Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘК Оқулық ЭТН КҚФ қ 2к 21.01.2014.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

Техникалық еңбек бөлінісі

Техникалық еңбек бөлінісі – бұл табиғат арқылы қолданылатын өндіріс құралдары, ең алдымен техника және технологиямен анықталатын адамдардың еңбек қызметі түрінің дифференциациясы.

Техника, технология, шикізат, материалдардың пайда болуы мен олардың өндіріс үрдісінде пайдаланылуы жаңа еңбек бөлінісінің шығуына әкелді. Ең алдымен адам табиғатымен міндеттелетін табиғи еңбек бөлінісі сияқты, техникалық еңбек бөлінісі де пайда болған жаңа техникалық құралдары, өндіріс құралдары табиғатымен міндеттеледі.

Қоғамдық еңбек бөлінісі

Ақырында, өзара байланыстары және экономикалық факторлармен (шығын, баға, пайды, сұраныс, ұсыныс, салықтар және т.б.) бірігуі әсерінен еңбек қызметінің әр түрінің жекеленуі, дифференциациясын қалыптастыратын табиғи және техникалық еңбек бөліністері арқылы сипатталатын қоғамдық еңбек бөлінісіне тоқталып кету қажет.

Қоғамдық еңбек бөлінісі түсінігі табиғи және техникалық еңбек бөліністерін бірге қамтиды, өйткені кез-келген қызмет түрінің адамнан тыс (табиғи еңбек бөлінісі) және адаммен өндіріс үрдісі кезінде пайдаланылатын материалдық-техникалық құралдардан (техникалық еңбек бөлінісі) тыс жүзеге асуы мүмкін емес. Өндірістік қызмет кезінде адамдар ескіріп қалған немесе жаңа техниканы қолданады, бірақ екі жағдайда да ол техникалық еңбек бөлінісінің сәйкесінше жүйесі ретінде аталады.

Қоғамдық еңбек бөлінісіне келетін болсақ ол өндірістің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары арқылы анықталады деп айтуға болады. Мысалы, фермерлер нақты бір жер учаскесіне ие бола отырып, бір мезгілде өсімдік өндірісімен және мал өндірісімен айналысады. Алайда, жинақталған тәжірибе мен экономикалық есептеулер көрсеткендей, егер олардың бірі жем өсіру мен дайындауға маманданған болса, ал келесі біреулері тек жануарларды жемдеумен айналысатын болса онда өндіріс шығындары айтарлықтай екі жақта да қысқарады. Осылай, өндіріс шығындарын үнемдеуге ет және малшаруашылығының оқшаулануы арқылы жетуге болатыны уақыт өте келе анықталып отыр. Осыған орай өсімдік өсірудің оқшаулануына орай ет және сүтке бағытталған еңбек бөлінісі пайда болады.

Тарихи тұрғыда мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы арасындағы еңбек бөлінісі ең алдымен табиғи-климаттық жағдайлардың тікелей әсері арқылы өткен. Олардың айырмашылықтары екі жағдайда да айтарлықтай аз шығынды қамтамасыз етті. Өз қызметтерінің нәтижелерімен алмасу арқылы екі сала да табысты болып отырды. Айта кететін нарсе, нарықтық жағдайда еңбек бөлінісі қатынастары экономикалық мақсатқа сәйкестілікпен, қосымша пайда, табыс алумен, шығынды азайтумен және т.б. шешуші дәрежеде алдын-ала анықталады.

Салалық және территориялық еңбек бөлінісі

Қоғамдық еңбек бөлінісі шеңберінде салалық және территориялық еңбек бөлінісін бөліп көрсеткен жөн.

Салалық еңбек бөлінісі өндіріс жағдайларымен, пайдаланылатын шикізат, технология, техника және шығарылатын өнім сипатымен анықталады. Территориялық еңбек бөлінісі болса, еңбек қызметі алуан түрлерінің кеңістіктік орналасуымен сипатталады. Оның дамуы табиғи-климаттық жағдайлардағы ерекшеліктермен қатар, экономикалық тәртіп факторларымен де анықталады. Өндірістік күштер, көлік, байланыс қатынастарының дамуына сәйкес экономикалық факторлар басты рөл атқарады. Алайда, өндіруші сектор мен ауыл шаруашылығы саласының дамуына табиғат факторлары үстемдік етеді. Территориялық еңбек бөлінісінің өзге түрлеріне: аудандық, аймақтық және халықаралық еңбек бөліністері жатады.

Бірақ салалық және территориялық еңбек бөліністері бір-бірінен тыс пайда бола алмайды.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің бөліну үлгілеріне: түрлендіру (дифференциация), мамандану және әртараптандыру (кеңею) жатады.