

1.жаңа нарықтарды іздестіру;

2.жаңа өнімдер мен қызметтерді ойластыру;

3.тұтынушылар үшін сервисті жақсарту;

4.технологияларды ойластыру;

5.өнім мүмкіндігін жақсарту;

6.өнімнің сапасын жақсарту;

7.тарату тәсілдерін жақсарту;

8.табиғи ресурстарды молайту;

9. өндірісті,өсімді ұлғайту;

10. күрделі қаржы мен пайданың қайтарымын молайту.

2. Тәуекел стратегиясының басты ерекшелігі – ең жақсы мамандарды таңдау олардың дамуына әсер етеді. Бұл стратегия басшы қызметкерлерді басқару мәдениеті жоғарғы деңгейде болған жағдайда ғана тәуекел стратегиясы жүзеге асырылады. Ең басты маңызы – адам үлесі.

3. Менеджмент идеясының стратегиясы пайда болғаннан бастап, оның прототипі іздестіріледі. Яғни ұқсас, ойластырылған қызмет, өнім пайда болады. Стратегиялық идеяны жүзеге асыру үшін шығармашылық ойлау негіздерін меңгеру керек.

4. Стратегия әсерлігі – жұмыс жасау қалпын сақтау үшін стратения қолданылады.Басқаша айтқанда жақсы спорттық нышанда болу, әрі көңіл-күйдің көтеріңкілігі.

5. Жеңілдету стратегиясы – басқару құрылымын оңайлату, барлық жағдайды мүмкіндігіінше қарапайым қалпында сақтап тұру, төрешілдікке(бюрократизмге жол бермеу). Жеңілдету стратегиясы жоғарғы басшылар тарапынан басқару мәдениетінің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді, тек сонда ғана олар өзінің қармағындағылармен тиімді қарым-қатынас орнатады.

6. сапа стратегиясы – жұмысты арттыру себептері, ұжымдар, қызметкерлер жасайды. Еңбек өнімділігін арттыру сапа арқылы қамтамасыз етіледі.

7. Адалдық, берілгендік стратегиясы – жекелеген қызметкерлердің қойылған мақсатты түсінуіне және өз еркімен жүзеге асыруына жәрдемдесу әрі қызметкерлердің фирмаға адал, шын берілгендігін талап ету. Жапондарға тән стратегия, яғни мысал ретінде олардың бір кәсіпорында 40-50 жыл жұмыс істеуін айтуға болады.

8.Ынтымақтастық стратегиясы – барлық қызметкерлердің шешім қабылдауға қатысуы.

32.Қарым қатынас құру элементтерін сипаттау.

Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас деп аталатын процесс - аса кең және сиымды түсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербалды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. «Әлемнің кең алқабында коммуникация алып аспан денелерін бір-бірімен байланыстырады деген жорамал бар және Лермонтовтың «жұлдыз жұлдызбен тілдеседі» деген метафорасы осылайша жаңа күтпеген мағынаға ие болады». Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты); 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Қарым-қатынас сан алуан сипатта; оның көптеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар карым-қатынасының жекеше түрі. Оған осы өзара әрекет формаларының жалпы қасиеттері де, білім беру процесіне тән қасиеттері де лайық. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынасты анықтамас бұрын, алдымен қарым-қатынасты жалпы феномен ретінде сипаттаушыларды қарап шығайық. Сөз, сөйлеу, елдің алдына шығып сөйлеу, сөйлеушінің тыңдаушыға әсер ету өнері, екі ғасырдан астам байырғы тарихқа ие екені белгілі. Осы проблеманың көптеген маңызды сұрақтарын, жалпы түрде, тіпті Цицеронның өзі қойып, қарастырған. 

33.Іскерлік келіссөздер. Іс  келіссөөздері – екі жақ бірдей қызығушылығы бар жағдайда адамдар арасындағы белшілі бір нәтиежеге, келісімге келу қарым – қатынас құралы. Келіссөздердің өткізілу этаптары олардың тиімділігінің  өсуіне алып келеді, олар келесідей  этаптардан тұрады:

  • Іскерлік келіссөздердің анализ қорытындысын жасау

  • Мәселелерді шешу (келіссөздердің аяқаталуы)

  • Келіссөзге дайындалу

  • Келіссөзді өткізу

Келіссөзді дайындау

  • Нақты мәселені ұғыну;

  • Алдын-ала келіссөздің жүру жоспарын құру;

  • Жол беретін және бермейтін жерлерді айқындау;

  • Қызу дау туғызатын компромисстердің жоғарғы және төменгі деңгейңн анықтау;

Келіссөздер алдында оның моделін білу қажет:

  • Өзіңіздің берілмейтініңізді білдіру моменті, жағымсыз жағдайлардан сәтті шыға білу

  • Келіссөздердің қиындығына байланысты жасалу проектілерін, алдын ала бағдарламар жасау

  • Талқыланатын мәселені нақты білу, себебі келіссөздер инициативасы кім мәселені жақсы түсінеді соған байланысты.

  • Өзіңізге дискуссия, дау туғызады деген сұрақтардың, компромисстік жоғары және төмен деңгейін анықтау

Жоғарыда аталға модельдің  іске асуы, келіссөзге дайындық үрдісінде  келесі сұрақтар қамтылса жүзеге асады:

  • Мақсаты

  • Серіктесін анықтау

  • Мәні

  • Ұйымдастыру

  • Жағдай және шарттары

Келіссөздерді өткізу. Менеджмент теориясында іскерлі келіссөздерде келесі негізгі әдістер қолданылады:

  • Вариационды әдіс – күрделі келіссөздерде қолданылатын альтернатив кең түрде барлық болатын жағдайларды ескеру, нақты және шын бағалай білу;

  • Интеграция әдісі – серіктесті келіссөздің проблематикасын бағалауда, қоғамдық өзара байланыстылықты, интеграцияның қажеттілігін сезіндіру;

  • Тепе – теңдік әдісі – дәлелдеме, аргументтерді анықтап, мәселеге серіктестің көзімен қарап көру және оны өз аргументтеріңізде қолдану;

Келіссөздің аяқталуы

Келіссөз  барысы позитивті болса

    • Қысқаша түрде нгеізгілері қайталау

    • Екі жақты келісімге ісер еткен сәттерді сипаттау

    • Позитивті нәтиежелер негізінде жаңа кездесулердің перспективасын талқылау

Келіссөз  барысы негативті болса

    • Келіссөз серіктесімен субъективті байланысты сақтау

    • Негативті орын алған жағдайларда қорытынды жасауға ұмтылмау

    • Басқа да мүмкін болатын қызығушылықтарды табу, бұл қалыпты жағдайды өзгертеді

Келіссөздердің  қорытынды анализі келесі мақсатта болад

34.Басқару эмпирикалық мектебінің қалыптасуы. Басқару ғылымы мектебінің қалыптасуының алдындағы кезеңде тәжірибені тек түсіндіре алатын ғана емес, сонымен бірге басқарушыларға әрекеттерді жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар бере алатын басқару теориясы құрылған еді. «Принциптердің», «өсиеттердің», «ережелердің», «еске салулар» және т.с.с. көптеген саны жасалып шығарылды. Бірақ олардың көбінесе абстрактылы және тәжірибеде қиын қолданылатын болғандықтан басқарушылар бұл кеңестерді пайдалануды әрқашан қолға ала бермеді. Теорияның жеке қағидалары тек ғылыми құндылықты көрсетті. Бұл зерттеулерді көбінесе аз толғандырды. Басқару проблемаларына деген бұндай көзқарас эмпирикалық көзқарас аталып кетті. Оның басты мазмұны басқару тиімділігінің адамдарды басқару қабілетіне байланысты деген тұжырымдама болып табылады. Басқару ғылымы мектебі өз зерттеулерінде эмпирикалық көзқарас негізінде қалыптасқан үш методологиялық көзқарасқа – жүйелік, үрдістік және ситуациялық – сүйенеді. «Эмпирикалық» мектеп. Практикалық тәжірибелерді оқып-білуге негізделген маңызды зерттеулерді П.Ф.Друкер, Г.Дэвис, Х.Дейл, А.Слоун (кіші), Л.Эппли, А.Чандлер, Э.Петерсон, Э.Плоумен. А.Коул. А.Свенсон, У.Беннис, Т.Ливитт және т.б. жүргізді. Олар өз жұмыстарында алдыңғы екі көзқарасты қосты: классикалық және «адамдық қатынастар» тұрғысындағы көзқарастар. «Эмпирикалық» бағыттағы ғалымдар негізінен американ компанияларымен тікелей байланыста болған ірі менеджерлер болды. Мысалы, П.Ф.Друкер – Нью-Йорк университеті жанындағы Бизнестің Жоғары мектебінде менеджменттің профессоры мен «Дженерал Моторс», «Крайслер» «IBM» секілді ірі фирмалардың басқару және «іскер саясат» сұрақтары бойынша кеңесшісі; А.Чандлер–Массачусетс Технологиялық иститутының профессоры; Р.Дэвис – профессор, Огайо университетінде менеджмент факультетінің деканы; Э.Дейл – «Э.Дейл ассошиейтстің» президенті және бірқатар ірі американ фирмаларының кеңесшісі. Бұл мектептердің арасында экономистер, әлеуметтанушылар, психологтар, инженерлер көптеп кездеседі. Олардың кейбіреулері ірі кәсіпорындарды басқарады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]